«Қазақ балалар әдеби үрдісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет51/84
Дата06.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#35207
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84
15- дәріс
Тақырып: Туысқан халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар.
Дәріс мазмұны: Ш.Айтматовтың, Н.Хикмет, Л.Толстой, А.Чехов, Э.Хемингуэй, Х.К.Андерсен т.б. шығармаларының бастауышта берілу жайы.
Ш.Айтматов Қырғыз Республикасының есімі әлемге әйгілі жазушысы. Шығармаларын қырғыз, орыс тілінде жазады. Оның «Ана-Жер-Ана, Қош Гүлсары, Ақ кеме, Құс жолы, Ғасырдан да ұзақ күн» т.б. шығармалары бар. «Атадан қалған тұяқ» әңгімесін Қ.Мұхамеджанов қазақ тіліне аударады.
Н.Хикмет түріктің белгілі ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері. Оның қаламынан туған өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелер пьесалар әлем оқырмандарына кеңінен таныс. Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. 4-сыныпта Ә.Омаров аударған «Үш жігіт туралы хикая»атты ертегісі оқытылады.
4-сыныпта Шығыс әдебиетінің терең сырлы, тұнық ойлы, әдеби дәстүрін сақтаған Марокка елігің белгілі жазушысы Әбді әл-Мәжид бин-Желлунның «Айша айтқан ән еді» К.Сауырұлы аударған әңгімесі берілген.
Л.Толстой – орыстың ұлы жазушысы. Шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, ұстаздық еткен. Әліппе оқулықтарын жазды. С.Омаров аударған «Акула» әңгімесі» бар.
А.Чехов – орыстың ұлы жазушысы. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Мельпоменаның хикаялары» деп аталады. Чехов шығармаларында халық өмірінің алуан шындығын бейнелей отырып, надандар мен дүниеқұмарлар, жағымпаздар мен өркөкіректерді әжуа етеді. Оның «Жуан мен жіңішке, Шенеуніктің ажалы, Ванька, Ваня ағай» т.б. шығармалары бар. Қ.Ысқақов аударған «Жанға жайлы жаңа таныстар» әңгімесі оқытылады.
Э.Хемингуэй АҚШ ұлы жазушысы. Оның бастауышта Н.Ғабдуллин аударған «Шал мен теңіз» әңгімесі және дат жазушысы Х.К.Андерсеннің Ғ.Жұмабаев аударған «Қайтпас, қайсар қалайы солдат» ертегісі беріледі.
Әлем әдебиетінде шығыстағы Жапон елінің сөз өнері ерекше орын алады. Е.Әбілмәжінов аударған «Құмырадағы балапан» ертегісі оқытылады. Сонымен қатар, неміс жазушысы Э.Распенің «Мюнхаузен хикаяларына» негіз болған таңғажайып әңгімелері бар. Оның О.Әубәкіров аударған «Дауыл», «Китпен кездесу», «Балық құрсағында» әңгімелері 4-сыныпта оқытылады.
Ағылшын жазушысы Р.Киплинг балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Солардың ішінде аса қызықтылары жануарлар туралы әңгімелер. Ол халық аңыздарын пайдалана отырып, «Джунгли кітабында» қасқыр асыраған үнді баласының таңғаларлық тағдыры туралы әңгімелеп берді. Оның бастауыш оқулығында Р.Рақымбеков аударған «Маугли» әңгімесінде қасқырдың үңгіріне қорықпай келіп кірген сәби Мауглидің он жылдан кейінгі өмірі сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет