Қызыл гүл, мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып, шашылмайды.
Оянсам, ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасыретім, бір көре алмай басылмайды.
Мұндағы «бұлбұл мен гүл» символдық белгілері Шығыс әдебиетінде жиі кездесетін жалпы тіршілік салтанаты, махаббат пен сұлулықтың, ең бастысы бақыттылықтың нышаны. Ендеше Жүсіп Шығыс поэзиясын жалғастырушы ғана емес, қазақ ұғымына лайықтап өңдеуші, жаңғыртушысы десек артып айтпаймыз. Немесе ақынның «Жарты нан хикаясы» басынан аяғына дейін шарттылыққа құрылған: жолаушының жол үстінде сандықты жуып ашқаны, алғашқыда алтын болып көрінген жансыз заттың, жанды тіршілік иесі жыланға, сосын айдаһарға айналуы, айдаһардың жолаушыға қауіп төндіріп, орныма қайта сал деуі; т.б. толып жатқан оқиғасы сайып келгенде «сый қылсаң сыпыра қыл» деген сияқты «жарты нанды қайырға беруі» жарты адам бейнесінде ғана жақсылық қылма жақсылық қылсаң аяғына дейін қыл деген идеяны мансұқ етеді. (Ертай Жүсіп «Мәшһүр-Жүсіп және шығыс руханиты».-Алматы «Алаш» баспасы, 2005.-Б.90-67); (Н.Қ.Жүсіпов, М.Н.Баратова, Б.Қ.Ақшолақова. Дәстүр тағлымы-Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке шығыс әдебиетінің тигізген әсері //Өлкетану.С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-көпшілік журналы, № 41 ─ 2002. ─ Б. 84-87).
Жүсіп дастаны «Жер мен көк» Низамидің «Жеті аруы» жеті жұлдыз, жеті планета сияқты ұғымдарды қамтып, өз ішінде космонимика «жеті» қасиетті сан мағынасымен тығыз байланысты екендігі көрінеді (Р.М. Мүталиева. Мәшһүр-Жүсіп және Низами //«III Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибешілік конференцияның материалдары. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. ─ Павлодар, 2003. ─ Б.30-34). Бұл орайда Жүсіптің «Гүлшат-Шеризат» дастанының да маңызы зор. Б.У. Әзібаева бес нұсқасын салыстырып Шығыс дастандарында жоқ кейбір желілердің (сюжеттердің) Ә.Найманбайұлының, Жүсіп Көпейұлының дастандарында кездесетінін, бұл шығарманың қазақ үлгісіне лайықталып жасалған нұсқасының анағұрлым жетілген формасы екендігін өзінің мақаласында жан-жақты талдаған (Б.У. Азибаева. Персидская повесть в казахской степи. Известия НАН. РК. Серия филологическая, 1994. ─ №2. ─ С. 26-32). Бұл мәселе «Шеризат-Гүлшат» дастанында кеңінен көрініс тапқандығын айтуға тиістіміз (Шеризат-Гүлшат. Ғылыми басылым. Құраст. Б.Әзібаева. Алматы: Мари: 2001 жыл.). Жүсіптің «Құдайым жексенбі күн жер жаратты» өлеңінде де шығыстың сарыны басым. Адамға ақыл беру Алла шешімі екені; «Ғылым менен ақылды бердім бұған, Бәрің бұған боласың құлақ кесті»- деп періштелерге бұйрық бергені тұсында анықталады. Ақыл сөзіне қазақ қаламгерлері де көп мән берген. Соның бір көрінісі «Дала уәлаяты» газетінде жарық көрген материалдар. Газеттің 1889 жылы санында шыққан «Лұқман Хакім» деген әңгімесінде үш рет жүз ділдадан алып, ақыл берсе де, оны ұқпаған бай баласын Лұқман хакімнің қалай құтқарғаны баяндалады да, шығарма мына түйінмен аяқталады: «Ақылсыз құр малдың керегі не? Дәулетіңе ақылың серік болса жарапты» (Дала уәлаяты газеті. 1 том. ─ Алматы: Ғылым, 1989. ─ Б.127-129); (Ертай Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп және Шығыс аңыздары. Тіл таным. Языкознание, №1. ─ 2002. ─ Б. 130─140). Мәшһүр - Жүсіптің «Ібіліс лағын шайтан хикаясы» дастанында «Қисас-ул әнбийадағы» қолына билік тиген Әзәзілдің кейін мастануы, дұға сұрап келгендерге дұрыс дұғасын бермеді, көңілі соқпады деген идеясымен сабақтасады. Ібіліс пен Әзәзілдің мақсаты бір екендігін сөз қылады. Ақынның «Сүлеймен мен байғыз» өлеңінің фабуласына ұқсас әңіме «Дала уәлаяты» газетінде екі рет орын алған екен. Онда Сүлеймен патша мен байғұс құс туралы әңгіме болады (ДУ: 117 б.). Бұл мәселелер «Құран кәрімде» де орын алғандығын байқаймыз (Пиотровский М.Б. Коранические сказания. ─ М. : Наука, 1991. ─ 143 б.); Шидфар Б.Я. Генезис и вопросы стиля арабского народного романа (сиры) // Генезис романа в литературах Азии и Африки. ─ М., Нака, 1980. ─ 118 б. (Ертай Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп және Шығыс аңыздары. Тіл таным. Языкознание, №1. ─ 2002. ─ Б. 130 -140). Сүлеймен пайғамбарға байланысты хикаялар туралы С.Қасқабасов ел арасында негізінде үш сюжет төңірегінде құрылатынын, тәрбиелік мәнінде екендігіне жете көңіл бөледі (Қасқабасов С. Казахская несказаочная проза. ─ Алматы: Наука, 1990. ─ С.206-207).
Жүсіп шығармасында ұшырасатын: йүзі раушан, көркі жамалды, шәрбат, ләзәт, лулу иек, ләзәт, жұпар көңіл, махаббат сусыны, беті маһмар, жұпар иісті, хош иісті, ай сәлік, ғұнша ерін, пісте мұрын т.б. Қазақ поэзиясындағы: алма мойын, ақша бет, қолаң шашты, мойылдай қара көзді, бұраң бел, қыпша бел, өрімдей жас, албыраған ерін т.б. бірте - бірте ауысқанын көреміз.
Екі өлеңнің мазмұны шарапқа негізделген. Байрон шарапты (вино) деп алған. Мәселе, арақ та емес, мәселе шарапта (жүзімнің гаусар суында) жатыр. Шарап тағамның бір - түрі, шарап та қызыл, қыз да қызыл, дүние де қызыл. Шарап шығыс шайырларында контрастық ұғым береді, шарап та өмір. Адамның бас сүйегінен жасалған ыдыс, оған құйылған шарап. Бірі тіршілікті бейнелесе, екіншісі – о дүниені бейнелейді. Бас пен шарап. Шарап ішкен адам да бір кезде қурап қалған бас сүйекке айналады. Бұл – философиялық ұғым. Осы философиялық астарлы ұғым Байрон шығармасында кеңінен орын алған. «Шығысым батыс, батысым шығыс боп кетті» деген сөз, Абайдың ішкі дүниесінің барлығы бірдей қопарыла өзгеріп кетті дегенді білдірмейді» - дейді М.Әуезов (М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Он бесінші том. ─ Алматы: Жазушы, 1984. ─ 133 б). Олай болса, дәл осы пікірді Мәшһүр Жүсіпке де қатысты қолдануға болады деп ойлаймыз.
Мәшһүр - Жүсіп парсы ақыны Жәлелалдин Румидің (ХIII ғ.) «Жасырын мән туралы дастанында» нәпсінің ақиқатын көруге тосқауыл болатынын суреттеген. Шебер өз шәкіртіне құмыра әкелуге жұмсайды. Ол көзі қыли болғандықтан бір құмыраны екеу есебінде көреді. -Шеберге келіп екі құмыра көрдім қайсысын әкелейін дейді. -Шебер ашуланып, екеуін көрсең біреуін сындыр дейді. Шәкірті біреуін сындырғанда екіншісі де жоқ болып кетеді (Руми Джалаладин. Поэма о скрытом смысле //Избаранные притчи /Парсыдан орысшаға аударған Н. Гребнева. ─ Москва: Наука, 1986. ─ С. 11), (Қараңыз-Ертай Жүсіпті). Міне, Руми нәпсіні осылай көрсетеді. Бұл - нәпсі тақырыбын әр ақын әр қырынан көрсете білген. Айталық, Сағди-нәпсіні билеу, нәпсіден сақтану, Хафиз-қу нәпсі, Әбдірахман Жәми-ит нәпсі, Жүсіп Баласағұн-тән нәпсі, Азербайжан ақыны Низами-кесел нәпсі-деп нәпсі сөзіне аса мән беріп жырлайды. Оның мәнісі, шығыс ақындарында нәпсіні ауыздықтау ең бірінші мәселе болған. Нәпсінің мұсылмандар үшін өзекті маңызы болған. Өйткені нәпсі алла жолынан тайдырады, әділдіктен, хақ жолынан аздырады. Нәпсі-біреудің ақысын жеу, жемқорлыққа, қатыгездікке әкеледі деп түсінген. Нәпсі-күллі зұлымдықтың бастау көзі деп саналған. Философ Ғ.Есімов нәпсіге байланысты ұғымдарды жинақтап былай көрсеткен: «Суфизмде нәпсі тыюға қатысты мынандай ұғымдар бар-олар: тәуба, қанағат, шүкіршілік, ризашылық, құлшылық»-дейді (Ғарифолла Есім. Нәпсі. / ауд. Қазақ әдебиеті. 18 тамыз, 2000. ─ 11 б.) (Ертай Жүсіпов «Мәшһүр – Жүсіп және шығыс руханияты». ─ Алматы: «Алаш» баспасы, 2005. ─ Б. 77-79).
Нәпсі тақырыбы қазақ ақындары ішінде Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінен де өзінің жолын тапқан:
Көп күнә қарап қылды талай ерді,
Шайтан нәпсі дұшпан тіліне ерді;
Дүние күнә істеп жүргендерді,
Шайтанның алдауына ергендерді.
Нәпсінің алдауына кіріп,
«Өзінен дүние өтпес!» - деп, білгендерді.
Ақын шығыс ақындарының дәстүрін жалғастырып, шайтан нәпсі аясында ғана қалмай одан әрі ілгерілете Нәпсімен болдым даулы, біте алмадым-деп дерексіз затты деректі сияқты құбылтып сөйлетеді. Ақын қазақтың ұлттық писихологиясын ескеріп, белгілі бір құбылысты нақты бейнелеуге ойысады. Мысалы, «Жер мен көк» дастанында Шиш деген баласы туғаннан кейін Адам атаның балаларына ақыл айтуы берілген. Біздіңше, сол ақылдың ең біріншісі дүниеге көңіл бөлмеу еместігі тегін емес: Бірі-бұл дүниеге көңіл қойма, Не болдым: құмар болған мені-ойла!; Алданба баяны жоқ дүние, малға, Ақшаға алтын, күміс назар салма?-дейді. Әділдік, ізгілік, ақиқаттық мәселесі оған қарама-қарсы нәпсі мәселесі Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани шығармаларында да орын алған. Жалпы, батыс шығыс әдебиетінің байланысы мәселелері ақынның шөбересі ф.ғ.к. Ертай Жүсіп мақаласында кеңінен әңгіме болады (Е.Қ.Жүсіпов. Батыс және шығыс әдебиеті байланысы мәселелері //«Мәшһүр Жүсіп оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибешілік конференцияның материалдары. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. -Павлодар, 1-3 ноябрь, 2001. ─ 48-60 б).
Байроннан Лермонтов аударған өлеңдегі «қатып қалған тамшы жас» Абай аудармасында:
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмейме, бой жылап, ол да ерісе? .
Басқа қырынан кездеседі. Ақын құр көзден жас аққанды жырламаса керек, өйткені «Жылайын, жырлайын ағызып көз майын» - деген де Абай ішкі ыза кегін, ашуын, қазақтың көр соқырлығына жаны ашиды, ыза – кегі қайнайды.
Мәшһүр Жүсіпте де кездеседі:
Айтқаның үйде отырып жел болады,
Көз жасы көп жылаумен сел болады.
Көп басын қосуменен жасын төксе,
Сай-сайдан ағып дария көл болады.
Демек, ақын қолданысындағы «қанды жас», «көл дария жас», «жылау», «жас төгу» Абаймен үндесіп адамзаттың болашағы үшін жылауы, өткені үшін жылауы емес, алдыңғы күніне жылауы, қайғыруы сөз болады. Бұл – жылау Байрон, Гете өлеңдерінде де кездеседі. Олар Құдайларына (Бог) өздерінің шағымын айтады, ар алдында тазаруды, «жылау» дейді. Қазақ ұғымындағы «жылау» аллаға мінәжат ету, құлдық ұру, адамзаттың өзі жасаған күнәсі үшін «жылауы» алынған. (Ертай Жүсіпов. Шығыс дәстүрі мен Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы Адам сипаттарын бейнелеу сабақтастығы. «ІІ- Мәшһүр-Жүсіп оқулары» 2001. ─ Б. 48-50) және (Ертай Жүсіпов. «Мәшһүр-Жүсіп және Шығыс руханияты». ─ Алматы: «Алаш» баспасы, 2005. – Б 28-29)
Иоганн Вольфганг Гете. Немістің ұлы ақыны. Ол: «фарсы тілінде жазған жеті ұлы ақын бар, соның ең нашары менен артық» - деген екен. Неткен кішіпейілдік. Неткен ұлылық. Ұлылық ұлылықты осылай бағаласа екен. Олар кімдер: Рудаки, Фердоуси, Хафиз, Саади, Насри – Хисрау, Жәми, Омар Хайям. Осы жеті шығыс жұлдызына Гете өмір бойы басын иіп, табынып өткен. Иоганн Гете Хафиз өлеңдерін ерекше жақсы көрген.
Қайран Хафиз! Қайтып саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап [25, б. 202]
- деп, өлең жолын арнайды.
Хафиздің өзі:
Но не в раскаянье спасение для нас.
Не станет суфием Хафиз на склоне лет
– деп жырлайды (Лирика востока, 1986: 246 стр.).
Абай шығыс поэзия үлгісінде: «Иузи рәушан, көзі гауһар», «Фзули, Шәмси, Сәйхали», «Әлифби» өлеңдерін, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» сияқты поэмаларын жазды. Осыған ұқсас Мәшһүр - Жүсіп: «Лала гүл және махаббат туралы», «Кәф пен Нон», «Абыраһа мен Мұтылаб» - деген өлеңдері мен дастанын мысалға келтіруге болады. Шәкәрім «Ләйлі Мәжнүн» поэмасының Физули нұсқасын, «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасын, Қожа Хафиздің өлеңдерін: «Көрініске шоқынған», «Кел, аяқшы қымыз құй», «Ей, жарымыз, ай нұры», «Көңіл жібі қолымнан» қазақшаға аударды. Өзбек әдебиетінің атасы атанған Әлішер Науаи турасында және шығыс шайырларын Абай Құнанбаев:
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Новаи, Сагджи, Фирдауси,
Хожа Хафиз – бу Һәммәси
Мәдәт бет я шағри фәрияд
- деп аттарын атап, шағатайша өлеңдетеді. Бұл өлеңінде Абай Шығыс ақындарынан үлгі ала отырып, олардың шығармаларына тәнтті болады. Ғабит Мүсірепов «...өзбек халқының данышпан ақыны Әлішер Науаидың ғажайып туындыларын оқып, үлгі алмаған ақын кемде-кем. Классикалық әдебиетіміздің шұғылалы шыңы-Абайдың да өзіне ұстаз тұтқан, талантына бас иген ақынның бірі-Науаи еді» - деген (Қалдыбек Сейданов. Науаи және Абай//Қазақ әдебиеті, № 27 (2205).
Бұл орайда, Сыр сүлейі Майлықожа:
Өзбектен өткен Науаи
Тілдің гауһар гүлі еді,
Фарсыдан өткен Фирдауси,
Заманының дүрі еді
- деуі тегіннен тегін емес еді. Абай Гетені қатты бағалаған оның өлеңі «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған. Мәшһүр - Жүсіптің «Түн қандай?» өлеңі де қазақ тұрмысына, жастық шаққа, өмірі байқаусыз өткен кәрілікке құрылған.
Жан біткен құр қақиып қалды ағаштай,
Басында әр моланың тұрған тастай.
Бозарып – тозған ескі шүберектей,
Қуарып, қатып, сынып қалды-ау жастай!
(Мәшһүр Жүсіп, 2 том. 23 б.). Мәшһүр - Жүсіп шығармаларындағы: құдай, пайғамбар, шайтан, жын, дию, пері, періште т.б. Гете шығармасында да кездеседі. Бұл – кездейсоқ болмаса керек. Шығыс - еуропа ақындары мен қазақ ақындарын байланыстырған алтын көпір іспетті болған. Сондықтан да екі ақынның өмір сүрген дәуірі жер мен көктей алыс болса да, ақындарды жалғастырып тұрған бұл – рухани жақындық. Атап айтсақ – шығыс поэзиясы.
Гете:
Как золото, нам Солнце света свой льет;
Меркурий, вестник радостный, несет
Любовь и милость; благосклонный нам
Бросает взор Венера по утрам
И вечером; Луны капризен вид;
Марс хоть бессилен, гибелью грозит;
Юпитер всех ясней всегда сиял;
Сатурн велик, а кажется нам мал.1
Хоть, как металл, он низко оценен,
Но – если взвесить – полновесен он.
Да, коль сойдутся Солнца лик с Луной,
Сребро со златом, - это знак благой!
Все явится, что б пожелать ты мог:
Дворцы, сады, балы румянец щек;
Ученый муж доставит это вам,
Исполнив то, что невозможно нам [26, с. 261].
1Авгур – в Древнем Риме жрец, гадавший по полету птиц. 2Темный смысл предсказания астролога станет понятен, если учесть, что каждая из семи известных в древности планет соответствовала определенному металлу: Солнце – золоту, Меркурий – ртути, Венера – меди, Луна – серебру, Марс – железу, Юпитер – олову, Сатурн – свинцу.
Космонимика Гете және Мәшһүр - Жүсіп шығармаларында көрініс тапқаны өз алдына бір – бірімен ішкі ұғымы жағынан өте тығыз байланысты.
«Аспан, көк – байы, жер – қатыны, солай болғаны үшін: «Көктен жаудырсын, жерден өндірсін!» - дейді. От, су, жел, топырақ – бұл төртеуі – қатын. Бұл төрт қатынға бай болатұғындар – Ай, Күн, Ғытард, Зәһре, Мәріх, Міштірі, Зухәл. Қазақ бұларды: «Жетіқарақшы» - дейді. Қарақшы деуі дұрыс-ақ, өзге жұлдызда тыным бар, тынығу бар. Бұл жетеуінде тыным да жоқ, тынығу да жоқ. Ай мен Күннің қарақшылығы сол емес пе? Бірі күндіз жортып, бірі түнде жортып, біздің өмір жасымызды ұрлап жүрген осылар емей, кім? Жетіқарақшының біреуінің қасында көз жетер жетпес бір кішкене жұлдыз бар. Қазақ айтады: «Үркер деген жеті қыз екен, біреуін қарақшылар ұрлап алып кетіп, алтауы қалыпты. Сонан Жетіқарақшы атаныпты», деседі. «Тағы біреуімізді ұрлап алып кетер», деп жаз шілдеде қырық күн көрінбей, жер астында жататын болғаны сондықтан болған екен деседі. «Үркер жерге түссе, сиыр суға түседі» - делінген сөз бар. Жеті жұлдыз байы болды да, от, су, жел, топырақ қатыны болды. Төрт қатынға – жеті бай. Осы айтылған жеті ата, төрт анадан үш бала туады. Араб тілінде: Жамдат, Набат, Хайуанат. Қазақша айтылғанда: Кен, тас, шөп-ағаш, жан иесі хайуанат. Осы жеті ата, төрт ана, үш бала – адамның денесінде төрт бұрышы түгел» [27, б. 24].
Осы орайда ф.ғ.к., доцент Р.Мүталиеваның: «Низамидің «Жеті ару» поэмасының бастапқы атауы «Жеті планета» немесе «Жеті жұлдыз» мағынасында болғандығы туралы профессор Рустам Алиев былай дейді: «Прежде всего необходимо прокомментировать назвние поэмы. В подлинике вместо «красавиц» употреблено слова «пейкар», смысл которого значительно шире. В классическом персидском языке, в частности в поэзии Низами, оно прежде всего означает: 1) тело, фигура; 2) небесное тело, планета, звезда; 3) портрет, а затем лишь (метафорически - красавица). В названии поэмы он, скорее всего, вкладывал в это слово смысл «небесное тело», «звезда». Поэтому, на наш взгляд, было бы правильнее пепевести название поэмы «Семь звезд» - деп сүйенген мысалын біз де құптаймыз [28, б. 31].
Гете де, Мәшһүр Жүсіп те Көне Гректің аспан, көк, жұлдыз құдайлары туралы мифті жетік білген. Сондықтан да Мәшһүр - Жүсіп от, су, жел, топырақ т.б. мифтік бейне ретінде алған. Қазақ ұғымындағы алыс сілемдерге көз жүгірткен, адамның туысын жұлдыздың туысымен есептеген. Қараңыз: «Как у каждого греческого племени был свой вождь, военачальник, судья и хозяин, так среди богов греки считали вождем Зевса. По верованиям греков, семья Зевса – его братья, жена и дети делили с ним власть над миром. Супруга Зевса, Гера, считалась харанительницей семьи, брака, домашнего очага. Брат Зевса, Посейдон, владычествовал над морями; Гадес, или Аид, проавил подземным царством мертвых, Деметра, сестра Зевса, богиня земледелие, ведала уражаями. У Зевса были дети: Аполлон – бог света, покровитель наук и искусств, Артемида – богиня лесов и охоты, Афина Паллада, родившаяся из головы Зевса, - богиня мудрости, покровительница ремесел и знаний, хромой Гефест – бог-кузнец и механик, Афродита богиня любви и кросоты, Ареc – бог войны, Гермес вестник богов, ближайший помощник и наперстник Зевса, покровитель торговли и мореплавания Мифа рассказывают, что эти боги жили на горе Олимп всегда закрытой от глаз людей облаками, питались «пищей богов» - нектаром и амброзией и все дела решали на пирах у Зевса» [29, с. 6-7].
Жалпы, Мәшһүр - Жүсіптің қай шығармасын алмасақ та, от, су, жер, аспан, күн, ай, жұлдыз, топырақ туралы айтып, отырады да адамның жаратылысымен, Адам үшін екендігіне баса назар аударады. Сол сияқты діни көне мифтік наным – сенімдер шығармасында романтикалық бой береді. «Көкті, жерді, айды, күнді, жұлдыздарды, тауды, тасты, отты, суды, желді, топырақты, ағашты, шөпті, хайуанатты, мақұлық атанған нәрсенің бәрін құдай жаратты» - дейді Мәшһүр Жүсіп, баспаға дайындағын Н. Жүсіп [27, б. 24].
Грек мифінде де осы нәрселерді құдай жаратты, және оның да аттары бар. Мәшһүр Жүсіп аспан, көк құдайы «Тәңір», жер құдайы «Ұмай» деп алады. Қазақ ауыз әдебиетінде де отпен кет, сумен кет, бумен кет сияқты тіркестер кездеседі. Гете де барлық құдайларын атап, өлең жолдарына мифтік бейне ретінде қосқан:
Для покоренья зверя злого
Скажу сперва четыре слова:
Саламандра, пылай!
Ты, Ундина, клубись!
Домовой, ты трудись!
Стихии четыре
Царят в этом мире;
Кто их не постиг,
Их сил не проник, -
Чужда тому власть,
Чтобы духов заклясть.
Исчезни в огне,
Саламандра!
Разлейся в волне
Ты, Ундина!
Звездой просверкай
Ты, Сильфида!
Помощь домашнюю дай,
Incubus, Incubus,
Выходи, чтоб закончить союз! (85 с.)
Гете Христосты аспанға да, көкке де апарып мақтайды, табынады:
Христос воскрес!
Кто средь мучения,
В тьме искушения
Ищет спасения, -
Мир вам с небес ! (66 с.)
Бибилия қағидасынан Гете де әрі аттап кете алмаған: «Итак мы – посланники от имени Христова, и как бы Сам Бог увещевает через нас, от имени Христова просим: примиритесь с Богом. Ибо не знавшего греха Он сделал для нас жертвою за грех, чтобы мы в Нем сделались праведными пред Богом» - дейді Библияда [30, с. 222]. Сөз қисыны келгенде айта кеткенді жөн көрдік, Библиография, Библиотека, Библия – деген сөздердің шығу тегі бір сияқты. Осы орайда, Гетенің (Привет тебе, единственный фиал1); (Приди ж ко мне, кристальный мой фиал) 1Фиал – (греч.) чаша, склянка – деп аударған [31, с. 64-65]. Бұл – дұрыс аударма емес, және гректердің де сөзі емес. Пиала (фиала) – сөзін Гете шығыс поэзиясынан Омар һәйам рубаяттарынан алған. Пиала сөзі қазақтарда күні бүгінге дейін қолданылады. Бірақ, дилектілік сипат алғаны да байқалады. Пиала - деп, кей жерлерде әйнекті (пиала) – айтады.
Гете өлеңдеріндегі:
Они лежат и здесь и там,
Добыча пыли и червей (54 б.);
Все пыльный хлам да мусора пред тобою,
И рад еще, когда придется прочитать (61 б.);
Приди ж ко мне, кристальный мой фиал,
Покинь футляр, под слоем пыли скрытый (65 б.);
Пушкин өлеңінде:
Твоя серебряная пыль
Меня кропит росою хладной (202 б.);
С любовью, с дружбой ты проводишь дни приятно,
А в городе шум, и пыль, и стук карет! (366 б.);
Мәшһүр Жүсіп өлеңінде:
Басып енді, басымнан шаңым асты,
Изей бердім жылқыша шұлғып басты (162 б.);
Бунин «Пыль» деген әңімесін жазды. «Шаң» ақын шығармаларында философиялық түйін ретінде алынған, «шаң» бір орнында тұрмайды, қазақта «артыңда шаңың да қалмады» - деген сөз босқа айтылмаған арты белгісіз бұлдыр тиянақ жоқтықтың белгісі. «Шаң» жел соқса-ақ болды көтеріліп кетеді. Адамның үстіне қонады. Демек, «шаң» деректі ұғым болғанымен ақындар дерексіз бейнеге нәр, әр беру үшін алған сияқты. Қазақ поэзиясында «шаң» көп қолданыла бермейді. Сол сияқты, ақындарда: көлеңке, тұз, түс, ұйқы, шарап, нәпсі сияқты сөздер жиі қолданыс тапқанын да байқаймыз. Бұндай қолданыстар ақындарды бір бірімен жақындастыра түседі. Қуандық Жүсіп тұңғыш Мәшһүр - Жүсіп пен шығыс және орыс (еуропа) әдебиетінің байланысын байқап қалған ғалым. Ол: «Расында Мәшһүр – Жүсіп ірі суреткер ақын ба, жоқ, қатардағы көптің бірі ме деген дүдамал ойда қалмас үшін біраз сауалдарды өзіміз қойып, соған жауап беруіміз керек. Ақын шеберлігі дегенде, алдымен әлем әдебиеті биігімен қарап, Еуропалық келісті сурет пен нақты сезім сұлулығына негізделген поэзия бар да, шындықты көркем жинақтаудың өзіндік түрлерін тудырған, тұспалдау аясын да, сөз мағынасын да көп кеңейткен шығыстық поэзия бар екенін межелегеніміз жөн. Сонда біраз үстірт қараушылар пайымдауындағыдай, «дидактикалық», яғни жалаң ақыл үйретуге ғана құрылған, демек көркемдігі жүдеу тартуы мүмкін екінші сортты әдебиет емес, Еуропалық үлгіге ұқсамауымен де шындықты бейнелеудің өзіндік бір асыл үлгілерін тудырған шығыс поэзиясын шала ұғынудан, кеміте бағалаудан құтылар едік. Міне, салғырттық, біржақтылықтан арылған көзбен бағамдап, Мәшһүр – Жүсіпті Еуропалық емес, шығыстық поэзия дәстүрін жалғастырушы ретінде қарастырсақ, ерекшелік біткенді кемшілік, төмен қолдылық деп мұрын шүйірушілердің көзін ашар едік. Сонда әлемдік поэзияның алдымен әспеттелген қазынасына – шеңдеп ілтипатқа алынған, бұрын елеусіз қалдырылған жабық асылдарды да қосыла жарқырауына негіз қаланар еді. Өмірдің сан сырлы болатыны тәрізді суреттеу тәсілдерінің түрлішелігі әлемдік поэзия бағын көркейтіп, біріндегі жоқты, не азды екіншілері толықтырып, сол арқылы бір – біріне игі ықпал етіп, дамып келе жатқанын біз енді-енді дәйектей бастадық. Сол деңгеймен межелесек, Мәшһүр - Жүсіптің шындықты көркем жинақтаудың өзіндік түрін тудырып, ұғым мәнін, сөз мағынасын кеңейтіп, поэзия жүгін салмақтандыра түскенін зерделеуге жол ашамыз» - деген сөзінен артып айтуға бола ма. Әрине жоқ. Демек, Қуандық Жүсіптің асыл сөзі бізге осы тақырыпты зерттеуге мұрындық болғанын неге жасырамыз [32, б. 71- 72].
Қорыта келгенде Мәшһүр - Жүсіп Шығыс ақындарынан үйрене келе, шығыс дәстүрін жалғастыра келе өзінің пайымдауларын, тың ойларын, тың тіркестермен, оралымдарды өте шебер пайдалана білген. Шығыс поэзиясының кейбір мазмұны қазақ ұғымына лайықталып қайта жазылғанын да байқауға болады. Шығыс поэзиясының Жүсіп шығармаларына арқау болғаны, дамуына, өсуіне, тигізген әсері де өте үлкен екендігіне көзіміз жетті. Демек, Жүсіп шығармасындағы этнографиялық сөздердің бір негізі, қайнар көзі шығыс мәдениеті болып табылады. Мәшһүр - Жүсіп араб - парсы тілдерін еркін меңгергені байқалады. Жалпы тілді жетік білген адам сол тілде еркін жазып, еркін сөйлей алады. Ал, бұл-үрдіс жазба шығармасына да әсер еткені шығармасын талдағанда анық көрінеді. Мәшһүр - Жүсіп шығармаларында араб-парсы сөздері ислам дініне қатысты да, қатыссыз да қолданған. Кейбір сөздер Жүсіп Көпеевке дейін де қолданылғаны анықталды. Бірсыпыра сөздер Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің өзінің қолданысындағы сөздер екені байқалады. Араб-парсы сөздеріне қазақтың қосымшасын қосып жаңа сөз жасау үлгісі де ара-тұра ұшырасады. Әрине, бұл-зерттеуде барлық ойдағы алған мақсатты жеткізіп тастау мүмкін емес. Тақырыпқа қатысты шығыс тілінен енген кейбір сөздерге ғана талдау жасап, тоқталдық.
Түйін. Герольд Бельгер: «Академик В.М.Жирмунский шотыландықтардың «Эдвард» балладасы мен қазақтардың әйгілі эпосы «Қозы көрпеш-Баян сұлудың» арасындағы ұқсас әуендердің барлығын дәлелдеген жоқ па еді?» - дейді [33].
Достарыңызбен бөлісу: |