10- дәріс
Тақырып: 20-30 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері
Дәріс мазмұны: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
С.Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Жастайынан оқу-білімне көп ден қояды. Ақмолада, Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды. 1920 жылдары Сәкен «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспересс» атты өлеңдер жинағы мен мемуарлық романы «Тар жол, тайғақ кешу», «Жер қазғандар», «Бандыны қуған Хамит» повестері, «Қызыл ат», «Көкшетау», «Маузер» поэмаларын жазды. С.Сейфуллин балалардың сүйікті жазушысы. Оның Маузер(1929), Бандыны қуған Хамит (1922), Балалар (1925), Ананың хаты (1925) деген өлең-әңгімелері балалардың сүйіп оқитын шығармалары.
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, анасы Жамал әңгіме, аңыз- ертекті көп білетін салиқалы ана болыпты. Жастайынан оқу- білімге көп ден қояды. Ақмолада, Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқиды. 1920 жылдары Сәкен „Асау тұлпар”, „Домбыра”, „Экспресс” атты өлеңдер жинағы мен мемуарлық романы „Тар жол, тайғақ кешу”, „Жер қазғандар”, „Бандыны қуған Хамит” повестері, „Советстан”, „Қызыл ат”, „Көкшетау”, „Маузер” поэмаларын жазды. Қым қуат дүрбелең заман шындығы мен романтикасын көрсеткен „Асығып тез аттандық”, „Далада”, „Кел, жігіттер”, „Сағындым”, „Қамаудан”, „Біздің жақта”, „Қашқынның аулы”, „Жас қазақ марсельезасы” т.б. әсерлі өлеңдері мен „Бақыт жолында” драмасын жазды.
Сәкеннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
С.Сейфуллин балалардың сүйікті жазушысы. Оның Маузер (1929) Бандыны қуған Хамит (1922) Бұлшық ет (1923) Балалар (1925) Ананың хаты (1925) деген өлең- әңгімелері балалардың сүйіп оқитын шығармалары.
Бейімбет Майлин (1894- 1938) бұрынғы Торғай облысы, Дамбар болысындағы, Ақтөбе деген жерде дүниеге келген. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жеті жасқа жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағады. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:
Өмірде көргенім күңдік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық?
деген өлең- зарын жанымен ұғады.Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.
Б.Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.Содан соң өзі есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен дәріс алады. Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді. 1913- 1914 жж. Троицкідегі „Уазифа” медресесінде, оны бітірген соң Уфа қаласындағы „Ғалия” медресесінде оқиды. Сол жылы медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге „Садақ” атты қолжазба журнал шығарысады. Садақтың әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы „Шұғаның белгісін” жариялайды.
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Бала жасынан зерек Ілияс өлеңге, өнерге кішкентай күнінен құмар болады. Орта мектепті бітірген соң Ташкентке барып, мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына түседі. Одан соң Жетісуға келіп, мектепте мұғалім болады. Жастардың сауатын ашуды алдына міндет етіп қояды. Оның „Жастар”, „Жалпы жасқа”, „Жас бұлбұлдар”, „Жастар ұраны”, „Жазғытұрым” т.б. өлеңдері өнер- білімге шақырады. Ол қазақ поэзиясының ірі ақыны, проза, драматургия саласында үлкен еңбек еткен жазушы.Балалар әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Қазақ әдебиетін „Жолдастар” атты роман, „Кек”, „Түркісіб”, „Исатай- Махамбет” атты пьесалармен байытты, „Дала”, „Күй”, „Күйші”, „Құлагер” сияқты классикалық поэмалар берді.Б.Майлин – реалист ақын. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық. Оның балаларға арналған шығармалары: Байшұбар, Әлди (Ана жыры), Кемпірдің ертегісі, Өтіріке бәйге (поэма).
І.Жансүгіров жастардың сауатын ашуды алдына міндет етіп қояды. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бұлбұлдар», «Жастар ұраны» өлеңдері өнер-білімге шақырады. Балаларға арналған шығармаларының бірі – «Малта» өлеңі мен «Шәркей» әңгімесінің бала тәрбиелеуде маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |