Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы



бет19/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31872
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сүйікті, жанын алар, пендесінің,
Жаныңыз қонақ ерүр пендесінің.
Періште сол Ғазірейіл келген шақта,
Халдары нешік болар біз ғасының – дейді (182).
Лермонтов:
По небу полночи ангел летел
И тихую песню он пел;
И месяц, и звезды, и тучи толпой
Внимали той песне святой – деп (213)
Мәшһүр - Жүсіп сияқты Алланың елшісі екендігін, Лермонтовта (Бог) жұмақтың бағынан келген періште дейді. Адамның жанына жылылық әкеледі, бірде көңіліне қайғы да салады деп жазды. Ал періштені жердегі өлең айтқан тіршілік иелері жалықтырады дейді өзінің «Ангел» - деген өлеңінде.
Мәшһүр - Жүсіп «Жер мен көк» қисасында Жер мен көкті жаратушы бір Алла. Нұр мен көк байланысты дейді. Зұлымдықты жер көтерсе де көктегі Алла көтермейді. Сондықтан, өзінің елшісі пайғамбарды көмекке жібереді. Алланың ата - анасы жоқ. Сондықтан көктің нұрын сыйла жарық сәуле, сенің жүрегіңді бойласын, оның қадірін біл деген мазмұндағы ой айтылады. Лермонтовтағы жер мен аспан туралы ой Мәшһүр - Жүсіптің ойына да ұқсайды. Бірақ, Лермонтовтың аспаны мен жері жерді тіршілік етіп жатқан адамның өмірімен тағдырымен байланыстырады. Құдай айтылмаса да Құдай бар екендігін мойындайды. Ерекше жаратушыны білмесекте, көрмесекте оның құпия күшіне сенеміз дейді. Мысалы «Земля и небо» (285 бет) деген өлеңінде:
Как землю нам больше небес не любить?
Нам небесное счастье темно;
Хоть счастье земное и меньше в сто раз,
Но мы знаем, какое оно - дейді.
М.Ю. Лермонтов құдайды өзіне пір тұтқан. Өнер бір Алладан келгенін жанымен түсінген. Әйтпесе ол: «Я – или Бог – или никто» демес еді. Ал, «Пророк» деген өлеңі туралы біраз айтылды сондықтан қайталап жатпаймыз. Бірақ, мынаны сыншылар ескермеген М.Ю. Лермонтов «Пророк» өлеңін жазды, онда пайғамбарды сынайды, тіл тигізеді дейді. Мүлдем олай емес, мұнда ол «Пророктың» пайғамбардың атынан сөйлейді. Пророк кейбір адамдардың өзіне сенбейтінін, өзін жек көретінін айтып өтеді. Соны Лермонтов пайғамбар болып жырлайды.
И.А.Буниннің лирикасында шығыс мұсылманы көп жырланады. Шығысты Бунин өте жақсы көрген ол: «Я вообще люблю Восток и восточную религию» - дейді. Оны шығыстың мәдениеті, тұрмысы, салты, әдеті, өмір сүру нормасы, мінез құлқы, қатты қызықтырды. Бунин көне өркениет туралы, көне шығыстың жоғалып кеткен құпиясына көңіл бөледі. Ол ақын ретінде бөтен мәдениетпен бірігіп, астасып кетеді. Буниннің «Могомет в изгнании» (1906) шығыстың көне аңызын пайдаланғаны білінеді. Мұхаммет пайғамбар жалғыздықта өмір сүріп, оның өсиеттерін Меккеліктер түсінбеген екен. Содан ол онша алыс емес Тайиф деген қалаға қоныс тебеді, бірақ, оны қала онша жақсы пейілмен қарсы алмайды. Буниннің өлеңдерінің негізгі тақырыбы пайғамбардың жалғыздығы болды, оны қарапайым адамдар оқығанымен түсінбеді, себебі дін халықтан аласталған еді де олар немқұрайлы қарады. Халық кім? Олар үстем тап өкілдерінің соғысқа жұмсайтын құралы болды. Буниннің пайғамбары жалпы халықты емес, соған кінәліден қашып отыр, олар күнәһар дейді Бунин.
Мысалы:
На песке, босой, с раскрытой грудью,
Он сидел и говорил, тоскуя:
«Предан я пустыне и безлюдью,
Отрешен от греха тех, кого люблю я!» - дейді.
Бұл арада жоғарыдағы Лермонтовтың «Пайғамбар» өлеңімен әдеби аллюзия құрайды.
Посыпал пепел я главу,
Из городов бежал я, нищий,
И вот в пустыне я живу,
Как птица, даром божьей пищи
– деген еді Лермонтов. Мұндай ұқсастықты Мәшһүр Жүсіп поэзиясынан да табамыз. Мұхаммет пайғамбардың өзі де мұсылман діні жолында халықтан тианақ таппай көп қиыншылық көрді. Кеңес дәуірі кезеңінде Мұхаммет пайғамбар да қуғында болды, атын атауға, сенуге, құлшылық етуге, құран оқуға тыйым салынды. Атаның моласы бұзылды, өзі өмір бойы қуғында болды. Еңбектері өртелді. Бунин Шығыстың қатаң әдемілігіне қайран қалды, пайғамбардың ақылдылығына, оның ренішіне ортақтасқысы келді. «Магомет в изгнании» - деген өлеңінде өзінің ежелгі ойын жалғастырып, пайғамбарды ақын ретінде алады. Бірақ, Бунин өлеңінде пайғамбар жалғыз. Оның Шығыс пайғамбары орыстың дәстүрлі пайғамбарымен үндеседі. Буниндік өлеңінде «Могомета в изгнанииде» «қатаң қатып қалған қағида ия болмаса салтанатты» тәсіл ретіндегі метафоралық тәсіл қолданылмайды. Оның орнына көбіне речитативтік-қайғылы интонация (С.Негимов – қазақ поэзиясындағы интонациясын еске алыңыз-Ә.А.) қарапайым лексика: «позабытый богом», «босой» с «раскрытой грудью», архайзмы: «предан пустыне», «отрешен от тех, кого люблю я» ұшырасады. Пайғамбардың қиналысын, шындық деп шырқыраған жан ауруын қарапайым халық түсінбеді. Оны Бунин шығыс графикасының фонында: «каменистый лог», «песок», «пустыня», «скалы» - бұл – жер: Мұхамметтің сағынышпен туған елін еске алып отыратын орны. Буниннің поэтикалық құралы тым қарапайым. Оны біз «Могомет в пустыне» деген өлеңінен көреміз. Бұл - өлеңде алғашқы шығыстың әсері, бояуы жойылған, тым солғын тартқан. Оның орнына Мұхаммет пайғамбардың жалғыздығы, сахарадағы шыбынның ызыңы білінбейтін тыныштығы қатаң дыбыстар: п, к, с, т (скорбные слова, на песке, босой, с раскрытой грудью, тоскуя) арқылы беріліп, аллитерациялық дауыссыз дыбыстар қатарын құрайды.
Буниннің бұл өлеңі сыртқы тұлғасы жағынан жұтаң болғанымен, өлеңі терең мәнді философиялық ой арқылы айтылады. Шығыс пайғамбарының образы алынып орыс пайғамбарына айналған Буниннің пайғамбары ылғи жалғыздық көреді, үнемі адамдардың қуғынында жүреді. Сондықтанда соңғы өлең шумағының соншылықты қайғылы болып аяқталғанын оқып қаралық:
И сказали духи: «Недостойно
Быть пророку слабым и усаталым».
И пророк печально и спокойно
Отвечал: «Я жаловался скалам».
Жалғыз қалу, табиғатпен сырласу қазақ ақындарында да бар тәсіл. «Су мүйіз болған танадай, Шыр көбелек айналам»; «Місе тұтып тұлыпты, иін сауып Дулат жүр»; «Бұзауы өлген сиырдай, жұртқа мөңіреп ой қайтты» (Дулат Бабатайұлы.). «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық»; «Ұлыған күшік секілді, жұртқа үріп ой қайтты» (Абай);
Мәшһүр - Жүсіп (Пайғамбардың өсиеті- Б.82):
Ай, қауым, құлақ салып тыңдаңыздар,
Өлімнен әуез нығыма болды хабар.
Рабтымды (Раббыма) жолықпаққа мүштақ дүрмін,
Көңілімде үмбет үшін өкінішім бар
- деп Пайғамбар өзінің жиналған үмбеттеріне наза қылып айтады. Бунин өлеңіне философиялық мағына беріп, жаңа қырынан өлеңнің мәні мен мазмұнын байытты. Айя – София – мешіті мусылмандардың Стамбұл қаласындағы табынатын қасиетті орны. Аттас өлеңдер Бунинде шығыс сарынында жазылған, ондағы баяғы кейіпкер өлеңнің мазмұнына кірмеген сырттан бақылап ойын айтады. Бұндай сырттан үшінші (авторлық) байқау Мәшһүр Жүсіпке де тән қасиет екендігі байқалады. Мысалы: «Абыраһа мен Мұталаб», «Мұхаммед пен Әбужаһил», «Мұхаммедке пайғамбарлық келгені», «Пайғамбардың соңғы тілегі», «Пайғамбардың өсиеті», Мұхаммет пайғамбарға арналған дастандар: «Хаятбақшы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі»; Мұхамметтің ізбасарларын бейнелеген шығармалар: «Ахтам хазірет һәм Ғалы батыр», «Сараң бай мен Ғалы арыстан», «Ғалының мырзалығы» т.б. романтикалық бейнелер ақынның қиялының жемісі. Көбі діни әдебиеттерді оқығандағы немесе Құранның қағидасына жүгінген бейнелер. Бұл – бейнелерді абстракты тұрғыда ғана сана - сезіммен ұғына аламыз. Мұсылман әлемінен келген сюжеттерді Мәшһүр Жүсіп қазақшалап, қазақы дәстүрге бейімдеп жырлағаны байқалады. Бунинде шығыс әдебиетімен келген сюжеттерді орыс (еуропа) әдебиетіне жақындатқан. Мәшһүр Жүсіп те, Бунин де екі суретті оқиғаны, екі әлемді, екі философиялық өмірді көрсетуге тырысқан. Бұндай әрекет, қазақ ішінде әлі де болса келе жатыр. Қазақтар мұсылманбыз дейді де, мұсылманның бес парызын орындамайды. «Құран» оқылған жерден шыға салысымен кейбірі арақ ішіп, теріс қылықтар жасауға бейім тұрады. Содан бағанағы мұсылмандықтың бір белгісі де қалмайды. Екі әлем деген осы да. Буниннің «Айя - София» өлеңі нақты екіге бөлінген. Біріншісі – мешіттегі шайхының Құранды оқығаны, жұрттың Құранның құпиясына елітіп, қорқуы. Екіншісі - өмірдің мәңгілігі. Фәниөмір мен бақи өмірдің бәйтерек арқылы жалғасып жатуы. Көктем мен бірге мал – жануар да, адамдардың да бүр жаруы, өмірге, тіршілікке деген құштарлықтың оянуы. Адамдардың бақытқа, сәулелі, жарық өмірге деген құлшынысы, тоймауы. Мінекей, осы аталған екінші жайттар Бунинде жақсы ашылған Құранның қағидасын орындамағандар о дүниеде жаны тозақта болып, күнаһарлар тозақтың отымен күйеді дегенге баса көңіл бөлінген. Өлеңдегі барлық детальдар, атап айтқанда фактілік лирикалық сюжеттер, пластикасы ақын – Бунин мен прозаик Бунинді жақындастырған. Сондықтан да «Айя - Софии» өлеңіндегі басқы екі жолда көбіне ашық лексикалар: («светильники горели», «угрюмый мрак», поэзияның тереңдігі «купола необъятного»), ал жаман мінез-құлықты шайхының қисық қылышы («кривая сабля», «старх царил в толпе») сияқты сөздер арқылы берілген. Қалың тобыр «соқыр, өліп жатыр, ештеңемен ісі жоқ» Бунинде осылай өлім әкелушінің бейнесі қалыптасады. Жоғары күш иесінің қаһарлы қолы күнаһарларды жазалайды. Мұндай «соқыр» бейнесі Мәшһүр Жүсіп шығармасында да орын алған. Мысалы: «Соқыр, мылқау, жалаңаш» өлеңіндегі «Соқыр» күллі адамзаттың проблемасына айналды. Мәшһүр - Жүсіп «Соқыр» бейнесін жаңғыз адамның бейнесінде алғанымен күллі адамдардың табиғатпен бетпе-бет келгендегі мәселесін не? Көр соқырлық емес пе? т.б. айтылады. Буниннің өлеңінің екінші бөлімінде сәулелі жарық ауысады, өмірдің сәулесі (көкірек сәулесі) қараңғы өмірді жеңеді. Бунинше: («А утром храм был светел...»), күннің сәулесі пайда болады («И солнце ярко купол озаряло») , Бунин қасиетті «Айя Софии» өлеңіне християнның символына айналған көгершіндерді ұшырады, сөйтіп өлеңіне християндық сипат та бергісі келеді. Өлеңнің бірінші бесжолдық ямб композициясы бірінші жартысына екі пиррихимен бөгеледі де өлеңнің жан - жағына көлеңкелі қорқыныш реңін ендіреді. Ал екінші жартысында бұл – пиррихилық жағдай көрінбейді, жолдағы: «А утром храм был светел. Все молчало», өлеңнің көлеңкелі тұсы сәулеленіп, әуендік құрал аллитерациямен шығарып салынады. «Смиренная и священная тишина». Буниннің өмірге деген құштарлығы Мәшһүр Жүсіптің өмірге құштарлығымен бірдей. Екеуінде де өмірге деген қуанышқа кенелу жолы өте ауыр. Адамдардың өміріндегі махаббат, өмір, көктем дегендер бір - бірімен өте тығыз дүниелер.
Бунин: («Простор небес и воздух сладко звала / К тебе, Любовь, к тебе, Весна!»).
Мәшһүр - Жүсіп «Жер мен көк-110 бет» қиссасында:
Қараса егер солар Ай мен Күнге,
Ай мен күн ұялғаннан болады өңге.
Тісі бар маржан, жақұт, лұлу иек,
Хисапсыз шашбауында таққан теңге.
- деп ақын, көктегі жеті қат түп ағаш, ғаршы, күрсі нұрдан пайда болғанын, т.б. баяндайды. Бунин де дүниенің тіршілігі пайғамбардың нұрынан пайда болғанына қарсы болмайды. Демек, Мәшһүр - Жүсіпте де, Бунинде де әлемнің көлеңкелі тұсы мен әлемнің нұры бірдей, екеуі де шығыс поэтикалық колориттан шықпайды. Бірақ, екеуінің бұл – жолға келуі екі түрлі. Философиялық талдаудағы: қорқыныш пен өлім, қуаныш пен нұрлы өмір о дүниеге барар, бірақ жол ол-Алланың әмірімен орындалады дейді. Буниннің айтуы бойынша адамдардың ұлы тарихи өмірге келуі, ұрығы шығыстың имандылық - діни рухының нәтижесінде болатыны, әсіресе, Шығыста адамдардың Алланың құдіретті күшімен үндесуін, бірлікте қарастыруы болатыны нақты жырланады. Бунин шығыстың Құранына, Алланың құдіретті қасиетті күшіне басын иеді, сенеді. Буниннің өлеңдері шығысқа бағытталған (ориентирован), шығыстың дәстүрлі салтына бағытталған, оның өлеңдерінде адамның табиғатпен байланысы, Құдайдың әмірімен жүзеге асатын дүние. Адам мен табиғат шығыстың игерілмеген құмды сахарасында бетпе-бет келеді, Адам әр уақытта Алладан ғана көмек сұрайды дейді. Шығыс тақырыбына арналған «Шығыс», «Шығыс циклынан» аяқталмаған осыны көрсетеді. Ал «Ковсерь» (Кәусер – жұмақтың суы) («Мираж»- Пайғамбардың көкке көтерілуі) Мәшһүр – Жүсіптің «Миғраж – (146 бет) дастаны тығыз байланысты.
Мысалы: Мәшһүр - Жүсіп:
Бірі – пырақ, біреуі – Миғраж нұры,
Біреуі – төрт періште: дүние гүлі.
Бірі – төсек, біреуі – жасыл иін,
Қонаққа осылайша барған жері - дейді.
Бунин бұл - өлеңдерін 1903-1906 жж. «Ислам» - деген атпен жариялады. Кәусер бұлақ, жұмаққа барғандарға мәңгілік өмір сыйлайды. Кәусердің суы балдан тәтті, қанттан да дәмді, сүттен ақ, түбінде маржан тастар жатады.
Бунин былай суреттейді:
Здесь царство снов. На сотни верст безлюдны
Солончаков нагие берега.
Но воды в них небесно – изумрудны
И шелк песков белее, чем снега.
Осы арада Адам құдаймен бетпе – бет келеді. Барлық әлем, адамның барлық өмірі – шөл дала, бірақ бір Алла ғана ұшы – қиыры жоқ әлемде ғұмыр шегеді және миражда өмір сүреді. Мираж шөл дала мен адамды жұмаққа апаратын жол, адамды Құдайға апаратын жол. Көзге көрінбейтін Адам мен Құдай арасындағы шек бір – бірімен жанасады, қосылады. Әлем ұйқыға кеткендей болады. Ал бір жерде жұмақтың кәусәр бұлағы ағып жатады.
Оны Бунин:
И в знойный час, когда мираж зеркальный
Сольет весь мир в один великий сон,
В безбрежный блеск, за грань земли печальной,
В сады Джиннат уносит душу он.
Мәшһүр - Жүсіп:
Қыздарға берген болсам мәңгі суын,
Көтерер үмбетіңнің ол Һәм туын.
Мұхаммет үмбетіңе махшар күнде,
Салсабил, ішкізейін, ұжмақ суын – дейді (154).
Кәусер «Ковсерь» шөл даланы көз алдына елестетеді. Романтикалық бейне кәусәр адамға тыныс, тіршілік береді. Өмір сүруге рух, жігер береді. Адам тыныштық мекені «Жаны жәнәттә» болсын дегендегі «жәнәттан» денесі орын алып, Жаны ұшып кетеді де дене бір сәтке тыншу тапқандай болады. Ал ол жақта кәусәр бұлағы ағып жатады. О жақ «бақи» өмір. Кәусер Бунин үшін негізгі бейне болып табылады. Бұлақтан басқа автор шығыстың контрасты бейнелерді шыжығын күнді, аспан айналып жерге түсетін сахара құмды, шөл даланы, сол сияқты жолаушы ұзақ жолдан шаршағанда дем алатын жұмақ «жәнәтті» суреттейді. Негізінен Бунин шығыс пейзажын, құмды сахараны «көңілі қалған еуропалық» көзқараспен көреді. Ол өзінің ұғымын мына айқындаулар (эпитеттермен): небесно – изумрудные (воды), сизые (полыни), адский (огонь), зеркальный (мираж), лазурная (Ковсерь); теңеу: «шелк песков белее, чем снега»; ашық метафора: «в безбрежный блеск, за грань земли печальной, в сады Джиннат уносит душу он». Міне, осылай адамзат үшін жаратылған сиқырлы жоғалған жұмақ бейнесі өсіп шығады. Оның рахатын тек қана шыдаған адамдар ғана көре алады: «терпи, молись – и верь» дейді Бунин. Бес жолдық ямбы өлеңге ұйқылық, құмның тыныш нышанын береді. Бунин өлеңінде Қағба, Мекке, Қағбаның тарихынн Адаммен, Авраммен байланыстырады. Буниннің «Қағбаның қыры тасы» «Черный камень Каабы» өлеңі өз алдына қызық сюжетке құрылған:
Аллах! Аллах! Померк твой дар бесценный-
Померк от слез и горести людской!
Қағба – бойтұмар сияқты күллі әлемнің мұсылмандар табынатын орыны. Қағбаға барлық тәу жасап келген адамдар өзінің ашық, шын көңілімен жылайды, өткен қателіктеріне өкініп тұрып, Алладан кешіруін сұрайды. Бунин Қағбаны Құдайға сенетін символ – дейді. Біржағынан бұл – адамдардың орындалмай жүрген жұмақ туралы арманы, сағынышы, ащы көз жасы. Қағба үн – түнсіз адамдардың табынуын қарсы алады, оны ешқандай кінәламайды. Ол адамдардың барлық – ащы өмірін өзіне қабылдайды да өзінің алғашқы әсерін кетіреді деп жазды еуропалық көзқарастағы Бунин. Буниннің метафоралық Қағба бейнесі барлық сонетті (үш Катрин бір екіжолды өлеңді) қамтып, оны «драгоценной яшмой»:
Он драгоценной яшмой был когда-то,
Он был неизреченной белизны-
Как цвет садов блаженного Джинната,
Как горный снег в дни солнца и весны-
- деп екіжолды өлеңге дейін қайталайды:
Аллах! Аллах Померк твой дар бесценный-
Померк от слез и горести людской!
Мәшһүр Жүсіп «Абраһа мен Мұтылаб - 40» :
Мұтылаб Қағыбаға қайтып келді,
Қауымына көргендерін айтып келді,
Меккеден халықтың бәрі көшіп шығып,
Малымен манхикүм тапиқаға барып кірді.
- дейді.
Буниннің «Зейнаб» (эйнап араб. - жүзім). Зейнаб (Зейнеп) шығыс қыздарның сұлулығын суреттейді. Зейнептің құманға су толтырып алып көтеруінен ақын шығыстың тал шыбықтай бұралған талдырмаш аруын көреді. Шығыстың махаббаты ыстықта мөлдір су ішкен арудың іс-қимылымен тең. Бунин адамның әдемілігімен табиғаттың сұлулығын үйлестіре білген. Мүмкін шығыс тақырыбын Буниннің қанынан да іздеу қажет шығар. Буниннің арғы ата – бабасы Василий Андреевич Жуковский түркінің Салиха деген қызынан және бай-манап Бунин ұлы [47]. Біздің есімізге Абайдың «Ескендір» поэмасына әсер еткен В.А. Жуковскийдің «Екі повесть», «Москвитянинді» шығарушыға жаңа жылдық тарту» өлеңінің сюжеті ғана түскен жоқ. Жуковский шығыс әдебиетін мейлінше білген. Ол Гомердің «Одессейін», Шығыс эпосы «Махатхаратаны», Фердаусидің «Шахнамасын», Байрон, Шиллер шығармаларын аударған. Пушкин қаны жағынан бекерге Жуковскийді арқа тұтып ұстаз санаған жоқ. Демек, Бунин де атасы сияқты шөл даланы, құмды сахараны өте жақсы көрген. «Ескендірге» Талмұт Еврейлердің әсері емес, керісінше Шығыстың эпосының сюжеті қатты ықпал еткен сияқты. Кеңес дәуірінің салқыны әдебиетке де ықпалы болды. Ұлы орыс шовинистік көзқарасы бәрі де орыстан (еуропадан) алынған сияқты болды. Ал ұлы орыс (еуропа) зиялы ақындары үшін, «Шығыс» мәдениеттің терезесі болғанын осы зерттеу еңбектен көзіміз анық жетті. Ойшыл орыс (еуропа) ақындары, жазушыларының кейбірі Құдайға, Пайғамбарға сену керектігін ұқты. Болашаққа сенім жоғалса, нәзік мәдениеттен жұрдай болып, тағы мәдениетке ұрынатынын, халқын сақтандырғысы келетіні байқалды. Бірақ, орыс (еуропа) мәдениеті шығыс (түркі) мәдениетін «тағы» мәдениет деп қабылдамады. Құранды менсінбеді. Оның асыл қағидаларын түсінгісі де келмеді. Ата – бабасының асыл мұрасын бұрмалады, жабық тақырыпқа айналдырып жіберді. Соның зардабын қазір азғындық жолға түскен ұрпақтары көруде.
Түйін. Түркі нақтырақ айтқанда мұсылман әдебиетіндегі алла, құдай, періште, жәбірейіл т.б. Х.Досмұхаметов атап өткен «Діни әдебиеттің» теориялық қағидалары зерттелмеді. Гректер «Прометейді» романтикалық бейнеге жатқызады. Бір жағынан «Алла» адам сияқты көзге көрінбегенмен іс-әрекеттің, сенім иесі екендігі де рас. Гректің «Зевсі» - Ұмай, «Аполон» - Тәңір екендігіне кәміл сенемін. Абай айтқан: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» - деген сөзін қайда қоямыз. Салынып жатқан, мешіттерді қайда қоямыз. Реалистік шығарма шындық оқиғаға құрылады. Ал романтика қиялға құрылады. Сонда, «Пайғамбар» бар мен жоқтың арасындағы шығарма ма?. Мәшһүр - Жүсіптің діни дастандарын қайда қоямыз? Ағымның қай түріне жатқызамыз? Жалпы, адамзат алланы өзінің жүрегінде деп ұғынуы қажет, олай болса жүректегі сенім жалған болмасы да ақиқат, ақиқат шындыққа жуық, олай болса, алла да рас, сөзі де рас. Алланың растығына шүбә келтіру, өзінің растығына шүбә келтіру болып табылады. «Рас» пен «шын» екеуі де рас. Миф – философияның туысы. Алланың көзге түспей жасаған әрекеті мифтің қасиеті. Ал адамзат жүрегі арқылы жол тауып жасаған әрекеті реалистік әрекет. Пушкин шығармасындағы «Пайғамбар» грек құдайлары сияқты асқақ бейнелер емес пе? Олай болса, Қошке Кемеңгеров аударған «Пайғамбар» романтикалық бейнеге жатады деген ойдамыз. Сөз соңында, «бірауыз сөздің тобықтай түйіні бар» Қошке Кемеңгеров жазушы, ақын ғана емес, теология ғылымын терең меңгерген философ, аудармашы. Кемеңгеровтің кемеңгерлігі де осында деп білемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет