«Шабыт» үйірмесі: жетістікке жеткізген ерекшеліктері
Түсінік хат бөлімі
Әр тақырыптың мазмұнын ашатын түсінік берілген.
Мысалдар: Шығармада кездесетін әдеби терминдер – 8 сағат
Әдеби терминдер шығарма жұмысын ұйымдастырудың бір құрамдас бөлімі.
Терминдер мен әдеби ұғымдардың көбінесе тақырыптың атауында кездесетіндігі, олардың мәнін ашу. Мысалы: «Мағжан өлеңдеріндегі символизм».
Жекелеген ұғымдардың мағынасының шығарма құрылысымен байланыстылығы (стиль, портрет, мінездеме, пейзаж, романтизм, реализм, сюжет, авторлық көзқарас, т.б.)
Шығармада жиі кездесетін қателер – 8 сағат
Стильдік қате – сөз бен оның мағынасының үйлесімділігінің бұзылуы.
Сөзді дұрыс қолданбау, оның мағынасын бұрмалау. Сөйлемдерді дұрыс құрамау.
Бір түбірлі сөздерді қатар қолдану. Бір бөлімнен екіншіге шұғыл көшу.