Күз Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал- кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жаманйды үйін.
Қаз тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы1 жүр, ол бір керуен. Қай ауылды көрсең де,жабырқаңқы, Күлкі- ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы, Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырпау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алыс – үскір,аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай1бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазанды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа?
Таймандамай тамылжып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсілқағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?