«Аялаған анашым»



Дата07.03.2022
өлшемі15,9 Kb.
#134558
Байланысты:
Кошакан тобы
ааа, 6 топ серуен

«Аялаған анашым»
Балалар жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді.. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!- бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ән: «Ақ мама»
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.
Би: «Гүлдер мен көбелектер»
Тәрбиеші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық.
7-бала: Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
8-бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсаң кешірген
Шөлдедің бе,дана әжем
Шай қайнытып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем!


Ән: «Айналайын ак мамам»


Тәрбиеші: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелеріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап жіберейік.
11-бала:Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар.
12-бала:Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Қыздарға сыйлаймыз.
13-бала: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.


Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды» Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.


Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар? Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар,
Әзизәже, наздыаналар
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім. -Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар! Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз. 8-бала:Көктемдеген немене?!
Көктем деген көп жаңбыр.
Ән салып әуеде,
Қарлығаш ол бір тұрған.
Көктем деген ашылған,
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында
Жаңа туған қозы ғой
9.бала: Көктем деген балалар!
Құлыншақ қой тулаған.
Еркелеген далаға,
Құрық салған тулаған
Көктем деген қыстайғы,
Әкеміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.
10-бала: Көктемде көңілді.
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді.
Гүл ектік бақтарға,
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.

Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен көздерімізді жұмуымыз керек. Балалар көздерін жұмады. Қалытқыға бекітілген гүлдерден жасалған алаңқайды алып ортаға қояды. Ол гүлдердің артында кәмпит жасырылған. Көктем: Бір, екі, үш. Көзідеріңді ашыңдар.


Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес, тосын сыйы бар керемет гүлдер. Кәне, көрейік гүлдердің түбінде не бар екен? Гүлдердің артында жасырылған кәмпиттерді алып, балаларға таратып береді.
Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.


Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет