«Қазақ балалар әдеби үрдісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Пайдаланылатын әдебиеттер



бет48/84
Дата06.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#35207
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  7. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  8. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.



13- дәріс
Тақырып: С.Бегалин- балалар жазушысы.
Дәріс мазмұны: «Сәтжан», «Бала Шоқан», «Көксегеннің көргендері» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
Қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атауға болады. Өйткені ол- балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы. С.Бегалиннің балаларға арналған: „Қыран кегі” (1944), „Көксегеннің көргендері” (1947), „Тұңғыш” (1948), „Сәтжан” (1950), „Ермектің алмасы” (1951), „Көк бұтақ” (1953), „Ұрпақ” (1954), „Бақыт” (1956) деген шығармалары өз алдына жеке кітап болып басылды.
С.Бегалиннің балаларға арнап жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтап, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.
1. „Сәтжан”, „Көксегеннің көргендері”, „Бала мерген”, „Алданған жолбарыс” деген әңгімелері. Мұның бәрі негізінен аңшылыққа арналған.
2. „Шопан даңқы” (1947), „Төл басылар” (1947), „Сұрапылда” (1946), „Керкиік” (1952), „Будан” (1949), „Қозышы Нұрман” (1952), „Жылқышы” (1945) деген әңгімелерінде мектеп балалары өз оқуын мал шаруашылығымен тығыз байланыстыра жүріп, өмір танығанын көрсетеді. „Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі” деген сөздің төркіні неге байланысты туғанын жазушы мал шаруашылығына арналған бірнеше әңгімелері арқылы суреттей келіп, тәжірибелі шопандардың жұмысын жасөспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
3. С.Бегалиннің балалар әдебиеті саласында көтерген үшінші күрделі тақырыбы Мичуриндік агробиология ғылымын насихаттайтын әңгімелері. Бұған „Жас бұтақ” (1950), „Қант бұршақ” (1954), „Есеннің кірпісі” (1951), „Хат” (1957), „Мектеп бағында” (1950) деген әңгімелері жатады. Мұнда жолдастық, достық мәселесі де елеулі орын алады. М. „Жас бұтақ” деген әңгімесіндегі Жұмақанның апорт алмасын өсіріп, оның жемісін Артекте достасқан жолдастарына жіберуі немесе „Қант бұршақ” атты әңгімедегі Зуфардың Артектегі жолдастары арқылы алдырған қант бұршақ ұрығын Қазақстанда өсіріп, оның жемісін алуы – балалар үшін аса қызық. Өйткені олар өздері істеген жұмысының жемісін көргеніне қуанады. Жсаөспірімдердің арасында достық, ынтымақтың өзі осындай игі істердің арқасында ғана басталып кететінін және мұндай достық – мызғымайтын берік достыққа айналатынын жазушы дәлел ете суреттейді.
4. С.Бегалиннің көтерген төртінші күрделі мәселесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік істерге, Отан қорғау тақырыбына арналған. Оған „Тағы кездесті” (1954), „Машинист” (1952), „Жеткіншектер” (1946), Киіксор” (1952), „Жас шеберлер” (1947) деген әңгімелері жатады.
5. Бұл салада көтерген негізгі тақырыбы – есірген еркелердің олпы – солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етуге, өмірге икемсіздігін мінеуге, оны түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақыруға арналған. Бұған оның „Ойламаған жүріс” (1952), „Ұрыншақ” (1956), „Жершіл шымшық” (1954), „Бес батыр” (1952), „Сымбатты Сима” (1957) деген әңгімелері жатады.
Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті саласында С.Бегалин әңгіме жанрын дамытқан жазушы. Оның өмірді жақсы тани білетін мол тәжірибесі әңгімелерінен айқын көрініп отырады, соның өзі балаларға үлгі - өнеге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет