Автомобиль трансмиссиясы



бет3/4
Дата05.12.2022
өлшемі170,19 Kb.
#161188
1   2   3   4
Байланысты:
9-та ырып Автомобиль трансмиссиясы мен ж ріс б лігі Д рісті жос

9.4 Карданды беріліс
Беріліс қорабының немесе тарату жетектелуші біліктерінің белдіктердің (мостардың) басты берілісін карданды беріліс жалғайды; Беріліс қорабы (немесе тарату қорабы) рамаға, ал жетекші белдіктер (мостар) рамаға асқыштар арқылы жалғанады. Сондықтан олардың біліктерінің осьтері А жене В бір түзу сызыктың бойында жатпайды және өзгеріп тұрады (сурет 9.4).



А және В-жетекші және жетектегі білік осьтері; 1-подшипниктер; 2-жетекші білік; 3,6-кардан шарнирлері; 4-кардан білігі; 5-жетектегі білік; 7-шлицалы жалғағыш
9.4 – сурет – Екі шарнирлі карданды беріліс.
Карданды беріліс бір немесе екі шарнирлі болады. Сурете екі шарнирлі карданды берілістің схемасы кел-тірілген. Жетекші (2) жөне жетекті (5) біліктердің А жөне В осьтері бір түзу сызықтың бойында жатпайды жөне автомобильдің жүріс кезінде бір-бірінен ауытқып, өзгеріп отырады. Жетекші (2) және жетекті (5) біліктер подшип-никтерге (1) орналастырылады.
Трансмиссияны жалгагыш (7) карданды біліктің ұзаруын қамтамасыз етеді, егерде бір механизмнің екінші ме-ханизмге қарағанда өзара қашыңтығы өзгерген жағдайда, мысалы, жетекші белдіктер мен беріліс қорабының аралары.
Осындай автомобиль (4, 9) біліктерді кардан (3) аркылы жалғастырады (сурет 9.5). Сондықтан бұл механизмнің осьтерінің өзара орналасуы автомобиль қозғалысында өзгеріп отырады. Қарданды беріліс, сондай-ақ алдыңғы жетекші, әрі басқарушы дөңгелектерге және жетекші басқарусыз дөңгелектерге тәуелсіз асқыштарға (5) орналасқан белдіктерге жалғанады.



а – бір білікті; б,г – екі білікті бір аралық тіреулі; в – үш білікті таратқыш қорапты; д – бір білікті ортаңгы белдіктің қосымша редукторымен; 1 – беріліс қорапты; 2 – кардан шарнирі; 3 – кардан білігі; 4,7,9 – соңғы, алдыңғы және ортаңғы жетекші белдіктер; 5,8 – аралық тіректер, 6 – таратқыш қорап, 10 –ортаңғы белдіктің қосымша редукторы.
9.5 – сурет – Карданды берілістердің түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет