Баланың тұлғалық дамуы тәрбиеге тікелей байланысты. Орталықтағы тәрбие жұмысы жасөспірімнің мәдени құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибеден алған білімі мен білігінің нәтижесінде өткен істер тәжірибесінде жоқ жаңа міндеттерді шешуі мен өз-өзіне талаптар қоя білуі, тұлғаның шығармашылық жұмысқа дайындығы және зерделі белсенділігін дамытуға бағытталған.
Аймақтарда құрал-жабдықтар мөлшеріне немесе жұмыстанушы педагогтар бағытына сәйкес, белгілі бір саладағы басымдылық ерекшеліктері пайда болады.
Бөкей ордасы ауданындағы мектептен тыс тәрбие орталығында да осындай ерекшеліктер байқалады.
Орталықтың өткен жылдардағы жетістіктерін саралай келе жылдық жұмыс ішінде-ақ, бірнеше жетістікке жетіп жүрген үйірме бағдарламалары ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы №228 бұйрығымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып, үйірмеге нәтижелі жұмыс жасауға ықпал ететін жүйелі бағдарлама құрылымы негізінде жұмыстанса нәтиже айтарлықтай болмақ.
Ақпараттық қоғам тез дамыған заманда адам баласына қосымша білім беру өте қажет. Шығармашылық мүмкіндіктерін бір жақты дамыту бүгінгі күннің сұрағына жауап бере алмайды. Сол себепті жеке тұлғаның қажеттіліктерін, талаптарын орындау үшін сан алуан кәсіп үйрету маңызды: