Өткізу кезеңдері
|
Уақыты
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Қатысушылардың іс-әрекеті
|
Сәлемдесу
Топқа бөлу
Сабақтың тақырыбымен таныстырып мақсатын ашу
|
5 минут
5 минут
|
Коуч қатысушылармен сәлемдеседі: Армысыздар құрметті әріптестер. Бүгінгі сабақтың қызықты өтуіне барлығымыз ат салысып отырайық.Аудиторияда психологиялық ахуал орнату «Арманыңыз орындалсын»
Түрлі түсті қалам таратылады.
«НИШ»-тің бейнеүзідісі арқылы бағадарламаның идеясымен таныстырады
|
Әр қатысушы арманын айтады, барлығы «арманыңыз орындалсын» деп дауыстайды.
Қалам түстері бойынша орналасады.
Қатысушылар бейнеүзінді тамашалайды
|
Ой шақыру
|
5 минут
|
І топ Мұғалім не үшін өзгеру керек?
ІІ топ Оқу мен оқытудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?
ІІІ топ Өзгеріс енгізу үшін не істеу керек?
|
Осы сұрақтар бойынша топтар постер қорғайды.
|
Териялық түсінік
|
7минут
|
Коуч 7 модульді өз сабағында қолданған тәжірибесімен бөліседі
|
Қатысушылар әр модуль бойынша сұрақтар қойып өз тәжірибесімен бөліседі.
|
Топтық жұмыс
|
5 минут
|
Коуч әр топқа «дәстүрлі сабақ» пен «жаңашыл сабақтың» айырмашылығын анықтауды ұсынады .
|
Қатысушылар сабақтың екі түріне сипаттама құрады
|
Сергіту сәті
|
3 минут
|
Коучинг 8 наурыз мейрамының қарсаңында болған соң коуч «Ана», «Әпке», «Сүйікті қыз», «Ұстаз», «Басшы» сөздер жазылған парақтарды үлестіреді.
|
Қатысушылар әр рольге байланысты құттықтау сөз айтады.
|
Сәтті сабақ
|
5 минут
|
Коуч қатысушыларға сұрақ қояды «Сіз сабақ өте қызықты өту үшін өзіңізге қандай талаптар қоясыз?»
|
Қатысушылар өз сабақтарында қоятын талаптарымен өзара бөліседі.
|
Кәсіби көмек
|
5 минут
|
Коуч мұғалімнің өз сабағын талдауға қойылатын талаптармен таныстырады
|
Жас мамандар парақтарына түртіп жазып алады.
|
Шығармашылық жұмыс
|
3 минут
|
Коуч «Заманауи мұғалім» ағашының суретін ұсынып , сол деңгейге жету үшін мұғалім қандай қадам жасау керек деген тапсырма береді.
|
І топ мүшелері сол деңгейге жету үшін тамырында не болу керек соны стикерге жазып жапсырса,
ІІ топ ағаш діңгегіне қалай даму керектігін жазса,
ІІІ топ қандай нәтиже, яғни жеміс беретінін жазады.
|
Рефлексия
|
3 минут
|
Коуч қатысушыларға әрқайсысына жеке сауалнама таратады.
|
Мұғалімдер сауалнама толтырып өз ойларын айтып, келесі коучингтің тақырыбын қажеттіліктері бойынша айтады.
|