Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы эпостық жырлар


Батырлар жырының жиналуы және зерттелуі



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі207,68 Kb.
#82166
1   2   3
Байланысты:
бож
Қарапайым тригонтеңдеу ашык сабақ2016, бож, Документ Microsoft Office Word
Батырлар жырының жиналуы және зерттелуі
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ел арасы нан жиналуы өткен ғасырдан басталады десек, мұны батырлар жыры жөнінде айтуға болады. Батырлар жыры да ел арасынан XIX ғасырдың ішінде жазылып алына бастады. Бұл жөнінде де зор еңбек еткендер жоғарыда аталған адамдар еді. Бұған, әсіресе, Ш. Уәлихановтың, В. Радловтың, Н. Ильминскийдің, Г. Потаниннің, А. Ва-сильевтің, Ә.Диваевтың, т.б. жинап бастырған батырлар жыры дәлел. Дегенмен батырлар жырының молынан жиналған кезі кеңестік дәуірде болды. Қазақтың Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорында батырлар жырының, көлем жағынан ғана алғанда, алты мың баспа табақтай материалы болуы — кеңестік дәуірде ауыз әдебиетін жинау ісіне көп көңіл бөлініп келе жатқандығын сипаттайды.
Батырлар жырын зерттеу ісі де кеңестік дәуірде қолға алынды. Батырлар жыры жайында газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттелді. қазақтың батырлар жырын зерттеуде С.Сейфуллин (қазақәдебиеті, 1932 ж.) М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, А.С.Орлов, Н.С.Смирнова, Т.Сыдыков секілді әдебиетші ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді.

Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.


Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

Халық ауыз әдебиетінен ерекше орын алатын батырлар жыры: «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар».


Алпамыс батыр” — қазақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан “Одиссея”, “Манас”, “Калевала”, “Қобыланды батыр” т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. “Алпамыс батырда” халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпик. әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған.. Зерттеушілер (В.М. Жирмунский т.б.) “Алпамыс батыр” жырында көне дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен. Жыр дәл қазіргідей класик. бүтіндікке замандар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе, жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты ең байырғы туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді. Мыс.: жырда қарт ата-аналардың жаратқаннан перзент тілеп әулиелерге түнеп мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі; жас қаһарманнның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып өзі таңдап жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі; өзіне өмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты өмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тән тұрақты сарындар жырда мейлінше анық және толық көрсетіледі. Алпамыс жау зынданында жатқан кезінде оның қалыңдығы Гүлбаршынды Ұлтақұлдың зорлықпен алуға ұмтылуы, батырдың өз әйелі “тойының” үстінен шығуы бұл эпосты ертедегі гректің “Одиссеясымен” үндестіреді. Әлбетте жырдың ең қызықты тармағы қазақ халқының бертіндегі тарихи өмірінің сипатын беретіндігі. Қазақ халқының 17-18 ғ-да қалмақ жаулаушыларына қарсы күресі көптеген жырларда фабулалық шынайы көрініс береді. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді. Қаһармандардың туып-өскен, өмір кешкен елі — Жиде байсын, нақтылы тайпасының аты — қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан-дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкілқазақтық көлемге көтереді. “Алпамыс батыр” жырының халықтың есінен мәңгілік ұмытылмастай орын алу себебі тарихи әлеум. шындықтың биік көркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін көріністердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән мейлінше етене жәйттер. Байбөрі мен Байсарының бір-бірімен уәде байласып құдандалы болуы, қадым замандағы нағыз қазақтың шындығы. Құдалардың көкпар үстінде бір-бірімен өкпелесіп, Байсарының жат елге көшіп кетуі, барған жерінде зәбір көруі, ақырында Гүлбаршын сұлуды Алпамыс батырдың іздеп тауып, көп қиыншылық, азапты оқиғалардан соң алып қайтуы ұзақ жылдарға созылған жаугершілік заманның елестері. Әлбетте Алпамыс та, Гүлбаршын да мейлінше әсіреленген. Идея, мұрат дәрежесіне көтерілген бейнелер. Батырға тән ерекше қасиеттер: жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқорлық Алпамыстың басынан табылса, әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын ақылдылық, мінезділік, опалылық сынды белгілер Гүлбаршынға тән болып көрінеді. Бұндай бейнелер халықтың ең ізгі адамдар туралы ұғымына, арманына сәйкес келеді. Эпостың қай заманда да халық көңіліне дөп келетін қасиеттері мұнда болғанды ғана емес, болуы мүмкіннің де жинақталып берілуінде. Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жаңсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет