Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы эпостық жырлар



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі207,68 Kb.
#82166
  1   2   3
Байланысты:
бож


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ эпосының тарихылығы


Орындаған: Қонысбай Гүлайна
Тексерген: Конырова А. М.


Алматы, 2020
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Батырлар жыры
2.2. Дәуір және дәстүр мәселесі
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр–дастандарды айтамыз.
Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп, ел қорғау, отаншылдық сарынға құрылса (“Қобыланды”, “Алпамыс”), бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді. Енді бірде өмірде болған нақты тарихи оқиғаларды жырлайды (“Бекет”, “Досан батыр”).
Эпостық жырлар барлық елдерде болған. Ежелгі гректердің “Илиада”, “Одиссея” сияқты көлемді дастандарының эпопеялық сипаты басым болса, ондай сюжеттер қырғыз (“Манас”), қазақ халықтарында да жоқ емес (“Қорқыт ата кітабы”). Оларды гректер “эпос”десе, қазақтар “жыр”, қырғыздар “ыр” деп атаған. 1940 – 1950 жылдары Орта Азия және Қазақстан жерін мекен тұтқан көшпелі тайпалардың бай эпостық мұрасы жан–жақты зерттеле бастады. Оған В.В. Бартольд, В.М. Жирмунский, В.М.Чичеров, А.К. Боровков, Л.И. Климович, И.С. Брагинский, Е.Э. Бертельс, Х.Т. Зарифов, М. Тахмасиби, М.О. Әуезов, Ә.Х. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев сияқты көптеген көрнекті фольклористер атсалысты. Осы жоғарыда аталғандар 40–50 жылдары жемісті еңбек етті.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі — батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел жұртын қоргап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлықтың ісінен кем санамаған. Сондықтан бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған әрине, батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған; әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық ой-сананың, көзқарастардың алу әсерін бойына жинай берген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет