Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976
Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)
Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994
Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.
14- дәріс
Тақырып: Қазіргі қазақ балалар ақындарының шығармалары.
Дәріс мазмұны: Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиевтің т.б. балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
Өтебай Тұрманжанов – 1905 жылы Оңт. Қаз. Обл. Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде дүниеге келген. Тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап шықты. „Таң сырлары” (1925) өлеңдер жинағы, „Ақ алтын”, „Шыршық сыры”, „Тез қадам” өлеңдер жинағы мен „Күміс қылыш” атты әңгімелер жинағы басылды. „Ақ алтын” поэмасы – мақта шаруашылығына арналған, „Шыршық сыры” поэмасы – су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма.
Балаларға арналған шығармалары да өз алдына бір төбе. 1952 жылы „Қарлығаш”, 1959 жылы „Сұңқар түлектер” деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда „Қызыл құмның құпиясы”, „Қарлығаш, дәуіт, жылан”, „Жолбарыс”, „Төрт өгіз туралы ертегі”, Жолаушы мен жеті қақыр”, „Аю мен аралар” т.б. көптеген ертегілер, поэма, мысал, өлеңдер бар.
Мұзафар Әлімбаев – 1923 жылы Павлодар обл. Шарбақты ауданы, Маралды селосында туған. Балалар жазушысы деп танылады. Ол „Жұмбақтар” (1954), „Биікке, биікке” (1955), „Менің ойыншықтарым” (1952 – 1961), „Алатау баурайында” (1960), Орақ, олақ” (1962) кітаптары бар.
Ақынның балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ол балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойлайды. Сондықтан да өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтады. Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын „Кім ұтылды, кім ұтты?” өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай таласып жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:
Қиын емес бұл мүлдем,
Теп – тең етіп бөлейік.
Екеуің ал бір – бірден
Мен – ақ соған көнейін.
Не керек сол айтысып,
Сен бер маған жартысын.
Не керек сол тартысып,
Сен бер маған жартысын.
Екеуі оған көніпті,
Жарты – жарты бөлікті
Басу айтқан балаға
Өз қолынан беріпті.
Кім ұтылды, кім ұтты?
Кім ұқпады, кім ұқты?
„Әріптер сыры” өлеңінің мамандық таңдауға жол ашатын сыр – сипаты бар:
„А” – Алатай бала дәрігер,
Аурудан сақтар ол мені.
„Ә” - Әнуар өнер біледі,
Әдемі етік тігеді.
„Б” – Бауыржан сақшы – жауынгер.
Батыр деп сүйген қауым ел.
„В” – Володья мастер мен дейді,
Вагондарды жөндейді.
„Г” – Гүлжамила бақшашы,
Гүлге толған бақшасы.
„Ғ” – Ғажап бояу жағады,
Ғали сурет салады.
„Д” – Дүлдүл аттар баптаған,
Дәрменді жұрт мақтаған.
„Алатау баурайында” поэмасы. Жақы деген жарлының жаман шалашын сұрап алған Перенебек оны үй етемін деп қазып жатқанда алтын тауып алады. Пернебек оны Жақыға сенің үйіңнің астынан шықты сен ал дейді, ал Жақы жоқ сен ал, сенің еңбегің дейді. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық игілігіне жұмсап, алмалы бақтар орнытыды. Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған.
„Егер де...” өлеңі:
Ауланың қарын күрер ем,
Аяғым су болмаса.
Бақшаны баптап жүрер ем,
Үстіме шаң қонбаса.
Суға да мен барар ем,
Егер қарым талмаса.
Отынды да жарар ем,
Ағаш қатты болмаса.
Жұбатар ем Жанатты,
Жылап маза алмаса.
Жақсы оқыр ем сабақты,
Кітап қалың болмаса.
Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мұзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен қорытынды жасауға, сабасына түсетіндей ой салған. Жаман әдеттен баланы ерте арылтуға үндеген.
Қырық жұмбақ.
Бір күнде үш баийды, үш жұтайды. (Дастархан)
Дүлей үрейді жеп қойды (Қасқыр мен қоян)
Су ішінде желігер,
Құм үстінде демігер. (Балық)
Достарыңызбен бөлісу: |