2.2 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы орыс (еуропа) көркем әдеби тіл үлгілерінің қолданылу стилі
Енді, ақын шығармасынан терілген кірме сөздердің кейбірін тілдік тұрғыдан талдап көрсетеміз. Бұл сөздердің бәрін жазып көрсетуіміздің себебі түрлі әлеуметтік қоғамдық өзгерістерге байланысты, әкімшілікке, оқу, өнерге байланысты сөздер тобын атап көрсету, қолданылу, жасалу тәсіліне қарай топтап беретін боламыз. М-Ж.Көпеев шығармаларында орыс тілінен енген сөздер тілдің ұзақ жылғы даму барысында түрлі грамматикалық-морфологиялық қатынасқа, қалыпты өзгеріске түскенін де байқаймыз. Олардың лексикалық қолданысы да мәтін ішінде әр түрлі, беретін эмоциональды-экспрессивті реңі де әр түрлі екені көрінеді. Кірме сөздер ақын қолданысында синтетикалық [морфологиялық] тәсіл арқылы сөз жасауға бейім болып тұрады. Әрине, қосымшалардың бәрі бірдей жаңа сөз жасай бермейді. Олар жаңа мағыналы сөздер мен лексикалық единица жасайтын қосымшалар. М-Ж.Көпеев орыс тілінен енген сөздерді дәстүрлі қолдануды алдына мақсат-мұрат қылмаған. Заманның өзі мәжбүр, ықпал еткен, өлеңдерінде мысқыл, әжуа қазақ баламасына орай сын-мін айтатын жерінде орынды пайдаланған. Асылы, Дулат Абай, Шәкәрім орыс тілінен енген сөздердің мағынасын аудармай дәл беру үшін және орыс империясының пиғылын ашу үшін ғана қолданған. М-Ж.Көпеев шығармаларынан (дастан мен қиссаларынан) теріп алынған мысалдар мынандай: Россияның, манифесті, ходқа, сөтке, ауылнайлар, стражник, газеттерде, штраф, повестка, чиновниктер, поселкелер, порым, болыснайдың, ауылнайлар, цифырын, протокол, заң-закон, сход, үстелде, крестьян, болысной оязбенен, поселке крестьян, начальник, помағайтшы, ағұст, сход, думаға государный, публик, император, депутаттар , оязнайдан, фамилиясы, переводтап, думаға, қара шекпен крестьян, Петербор, мұжық, законды, миллионға, марттың, октябрь, медальға, наград, Семипалат, облысының, сөктелген, балағанда, империяға , программа, экзаменге, цензурасыз, инспектор, формын, ходтан, самауырды, ни как нельзя, Сібір, минут, нәшәндік, шенеуліктер, әпірел, май, редакторге, закотте, ступай, пошел, банкам, ничего, закон, посөлкенің , қазнашайы, офицердей, миллион, январьдан. (Мұса Шорманды жоқтауынан): медаль, орден, шен, бриллиант, губернатор, Сибиряков, губерно, Сибирь, Калпаковский генерал, откырыто, жалко, гинвардың, первый, газеттерге. (Сарыарқаның кімдікі екендігі?): избушка, земіскі, ізбор, нашалник, шиноликлардың, учаске, войско, Питербор, Мәскеу, Үрім, чиноуликке, начланикке, Петропавлоскі, павлодар, машиналы заводлар, гараднише торесі, киркушілер (керекушілер), сьезд. Мышыной шарлар, кайкасына (Ай мен күндей Һәммаға бірдей-демегінің мағынасы). Күреш (грош память) (Шонтыбай қажы), тетрадтың (Аспан мен жер, адам), переводтап, формы, перуатын, арганның (Ібіліс лағын шайтан хикаясы), Самауыр, княздің, память (Ышқышбап сапары өлеңі), кібірит (Исабек Ишан өлеңі), Семипалат, жандарал, гбернатор, народ-жұртқа, урядникгін, чиновниктер, шабадан, самаурын, шәйнек, пар, сияз, партияға, карантин, телеграмның (Жантемір), почтамен (Құдайым жексенбі күн жер жаратты), Сорты, ходтан (Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы), расходный (Шабдар атпен айтысы), карантин (Атадан қалған асыл мұра), кірпішлерін (Әдһам диуана және Ибраһим). Грош, партия, формы, числосы, декабрьдің (Шонтыбай қажы). Законда, ауылнай, әтірет-солдатпен, материалдарды, самауырын, законда, жандарал, Котковский (Қазақ шежіресі). Музыкантқа, рапорт, публикгің, краймен, поптары, ходқа, расчетқа, отказ, шотқа (Хаятбақшы дастанынан). Рамкасы, лашкері, пароходтан қағып шоттан, піркнәшікті (Жер мен Көк); Машиналар, телеграмма, телефон, почта, паралич, параход, комендант, казначейі, мелонхолик, сумаш, Виссарион Белинский, Дарвин, Михайл Баскин, микроб, тетрадтың Жапон, Затаевич, Аплотон, (Аспан, жер және адам жаратылысы туралы); машина, электрон, радиация, народ , телеграмма, телефон, почта, паралич, ісмерлер, электір, воздухы т.б. (Адам мен жұлдыздар арақатынасы). Кірме сөздер бір тұлғалы болғанымен әр түрлі грамматикалық қатынасқа түскен сөздерді де қоса бердік: партия, партиялап, партиясы, партиялық, партияның т.б. Варваризм сөздердің, қазақ тілінің заңдылығына бейімделген түрі: Россия+ның, «Ресей+дің» тіліміздегі ілік септігі жалғауы арқылы жаңа сөз жасау үрдісі берітінде жалғасты: партия+ның, март+тың, облысы+ның, княз+дің, декабрь+дің, телеграм+ның, тетрад+тың. Орыс тілінің сын есім тудыратын жұрнақтары да М-Ж. Көпеев шығармасында қазақ сөздеріне жалғанып сөз жасау қабілеті аңғарылады, бұлардан соң көптік не септік жалғауы жалғанады: болыс+най+дың, ауыл+най+лар, ауыл+най+дан, (государ+ный), ояз+най+дан, расход+ный, ауыл+най. ояз+най+дан, (ояз+бенен 41-бен жалғаулығының толық түрі-бенен сөз жасауға қатысады. Р.Сыздықова: «Қазақ тілінде орыс тіліндегі сын есімдік тұлғасын сақтап пайдаланған сөздер екі топқа бөлінеді: бірі орысша тұтас штамптар құрамында, екіншісі-қазақ сөзіне анықтауыш болып жеке қолданылғанда» - дейді (Сыздықоав, 2004, 103-104). Қазақ тілінің көптік жалғауынан соң табыс, жатыс септігі, тәуелдік жалғауы орыс тілді түбір сөзге жалғанып келуі арқылы сөз жасалады: газеттерде, чиновниктер, поселкелер, депутаттар, шенеуліктер, машиналар, киркушілер керекушілер, материалдарды, заводлар шағатайлық үлгі, депуттар, поптары т.б. Кірме сөздердің қазақ тілінің заңдылығына байланысты өзгеріске түсіп түрлі грамматикалық қатынасқа түсуі: порым, цифырын, үстелде, пормы, поселке крестьян, помағайтшы, ағұст, сөктелген (бұл - ақталған тары сөк емес), балағанда, агұст, самауырды, нәшәндік, әпірел, май, мартай, посөлкенің, қазнашайы, гинвардың, избушка, земіскі, ізбор, нашалник, самауыр, шиноликлардың, учаске, войско, Питербор, Мәскеу, чиноуликке, начланикке, Петропавлоскі, машиналы заводлар, гараднише төресі (кірме сөзбен қазақтың төл сөзі), киркушілер /керекушілер/, мышыной шарлар, кайкасына, перуатын, күреш (грош), шен, кібірит, мұжық, жандарал, гүбернатор, закотте, шабадан, шәйнек, пар, сияз, кірпішлерін, самаурын, лашкері, Сібір, ісмерлер, электір, самауырын, қағып шоттан, піркнәшікті, шотқа, сөтке, порым. Бір сыңары қытайша-орысша қос сөз: заң-закон; Бұл арада заң-қытай сөзінің кірігіп кеткенін байқаймыз. Қытай тілінде ян деген екі элементті иероглиф «ереже, үлгі, түр, қалып, сорт, стиль, тәсіл»-деген мағынаға ие. Ұйғыр тілінде қолданылатын яңза (түр, сорт) сөзі де дәл осы ян түбіріне -цзы есімдік жұрнағын жалғау арқылы жасалған қытай сөзі. Қазақ тілінде бұл баламалардың жоқ болуы бірде қытайдың заң (<ян) сөзін, бірде орыстың закон сөзін қолданылуына (не қабаттастыра айтуына) итермелеп отыр (Ә.Қайдар: ҚТҚЭС: 99). Бір сыңары қазақ тілі заңдылығына бейімделген қос сөздер: народ-жұртқа, әтірет-солдатпен т.б. Септік жалғаулары арқылы сөз тудыру: манифесті, думаға, думаға публик, миллионға, законды, медальға, депутаттыққа, империяға, экзаменге, редакторге, газеттерге, январьдан, газеттерге, почтамен, партияға, ходтан, формын, ходқа, ходтан, музыкантқа, краймен, законда, ходқа, расчетқа, тетрадтың, пароходтан, законда, арганның. Қазақ тілінің есім сөздерден болымсыздық мағына беретін туынды сын есім жасайтын жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалады: цензурасыз. Адвербиалданған формалы үстеу (вербалдық мағына білдірмейтін сөз): партиялап. Вербалдық (етістікке тән жіктік форма қосылады) әдіс арқылы жасалған: переводтап. Бұл сөз дастандарда кездеседі (переводтап). Есім сөзден (адьективтену) сын есім жасаушы: партиялық. Қазақ тілі қосымшасы - дей жұрнағы арқылы адьективтенуі: - офицердей. Тәуелдік жалғауының қосылуы: партиясы, партиясы, пормы, банкам , фамилиясы, поптары, казначейі, воздухы (дерексіз сөздің тәуелденуі), числосы, формы, манифесі, сорты, қара шекпен крестьян (кірме сөз+төл сөз); Ономасиологиялық сөздер: Павлодар, Петербор, Семипалат, Сибиряков, губерно, Сибирь, Семипалат, Калпаковский генерал, Котковский, Виссарион Белинский, Дарвин, Михайл Баскин, Жапон, Затаевич, Аплотон, октябрь, март. Орыс тілінен енген зат есім мағыналы әлеуметтік топтың бөлінісін көрсететін сөздер: стражник, чиновник, крестьян , начальник, император, крестьян, публик, испектор, губернатор, урядникгін, жандарал, комендант. Абстракты зат есімдер мен деректі зат есімдердің мағыналық тобының кейбірі формасы жағынан абстракты болғанымен мағынасы жағынан деректі де болады олар орыс тілінің заңдылығына байланысты өзгеріп отырады: память, штраф, формы, закон, сход, партия, программа, манифис, закот, карантин, минут, рапорт, телеграмма, сьезд, повестка, протокол, медаль, наград, микроб, медаль, орден, бриллиант, рамкасы, телефон, почта, паралич, параход. Басқа сөз табынан кірген сөздер: ни как нельзя, ступай, пошел, ничего, откырыто, жалко, первый, грош, отказ, миллион, мелонхолик, сумаш, соңғы екі сөз араб тілінен енген кірме. Тәуелдік жалғауының II жағы: банкаң, публикгің (г) игере алмаған түрі.
Кірме сөздерді Дулат, Абай, Шәкәрім, Жүсіп қалай-болса солай қолданбай дәуір ықпалына, замана билігіне қарай айтайын деген ойын толықтырып, дәуір шындығын, ресей патшалық имприясының іс-әрекетін ашу мақсатында қолданған. Бұл-сол империяның қол жеткізген бәріне де ортақ қалыпты құбылысы деп ойлаймыз. Бірақ, әркім қолданыс аясына қарай, сильдік мақсат, ерекшеліктеріне қарай қолданғандарын зерттеуден байқауға болады. Абай «Шырылдауық шегіртке ыршып жүріп ән салған, Көгалды қуып гуляттап қызықпен жүріп жазды алған»-дегенде «гуляттап» сөзін сөз таппай қолданып тұрған жоқ. Гуляттап сөзінің орнына қыдырып сөзін алса да келмес еді. Көбелектің ыршып жүріп, көгалды қуғаны оның гуляттағанына сай келіп тұр. Бұндай метонимялық құбылыс тек қана Абайға тән екендігі көрінді. С.Исаев: Абай нақты қимыл, іс-әрекетті білдіретін орыс сөзіне -та қосымшасын жалғап, жаңа сөз жасаған - дейді (Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты, 1998. -254 б). Абайдың кірме формалардан сөз жасау моделін кейінгі ақындар да қолданған. М-Ж.Көпеев «Сол түнде азғырушы толып жатыр, Шайтан да помағайтшы болып жатыр» деген өлең жолында «помағайтшы» сөзінің орнына сөз таппай қойған жоқ. Оның орнына «көмектеспекші» сөзін алуға болар еді. Бірақ, шайтанның көмек көрсетуі неғайбыл. Ол тек қана жаманшылық иесі екендігі зерттеуде жан-жақты ашылды. Олай болса, шайтанның іс-әрекетін көмектеспекші деген сөзден гөрі помағайтшы сөзі жақсы ашады. Сөзжасам жұнақтары -шы // -ші актив болғаны айтылып та, жазлып та келді (ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі, 2000. ─ б. 245). Көбіне зат есімді сөздерге жалғанған еді. Жүсіп -шы жұрнағы арқылы орыс тілінің етістікті сөзін қазақша түрлендірген. Бұл да М-Ж. Көпеевтің өлең құрудағы тағы да бір ұтқыр жақтары деп білеміз. М-Ж. Көпеев орыс сөздерін қолданғанда көбіне суреттеп отырған нысанына қатысты әжуа, мысқыл негізінде пайдаланған. Мысалы, Айта алмай переводтап қызыл тілім деген өлең жолындағы переводтап сөзі қазақ тілінің мәртебесіне байланысты айтылған. Переводтап сөзіне қазақтың -тап жұрнағын қосу арқылы қазақыландырып қимыл сын үстеулі сөз жасап қолданған. Жалпы, ХIХ ғасырдың бірінші, екінші жартысында орыс сөздерін қазақыландырып қолдану сән-үлгі болмаған, бұл – Дулат, Абай, Шәкәрім, Жүсіп, Сұлтанмахмұт қолданысынан анық байқалады. Олар орыс сөздерін көбіне қазақтарды сынау, олардың намысын, жігерін ояту мақсатында пайдаланған. Қорыта келгенде М-Ж.Көпеев шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздер тобы белгілі бір морфологиялық-грамматикалық қатынастарға түсіп, стильдік қызметтер атқарып тұрғандықтан оны былай еді деп түзетудің өзі әбестік болар еді. Тұлғасын сақтаған кірме сөздер қазақылық қосымша жалғанған соң әнтек болса да мағынасын өзгерткен. Орыс тілінде бұлай қолданылмайды. Дәуір тынысымен жеткен сөздердің көбі, белгілі дәрежеде қазақтың әдеби тіліне сіңіп кете алмады. Ал, ортақ қолданыстағы кірме сөздердің көбі қазақ заңдылығына бейімделіп ассимиляцияланып кетті. Сол уақыттарда заман ығымен бұл сөздер қолданылғанымен кейінгі кезде бірен - сараны ғана болмаса, көбі қазақ жазба әдебиетінің қолданысынан түсіп қалды. Тек қана кейіпкерлер тілінде, не заман келбетін көрсету үшін көркем әдебиеттерде кездеседі. М-Ж.Көпеев орыс тілін қолданғанда әсіре сән қумаған, шығармасына эмоциянальды-экспрессивті бояу, рең беру үшін пайдаланған. Бұндай қолданыстар Жүсіп Көпеевтің өз қол таңбасы емес, орыс-қазақ қарым-қатынасының ұзақ жылғы араласуының салдарынан ауызша жетіп, жазбаша бекіп, дайын штампқа түсіп кеткендігін көреміз. Сол сияқты, кірме сөздерге қазақ қосымшасын қосып қолдану Дулат, Абай, Шәкәрім қолданысы да емес бұл-ауыз екі аралас-құраластың нәтижесінде жеткен, дәуір ықпалының, замана билігінің қол жеткізген бәріне де ортақ қалыпты құбылысы болған деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |