«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі



Дата03.03.2020
өлшемі17,06 Kb.
#59396
Байланысты:
Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі

Бұл әдістемені алғаш EBBIGAUS және ZIEHEN жасаған және пайдаланған. В.М. Бехтеревтің эксперименталды-психологиялық клиникасында «аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі қиялды зерттеуде пайдаланылған. Бірнеше варианттары бар.

Педагогикалық психологияда тұлғалық бағыттылық типін анықтау үшін әдістеменің А Майерсон ұсынған нұсқасы қолданылды (1919). Оның ерекшелігі - зерттелуші сөйлемді аяқтау үшін берілген сөйлемдердің біреуін таңдау керек болатын.

A.F.PAINE – A. Rohde нұсқасында зерттелушіге 66 аяқталмаған сөйлемді толықтырып, аяқтау ұсынылады. Нұсқаулық бойынша барлық сұрақтарға ойланбастан, барынша тез және толық жауап беру қажет. Алынған мәліметтерді талдау мен интерпретациялау негізінде зерттеуші зерттелушінің қоршаған ортаға, өз және келесі жыныс өкіліне, достары, ұстаздары жалпы барлық адамдарға, өз-өзіне, өз болашағына , материалды дүниеге, заңға, тәрбиеге т.б. қатынас ерекшеліктері туралы тұжырымдама жасайды. Сонымен қатар ипохондрия, өз-өзіне қол жұмсау, шектен тыс күдікшілдік белгілері де анықталады. Bilikiewicz`(1960) айтуынша, Бұл әдістің ерекшелігі жеке және топтық зерттеулер үшін де ыңғайлы, емделушілердің жасырын, тіпті, өздері білмейтін бастан кешірулерін анықтауға көмектеседі.

Bilikiewicz айтуынша, психотерапиялық және психопрофилактикалық жұмыстарды ұйымдастыруда, сондай-ақ қоғамда психикалық науқас адамдардың орнын анықтауға байланысты әлеуметтік мәселелерді шешуде (аяқталмаған сөйлемдер) әдістемесінің маңызы зор.


  • Менің мамандығым.....

  • Болашағым......

  • Білгім келетіні....

  • Біздің отбасы.....

  • Егер де.....

  • Қорқамын, .....

  • Менің түсімде....

  • Басқа адамдар.....

  • Менің сырт келбетім....

  • Ең жақсы көретінім.....

  • Мен уайымдаймын-

  • Деп ойлағанда (когда думаю- ойлаған кезде)....

Сондай ақ аяқталмаған сөйлемдер әдістемесінің Sacks-----Sidney ұсынған нұсқасы да бар. Ол 60 сөйлемнен тұрады. Бұл сөйлемдер зерттелушінің отбасына, өз немесе басқа жыныс өкіліне, жыныстық өмірге, қызметі бойынша басшысы не бағыныштыларға қатынастар жүйесін сипаттайтын 15 топқа бөлінген. Сөйлемдегі кейбір топтар зерттелуші бойындағы қорқыныштары мен қауіптері, бойындағы кінәлілік сезіміне қатысы бар, зерттелушінің өткені мен болашағына қалай қарайтынын, оның ата-анасы, достарына қатынас ерекшелігі, оның өмірлік мақсаттарынан хабар бере алады.

Айта кететін жай, бұл нұсқаның кейбір сұрақтары зерттелушінің жыныстық өміріне қатысты болғандықтан жағымсыз сезім тудыруы мүмкін. Сондықтан да Г.Г. Румянцев (1969) емделушіге зерттеудің есте сақтау мен зейінді жаттықтыруға арналғандығы туралы ескертуді ұсынады.

Сөйлемнің әр тобы үшін осы қатынастар жүйесін жағымды, жағымсыз немесе нейтралды бейтарап деп бөлуге мүмкіндік беретін сипаттама беріледі.

Sacks-----Sidney нұсқасы бойынша сөйлемдерге мысал келтірейік:



  • Менің ойымша, менің әкем кейде.....

  • Егер барлығы маған қарсы болса....

  • Менің бала кезімде.....

  • Менің жолдастарымның көпшілігі менің ......қорқатынымды білмейді.

  • Менің өмірдегі жасырын ұмтылыстарым.....

  • Мен ...... қорқуды қойғым келеді

  • Бәрінен де мен ......адамдарды жақсы көремін.

  • Мен өзімнен үстемдігін мойындайтын адамдар, ол........

  • Мен жасаған істердің ең жаманы....... .

Шизофрения жағдайында «аяқталмаған сөйлемдерді» сынап көрген Г.Г. Румянцевтің мәлімдеуінше, әдістемені науқастың тұлғалық қатынастарын зерттеу үшін пайдалануға негіз бар. Дегенмен, әсіресе интеллект жүйесі мен негізгі моралдық-этикалық ерекшеліктері сақталған науқастарды зерттеуде әдістеме сенімділігі айқын нәтижелер көрсете бермейді. Бұл жағдайда зерттелушілер кейде олардың тұлғалық қатынастарын көрсетпейтін формалды-шартты жауаптар береді. Сондықтан да зерттеу жүргізбес бұрын зерттеуші мен зерттелуші арасында сенімге негізделген жақсы байланыстың орнауын қадағалау керек.

Осы әдістеменің тағы бір нұсқасында зерттелуші сөйлем емес, әңгімені аяқтауы тиіс. (Z.Skorny.1974) ол кезде зерттелушінің тұлғалық ерекшеліктерін бейнелейтіндей бірнеше түрлі аяқталуы бар мәтін таңдалып алынады.



«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі

  • Менің мамандығым.....

  • Болашағым......

  • Білгім келетіні....

  • Біздің отбасы.....

  • Егер де.....

  • Қорқамын, .....

  • Менің түсімде....

  • Басқа адамдар.....

  • Менің сырт келбетім....

  • Ең жақсы көретінім.....

  • Мен уайымдаймын-

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі

  • Менің мамандығым.....

  • Болашағым......

  • Білгім келетіні....

  • Біздің отбасы.....

  • Егер де.....

  • Қорқамын, .....

  • Менің түсімде....

  • Басқа адамдар.....

  • Менің сырт келбетім....

  • Ең жақсы көретінім.....

  • Мен уайымдаймын-

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі

  • Менің мамандығым.....

  • Болашағым......

  • Білгім келетіні....

  • Біздің отбасы.....

  • Егер де.....

  • Қорқамын, .....

  • Менің түсімде....

  • Басқа адамдар.....

  • Менің сырт келбетім....

  • Ең жақсы көретінім.....

  • Мен уайымдаймын-


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет