Қазақ ақын жазушылары және ұлттық руханият. 18-19 ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын жазушылар шығармашылығы



Дата07.02.2022
өлшемі46,75 Kb.
#91647
Байланысты:
СРСП СРС -8 Елекеш Әсилә ХҚБ -101
СРСП СРС -8 Елекеш Әсилә ХҚБ -101


Қазақ ақын жазушылары және ұлттық руханият.18-19 ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын жазушылар шығармашылығы.
(Баяндама)
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.
18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі, салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы, сол дәуірдің рухы бейнеленді.
Бұл ақын–жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл–нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады, бұл өлең-жырларда Отанды, халықты сүю, елдің береке–бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық–пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Бұл ақын–жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.
Бұлар өз өмірінде ұшан-теңіз өлең–жыр шығарады. Бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жеткен жоқ, бұлардың “Балдан қалған сарқыттай” біздің заманымызға жеткен ұзынды-қысқалы өлең-жырлары үш жүзге тартады.
19 ғасырда қазақ әдебиеті белсене көтерілді. Бұл дәуірдегі Махамбет Өтемісұлы (1804-1846), Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жаршысы және ту көтерушісі болды, жалынды жырларымен халықты күреске үндеді. Сүйінбай Аронұлы (1827-1896), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды.

Ұлты, жұрты, халқының қамын, жетістіктерін шын жүректен, көңілден шығарып қағазға түсірген адам шығармашылығының бағасы әжептәуір қиын болады. Mіне саған әдебиеттің бағасы. Әдебиет (араб. әдептер жиындысы) — жалпыадамилық руханияттың құрамдық бөлігі, әдеби қызмет нәтижесі, қоғам өмірі және оның жетілуінде қажетті маңызға ие шығармашылық саласы. Әдебиет екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынада — барша кітап түрлері, газета және журналдарға сәйкес; 2) тар мағынада — көркем әдебиет, түрлі соғыстағы көркем шығармалар жиынтығы. Көркем әдебиет кісілік дамуының белгілі бір басқышында жүзеге асқан болып, алғаш ауызекі шығармашылық үлгісі ретінде жаратылып, тілден тілге өтіп, байып, өңделіп барған. Жазу пайда болғаннан кейін, адамдарда жазбаша сөйлеу, жазу мәдениетi дамуымен жазбаша көркем әдебиет те қалыптаса бастады. Көркем әдебиет әрқайсы халық руханиятын ұрпақтардан ұрпақтарға алып өтетін негізгі құралдардың біріне айналды. Ауызша және жазбаша әдебиет қайсы халыққа тән екендігінен келіп шығып, сол халық атымен қосып жүргізіледі. Жалпы білім беру мекемелерінде әдебиет оқытудың басты мақсаты сенімді, өзге адамның сезімдерін танитын, ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға сенімді, жоғары талғамды, ақылақты тұрғыдан кемел, ақыл жағынан жетік, өз әрекеттерін басқара алатын кемел адамның рухани дүниесін қалыптастырудан тұрады.


Барша мемлекеттерде Отан ұғымы мен отансүйгіштік идеялары бар болып, бұндай сезімдер мемлекет мүдделеріне, халық ойлауы, өмір сапасы мен көңіл-күйін қалыптастыру мәселесіне тікелей байланысты. Дүние өркениетіне үлкен үлес қосқан Қытай хикметтерінде, Жапонияның тәлімге қаратқан назарында, Корея дамуының бас мақсаты негізінде де отансүйгіштік идеялары сәйкестігін көреміз. Отансүйгіштік идеялары әдебиет сабақтарында үйретіледі, жастарды тыныштық және бейбіт өмір сүру, басқа халықтардың ғұрыптарын, дәстүрлерiн, жалпыадамдық құндылықтарын құрметтеу арқылы тұрақты өмірге қарай ұмтылдырады. Көркем шығарманы үйрену арқылы жастар отансүйгіштікті өзінде көрсетуге ұрынады, шығармадағы кез келген бір қаһарманға тән отансүйгіштік сезімін меңгеріп алады. Kісілік қоғам дамуы процесінде көптеген ұрпақтардың ойлауы және ақыл-зеректігімен жаратылған рухани мұра, рухани байлықтар, көне тарихи ескерткіштер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет