Қызылсая орта мектебі
Тақырыбы:
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” - махаббаттың қос шынары
Ғылыми бағыты:
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының зерттелуі
Орындаған: Тезекбаева Нұргүл Сайранқызы
Жетекшісі: Бегалина Райхан Тоқсанбайқызы
Жоспар
І. Кіріспе бөлім:
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырының
шығу тарихы, зерттелуі
ІІ. Негізгі бөлім:
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырында кездесетін аңыз, әңгімелер, жер-су атаулары
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жырдың өміршеңдігі
І. Кіріспе бөлім
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының көптеген нұсқалары бар. Бұл жырды XIX ғасыр бойында орыс ориенталистері жинап, бастырған еді. Ең алғаш бұл сюжеттің башқұрт тілндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазақ қаласында жарияланған.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г. Саблуков, орыс халқының ұлы ақыны А.С. Пушкин жазып алады. Бұлар жырдың қазақ тіліндегі нұсқасын бастауы алмаса да, «Қозы Көрпеш» жырымен орыс оқырмандарын тұңғыш рет таныстырады. Г.Саблуков жырдың бір сюжетін 1830 жылы Семей губерниясындағы Көкжиектеді жүрген орыс чиновнигінен түсіріп алады. Мұндай нұсқалар оның қолында көп болған. Оларда Шөже жырының әсері, содан туатын діни сарындар, ержегілік арна күштірек. Жырдың басқа да нұсқалары аз емес. Мысалы, «Қозы Көрпеш» жырының әлеуметік- реалистік мазмұны басым үлгісін 1833 жылы А.С. Пушкин жазып алып, сол жайында поэма жазуды жоспарланғаны анықталды, - дейді фольклорист, ғалым Ә. Қоңыртбаев өз еңбегінде. Жырдың сюжетін А.С. Пушкин Жайық бойындағы кіш жүз қазақтарынан жазып алған. Бұл вариант айрықша бағалы, халықтық мазмұны күштірек болғандықтан, академик А.С. Орлов өзінің «Казахский героический эпос» деген еңбегінде орысының прогресті жұртшылығын ең алғаш қазақ халқының тамаша эпосы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырымен таныстырушы А.С. Пушкин болды деп дұрыс айтады.
Бұдан соң бұл жырдың бір нұсқасын Жанақ ақын аузынан қазақтың тұңғыш ағартушысы, демократы Ш. Уәлиханов жазып алған. Бұл өзіне мектеп жасаған дарынды айтушы, қобызшы Жанықтың өз аузынан шыққандықтан және Шоқанның, Г.Н. Потаннинің жақсы бағалаған жыры болғандан «Қозы Көрпеш» дастанының бір құнды варианты делінеді. Жалғыз–ақ Жанақ нұсқасы Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылған, бізге келіп жеткен жоқ.
«Қозы Көрпеш» жырының қазақ, ұйғыр, барабы татарларының арасындағы түрлі нұсқаларын халық ауызынан жазып алып, сол елдердің өз тілінде тұңғыш рет жариялаған, айрықша еңбек сіңірген зерттеуші-академик В.В. Радлов. Ол «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының әрі алғаш жинаушысы, әрі зерттеушілерінің бірі болды.
«Қозы Көрпеш» жырының қазақша нұсқасын В.В.Радлов 1865 жылы Аягөз бойынан жазып алып, өзінің «Образцы народной литературы тюрских племен» деген кітабының үшінші бөліміне қосқан. Бұл нұсқа 968 жол, бір буынды қара өлеңнен жазылған.
В.В. Радловтан соң «Қозы Көрпеш» жырының қазақша бір нұсқасын 1876 жылы Петербург университетінің профессоры И.Н. Березин өзінің «Турецкая хрестоматия» атты жинағына енгізген. Бұл нұсқа – Жанақ, Шоқан вариантының бір көрінісі.
Қазақтың халық ақындары ішінен «Қозы Көрпеш» әңгімесін Абай ауданынан Шәкір Әбенов жаңғырта жырлаған. Оның өз поэмасы 1936 жылы шықты.
Шөже нұсқасы да революциядан кейін жазылып алынған. Оны бізге жеткізген Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының қолжазбалар қорында Шөже жырының тағы бір үлгісі бар. Айтушысы- Мұқан Машанов, жазып алған (1905)- Бозтай Жақыпбаев. Жырдың тағы бір варианты институттың қолжазбалар қорына 1947 жылы Ұлытау өңірінен келіп түскенді. Соның бәрін Ы. Дүйсенбаев тапқан Әбдірахманов, Фролов, Батырханов нұсқаларына қосамыз. «Қозы Көрпеш» жырының ел ішінде басқа да варианттары болуға тиіс.
Жырдың сан алуан нұсқаларын сөз еткенде, біз қай айтушы қандай өзгерістер енгізеді, оның ерекшелігі қайсы, сол сюжеттердің өзара айырмашылығы неде деген сауалдарға жауап іздейміз.
«Қозы Көрпеш» жырының варианттарын сюжетіне қарай үш түрлі салаға жіктеуге болады:
Мұнда жырдың көпшілік сюжеті трагедиялы болып келеді. Оған Шоқан – Жанақ, Березин, Пушкин, Чеканский, Кастанье, Машанов, Тверитин, Әбенов, Жылқайдаров, Батырханов, Дербісалин, Ұлғашев нұсқалары, барыбы, башқұр, ұйғыр тіліндегі, тағы басқа бірнеше ұсақ кестелер жатады.
Жырдың бұл саласында трагедиялық аяқтама жоқ. Оларда Қозы мен Баян феодалдық қоғам жағдайында өздерінің армандарына жетеді. Бұл - В.В. Радлов пен Бейсембай нұсқасы. В Радлвтың қазақ арасынан жазып алған «Қозы Көрпеш» жыры трагедиясыз болса, барыбы татарларынан жазып алғаны- трагедиялы.
Соңғы салаға жататын нұсқалар - Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында сақтаулы тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазбалары. Бұл варианттарда Қодар қолынан өлген Қозы кейде отыз бір жыл, кейде жеті ай, енді бірде үш күнге тіріліп, Баянмен уақытша қосылып, біраз өмір сүргеннен соң қайта өледі.
«Қозы Көрпеш» жырының сюжеті қазақ, башқұрт, монғол, якут, ұйғыр, Сібір татарларында бар. Соған қарағанда оны бастапқы ертегілік желісі Алтай, Жетісу жағында, оғыз тайпалары дәуірінде туған ба дейміз. «Қозы»- қой аты емес, «оғыз» түбірінен туған. Монғолдар бұл жырды «Козюке», «Козы Еркеш», «Малшы мерген» десе, ұйғырлар «Бозы Көрпеш» дейді.
Жырдың сюжеті XIX ғасырда жазылып алғандықтан, Онда Қарқаралы, Қараөткел, Баянауыл, Қарасақпай, Аягөз дейтін кейінгі дәуір атаулары да жүр. Сол себепті, жыр VIII-XIX ғасырлар арасындағы қазақ өмірінің көп заманын қамтып, өзінше бір энциклопедияға айналған.
«Қозы Көрпеш» жыры көп заманнан бері келе жатқан сюжет болса да, онда XIX ғасырдың орта кезінде қазақ даласында туған саяси-экономикалық өзгерістердің те таңбасы бар. Соны кейінгі айтушылар құдалық, әмеңгерлік салттарының әсерімен жаңғырта жырлаған.
Жырдың өткір, әлеуметтік тартысына сай сюжеттік құрылысы да көркем әрі қонымды. Трагедиялы жырлардың сюжеті негізінен үш салаға бөлінеді: а) екі байдың аңға шығып құда болуы, Сарыбай өлген соң Қарабайдың антын бұзвп, көшуі. Бұл тарау жырдың экспозициясы мен байланысына сай;
ә) Қозының Баянды іздеп табуы, екеуінің табысуы мен өлімі. Бұл сюжеттің дамуы мен шарықтау шегіне тән;
б) Қозы өлген соң Баянның жұртта қалып, Қозы бейітінің басына барып өлуі. Бұл оқиғаның басты шешуі. Жырдың ең басты кейіпкері Баян болатыны да осыдан келіп туады. «Қозы Көрпеш» жыры өзінің тақырыбы жағынан өткен дәуірдің күрделі әлеуметтік проблемасына құрылған мазмұнды, шыншыл проблемалы эпостың бірі. Ол проблема- адам еркіндігі, әйел теңдігі мәселесі. Бұл жырдың өлмейтін көркемдік қасиеті - образдарының қуатында, әсерінде. Баян мен Қозы арасындағы тап теңсіздігі содан туатын жырдың негізгі тартысы қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын философиясын жинақтайды. Жырдың ең құнды жағы- тіл байлығында. Онда араб-парсы сөздігі мейлінше аз, жыр байырғы халық сөзінің мол лексикалық қорына негізделген. «Қозы Көрпеш» диалекті емес, қазақтың әдеби тіл нормасына жол салған эпостық мұраның бірі. Бұл үлгілердің тілі, өлеңдік кестесі, идеясы қарапайым халыққа жақын, түсінікті.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры қазақ даласындағы барлық лиро- эпостық жырларға жол салған шығарма. Сол негізінде «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан», «Есім сері-Зылиха» сияқты көптеген ғашықтық жырлар туған.
ІІ. Негізгі бөлім:
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының зерттелуі
М.Ғабдуллин
|
Бұл жырға өткен ғасырдың өзінде талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан. Жырды ғана сөз қылмай, олардың бейітін де зерттеген. Мысалға,
Г.Н. Потанин жырды аса жоғары бағалап, дүние жүзілік эпостық шығармалардың қатарына қояды. Шоқан да жырды сүйсіне тыңдап, Жанақтан жазып алғаны мәлім. Академик
Радлов, профессор Березин де жырдың ертеден келе жатқан мұра екендігін көрсетеді. Безверхов өз мақаласында халқымыздың ерте заманда туғызған ақындық шығармасы екендігін айтады да, Арыстан ақынның қалай жырлағанын жазады. Ал өлең құрылысын зерттегн ғалым Ф. Корш жырды «халық жыры» деп бағалап, жырдың көркемдігін сөз еткен.
Қозы мен Баянның бейітін зерттегн орыс ғалымдары Абрамов, Пантусов, Кастанье т.б. бейітті ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.
Советтік дәуірде С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» деген кітабында жырда тек Радлов нұсқасы бойынша ғана тоқталады, барлық жырларды үстем таптың шығармалары деп көрсетеді. С.Мұқанов «Батырлар жыры» (1939 ж) туралы еңбегінде жырды халықтық сипаттағы деп дәлелдейді. Революцияға дейін қазақ жастарының, әсірересе қазақ қыздарының ескі әдет-ғұрып шырмауынан шыға алмай, ауыр күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі деп бағалайды. Бұл пікірді Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті» (1944 ж) атты оқулығында, «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері»(1958 ж) монографиясында, Әлкей Марғұлан, М. Ақынжанов та айтады. Жырдың варианттарын салыстыра отырып, Қозы мен Баян жайындағы әңгімелердің негізі халықтық ортада туғандығын анықтайды. Бертін келе жырға арналған ғылыми еңбектер жазылды. Бұл ретте М. Әуезов пен Ы. Дүйсенбаевтың зерттеулерін атауға болады. Мұхтар жырдың қазақ арасынан тараған варианттарын зерттейді, жырдың әдебиеттік жақтарына толық талдау береді. Сонымен қатар жырдың шығу мезгілін мөлшерлейді. Бірсыпыра деректер келтіре отырып, жырдың ХҮ – ХҮІ ғасырлар шамасында шыққандығын айтады.
Қазақтың лиро – эпостық жырларын зерттеген Ы. Д бұл жырды арнайы зерттеді. Бұл жырдың қазақ арасында сақталған варианттарын басқа тілдердің түрлерімен салыстыра зерттейді.
Шоқан, Потанин және басқа да ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жырдың оқиғасы халықтың аңыз – әңгімелерінен туған дейді. Қозы мен Баян тарихи адамдар емес, халықтың аңыз- ертегілері жасаған кейіпкерлер деген қорытынды жасайды.
Жанақтың айтуындағы жырды ел арасынан жинап, 1936 жылы бастырған – М. Әуезов. Оның айтуына қарағанда, Жанақ бұл жырын Сыбанның төресі Солтабай дегеннің үйінде жатып айтыпты деген де сөздер бар дейді. Содан оны басқа ақын – жыршылар үйреніп алып, елге таратыпты, кейінгі айтушы ақындар Жанақ нұсқасына біраз өзгерістер де енгізеді, Қозы мен Баянды арман-мүддесіне жеткізіп, өлтірмей тірі қалдырады.
Мұнысы Жанақ жырына қосылған жамау сияқты дейді Мұхтар.
Жырдың Жанақ айтты деген варианты Жанақтың өз аузынан емес, Бейсенбай деген жыршының айтуынан жазып алынған. Жанақтан Шоқан жазып алған вариант әлі күнге табылған емес. Сондықтан, жырдың Жанақ вариантына бергі ақындар қандай өзгерістер қосқанын анықтау қиын. Бірақ бұл жөнінде М. Әуезов аса орынды пікір айтады:
«Ел арасына тараған Жанақ жырының бір түрінде өлетін Көсемсары емес, Қозының өзі, онда жыр аяғы қайғылы халмен бітетін еді, ал жырдың қуанышпен аяқталуы Бейсенбай ақынның қоспасы, өзгертуі болып табылады», - дейді.
Бұл дұрыс пікір. Өйткені жыр оқиғасының дамуына қарасақ, Қозының өлмей тірі қалуы мүмкін емес.
Демек, бергі айтушы ақындар Жанақ вариантын өңдеп, өзгерткен.
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
Мұхтар Әуезов
|
Халық арасына ең мол таралған ғашықтық жыр – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Қазақтың көне мұрасын жинаушы орыс ғалымдары өткен ғасырда дастанның алғашқы жазбаларын хатқа түсірген
В.В. Радловтың өлеңмен жазылған нұсқасы, Е.А. Кастаньенің қара сөзбен баяндалған варианты осындай. Пушкин архивынан осы дастанның қысқаша мазмұны айтылған қолжазба табылды. Белгілі форльклор жинаушысы Пушкин Орынборға барған кезде оған жазып берген. Сибирьден шыққан талантты ақын Г. Н. Тверитин дастанның желісін орыс тілінде өзінше жырлап шыққан.
Бұл жырдың әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. Жырдың бір түрі орыс тілінде 1812 жылы Қазанда басылып шыққан. Барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын Радлов жазып алып, бастырған. Ойрат тілінде «Қозын Еркеш» дейтін жыр бар. Солардың бәрі де «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын өзіне меншіктейді. Қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше варианттар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. Бізге мәлім болған жырлардың кейбір варианта ертедегі заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреулері бергі ХҮІІІ – ХІХ ғасырда өңделіп жаңғырған.
Жырды 1870 жылы қазақ арасынан жазып алып, орыстың атақты ғалымы академик Радлов немісше және қазақша бастырған. Екінші түрлі бір көркем нұсқасын қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов атақты Жанақ ақынның өз айтуынан жазып алдым дейді.
Шығыс әдебиеті мен араб тілін зерттеуші орыс ғалымы Саблуков хикаяны бұрынғы Семей губерниясы, Көкпекті маңындағы бір жыраудың аузынан жазып алған. Орынбор музейінің басқарушысы, орыс тарихшысы Кастанье, өзінің «Қазақ даласы мен Оренбург өлкесінің белгілері» атты кітабында жырдың толық аудармасын берген. Мұнысы Ғылым академиясының Петербургта шығатынВестнигінде басылған. Кастаньенің аудармасы бойынша хикаяның мазмұнымен қазақ тілін зерттеуші орыс ғалымы Меморанский де таныс болған. Онан соң жырды Петербург университетінің профессоры Березин жинап, 1876 жылы өзініңғ «Түрік хрестоматиясы» деген кітабында басып шығарған. (ІІІ том, 162-170 бет, 1876 жыл.)
1899 жылы хикаяның бір нұсқасын Баранов ел аузынан жинап алып, Петербургтағы «Нива» журналының қосымшасында басып шығарған.
Жырды көп зерттеп, оған үлкен мән берген кісінің бірі – Сібір ғалымы Г.Н. Потанаин (1890 жылы, 9 кітап), одан соң «Русское богатство» деген журналында
(1896 жылы № 8) бұл жырға айрықша тоқталып, оны жоғарыбағалайды.
«Қозы Көрпеш» - жыры туралы Ұлы Октябрь революциясынан бері қарай қазақ тілінде жазылған түсініктер, мақалалар, оқу құралдарының бөлімдері де аз болған жоқ.
Орыстың ұлы ақыны Пушкиннің бір қолжазбасында дастанның орысша жазылған сюжеті табылған. Совет үкіметі тұсында көкшетаулық орыс ақыны Тверитин жырдың мазмұнын өлеңмен орысша жазған. Оның бұл көркем поэмасы 1928 жылы Қызылорда қаласында, содан соң 1941 жылы Москвада жеке дастан болып басылған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Бейсенбай деген ақынға жырдың жаңа айтқан вариантын хатқа түсірткен. Осы Бейсенбайдың аузынан алынған Жанақ айтты дейтін жырдың бір-екі қолжазбасы бар. Осы Жанақ-Бейсенбай вариантын М. Әуезов 1936 жылы Алматыда жеке кітап қылып бастырған. Және бұл нұсқа 1939 жылы басылған «Батырлар жырының» 1 томына енгізілген.
Радлов жинап бастырған жыр революциядан кейін 1925 жылы Москвада қазақша жеке кітап болып басылған. С. Мұқанов пен Х. Бекхожин 1939 жылғы орта мектептерге арнап құрастыратын хрестоматияда осы вариант үзінді түрінде басылған. Бұлардан басқа Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында Шөже ақын айтты дейтін тағы бір көркем ескілеу нұсқасы бар. Бұл нұсқаны Мәшһүр Жүсіп жинаған, әлі баспа көрген жоқ. Бұл жырлардың ішіндегі айрықша назар салатын тәуір нұсқасы осы. Бұдан басқа Ғылым академиясында 1905 жылы Павлодар уезі, Баянауыл қазағы молда Мұқан Машақұлынан Жақыпбаев жазып алатын жырдың екінші түрлі бір қолжазбасы бар. Бірақ бұл вариант кейбір өзгерген сөздерін, кісі аттарын айтпасақ, Шөже нұсқасынан алынған көрінеді.
Жырды көп басып халыққа таратқан орынның бірі – Қазандағы Хұсаиновтар баспасы.
Бұлар дастанның түрліше нұсқаларын 1878, 1890, 1896, 1909 жылдар қазақша кітап етіп бастырған.
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
Қажым Жұмалиев
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры қазақ лиро – эпостарының ең ескі түрлерінің бірі болып саналады.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының қазақ тіліндегі нұсқасын ел аузынан жазып алып, бірінші рет бастырып шығарған В.В. Радлов. Ең соңғы басылуы 1957 жылы Қазақ Ғылым Академиясы, Тіл және әдебиет институты.
1870 жылы мен 1957 жылдардың арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жеке кітап болып та, жинақтарға енгізіліп те талай рет басылып шықты. Оны кімдер бастырып шығарғаны жайлы мәліметтер «Қазақ әдебиеті тарихының» І томында болғандықтан және ол поэманың 1957 жылғы баспасында да келтірілмегендіктен, ол мәселеге әдейі тоқталмадық. Поэманың жиналу, басылу жайлы кеңірек танысқысы келгендер сол кітаптардан деректер таба алады.
Лиро – эпос поэмаларының ішінде біздің әдебиетшілеріміздің көңілін аударып, көбірек зерттелгені де осы жыр. 1941 жылдан бері орта мекиепке арналған оқу құралдарына енгізіліп, жеке тақырып ретінде зерттеліп келеді. Жыр туралы кандидаттық диссертация қорғағанда, негізгі тақырыптарының бірі осы жыр болды. Жоғарғы аталып өткен І томға да жеке тақырып болып енгізілді.
Осылардың бәрінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасы версия, варианттары, идеялық – мазмұны не көрсетеді, образ композициясы, көркемдік ерекшеліктері қандай деген мәселелердің айналасында талдаулар болды. Әйтсе де, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасы жөніндегі зерттеулердің ішіндегі қай жағынан алсақ та ең жақсы жазылғаны – «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томындағы профессор М.О. Әуезовтың мақаласы деуге болады.
Бұл жырдың 16 варианты бар десек, солардың ішіндегі ең толығы да, көлемді, көркемдісі де Жанақ – Бейсенбай варианты.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» варианттарымен таныс адамға ең көркемі осы вариант. Тек аяқ жағындағы жалғамалы бір – екі эпизод пен оқиғаның шешуі болмаса, басқа жағы шебер құрылғандығын зерттеушілердің бәрі де мойындайды.
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының әр түрлі варианттағы мазмұны
1. Шөже ақынның жырлаған варианты бойынша
|
Ноғайлы жұртында Қарабай мен Сарыбай деген екі бай болады. Екеуі де перзентсіз. Аңда жүріп дос болады. «Үйдегі кісіміз жүкті деп» - деп, екеуі де буаз маралды атпайды. Әйелдері жүкті екенін біліскен соң бала тумастан бұрын іштегі балаға ежеқабыл ретімен бел құда болысады. Ұзамай сүйіншіге екі адам келіп, Сарыбайдың әйелі Мамабикеден ұл, Қарабайдың әйелі Қаракөзден қыз туғанын хабарлайды. Екі әке серттесіп, , ұл мен қызды қоспақ болады. Сарыбай құдалықтың қарғы бауы ретінде Қарабайға Айбас деген құлын береді. Сарыбай үйіне жетпей аттан құлап өледі. Қарабай «Қызымды жетім ұлға бермеймін» - деп, Өлеңтінің аяғын өрлей Аякөзге көшеді. Бұған Әлжаппар дейтін құлы мұрындық болады. Қаракөз наразы. Көшкен күні оның сабасы жарылады. Сол жер Ақкөл, Жайылма атаныпты. Қырық нары арып жолда өледі. Аягөзге барған соң Ноғайлының биі Сұлтанғазы Қарабайдың ауылын ерулікке шақөырады. Сонда Шақшақ байдың баласы Қодар Баянға ғашық болады. 90 мырза Баянды алмаққа Қарабайға жалшы болады. Айбас Баянға: «Алтын айдар, шоқ белбеу жарың бар, соны әкелемін» - деп, қанатты биеден туған Бақа айғырға мініп қашады. Сәлемдемеге Баянның домбырасын, бет моншағын, қарқарасын, алтын сандығын, ақ жамшысын алады. Мұны білген Қодар сегіз құлмен Ит ішпес көлінде қуып жетіп атысады. Айбас Қодарлардың мініп келген он алтын атып түсіріп, шөлде жаяу қалдырады. Қодарларды жеңіп, ілгері жүреді. Бірақ адасады. Алдынан өткелсіз қалың орман шығып, Баянның домбырасы мен моншағын ұмытады. Содан ол жер «Домбыралы», «Моншақты» атанған дейді. Сандығы қалған жер «Алтын сандық», «Ақша тау», Бақа айғырдың тоқтаған жері – «Тоқырауын жәмшілі», қарқарасы түскен жер – Қарқаралы * Қазалық. Бақа айғырдың жауыр болған жері «Жауыр бұғы», Баянның туған жері - «Баянауыл» атанған. Мамабикеге барса, ол Айбасқа: «Балама Баянды білдірме, қайта бер», - дейді.
Қозы Көрпеш батыр жігіт болып өседі. Бір кемпірдің үйін садақпен атқанда, ол: «Батыр болсаң, жарыңды тап»- деп, қарғаған соң, шешесінің қолын ыстық бидайға қақтап, Баянның аты-жөнін сұрап біледі. Жылқыға барып, жүгенін сылдырлатса, бір қотыр тай қарайды. Ер-тұрманын салғанша қотыр тай күрең бесті болады. Қоралы қойын қасқырға, түйесін Алакөлге, жылқысын Жидебайға, шешесін құдайға тапсырған Қозы Көрпеш Аягөзге тартады. Шешесі: «Барғаныңнан келме», - деп қарғап қалады. Қозы жолай Айбасты қуып жетеді. Аягөзге барған соң Қозы боранда тоңып өлген бір тазша қойшының киімін киіп, қойға шыққан Баянға жолығады.
Қозы Көрпеш үш жыл қой шетінде жүріп, Баянмен қызық дәурен сүреді. Баян отауында
жатқан Қозыны жеңгесі көріп, Қаракөзге айтса, ол: «Жатса жатсын, өз жары» дейді. Бірақ Қарабай Қодардың тілімен Ноғайлыны жиып, Қозыға көр қазып, өлтірмекші болады. Жиналып келген жаудан Қозы қашып шығады. Бірақ Қозы қауіпті сезіп, Шоқтерекке тығылады. Халін Баян қара торғайы арқылы біліп тұрады. Торғайды бір жолы қырғи қуып, қыздың мақпал шапанын киген жеңгесіне тығылғанда, жеңгесі торғайдың төбе жүнін жұлып өлтіреді. Ол Қодарға жақ еді. Бұдан соң Қодар, Қарабай, Әлжаппарлар торғайдың өлердегі «шоқ» деген сөзінен Қозының жатқан жерін біліп, Шоқтерекке барып, алаңсыз ұйықтап жатқан Қозыны атып өлтіреді. Қыз ызаланып әкесіне «енді мені өзің ал» деп қарғайды. Баян ботасы өлген боз інгенді жетегіне алып, екеуі қосыла зарлайды. Баян ел көшкенде жұртта қалады. Қодар Баянға көңілін білдіріп: «Маған ти» дейді. Қыз: «Тиейін, бірақ Қозыны бір көрсет» деп жауап береді. Шоқтерекке барған соң, Баянның өтініші бойынша, Қодар оның бұрымынан ұстап құдыққа түсіреді. Ол бұрымын қиып, Қозының жанына келіп, зар илеп жылайды.Көзі ілінген Баянға қырық шілтен аян беріп, Қозыны үш күнге тірілтіп береді. Екі ғашық үш күн, үш түн бас қосып дәурен сүреді. Үш күннен кейін Қозы қайта өледі. Бірақ қырық бір қызыр жолығып, екі ғашыққа отыз бір жыл жұбайылық өмір береді. Екеуін түсінде көрген Қаракөз Бақа айғырды ерттеп жібереді. Оларды тапқан Бақа айғырға мініп, Өлеңтінің бойында отырған Қарабай ауылына келеді. Келіп той жасайды. СосынЖұпар қорығында отырған Сарыбай ауылына ұзатылып барады. Барса Жидебай дейтін құлы Қозының шешесін азапқа салған екен. Қозы шешесін азаптан арылту үшін, жылқы сүтіне шомылдырып, уайым-қайғысын кетіреді. Сөйтіп, отыз бір жыл толған соң екеуі қызырдың аянымен Аягөзге келіп, Қозы өледі. Баян тағы да жоқтап жылайды. Сол кезде үстіне бір топ керуен келіп, Баянға ғашық болады. Қозыға бейіт орнатады. Баян ақылы асқанға тиемін деген соң, керуеншілер өзді-өзі төбелесіп, қырылады. Қырылысып жатқан керуеншілер сөйтіп жүргенде, Баян бейітке кіріп, өзін – өзі өлтіреді. Сол керуеншілерден үш адам құтылып, үш рулы елге барып, Қозы мен Баянның хикаясын өлең қылыпты.
|
2. Пантусовтың варианты бойынша
(1898 жылы жазып алған)
|
Мұнда ұл Қарабайдікі, қыз Сарыбайдікі. Қарабай бал аштырып, екі жастың бақытсыздыққа ұшырайтынын білген соң, «тағдыр жазасынан» қорқып, ұлын Аягөзге алып қашады. Сарыбайдың әйелі Қарабай кеткен соң, Баянды қалмақтан асырап алған өгей баласы Қодарға қоспақ болады.Айбас бал аштырып, Қозының келетінін Баянға мәлімдейді. Қодар Қозыдан қашып, Алатауға көшеді. Ел көшкенде Қозы жөнімді тапсын деп, Баян жолай алтын тарағын қалдырады, содан Алтын тарақ атауы қалған. Баянның үш қыз апасы өліп, Баян Қодарға Таңсық моласынан үлкен көл орнаттырады. Таңсық көлі содан қалған. Қодар көлге суды меспен тасиды. Көл жасаған Қодар үлкен қайрат иесі адам ретінде суреттеледі. Қозының Баянды іздеп шыққан жері мұнда да Кастаньенұсқасына ұқсайды. Қозының жолынан күркіреуік түйе, өткелсіз өзен, ит тұмсығы батпайтын орман, алдамшы түлкі, ін сияқтылар кездеседі. Бейітті Шөже жырындағы керуеншілер салып береді.
|
3. Жанақ ақынның жырлаған варианты бойынша
|
Он сан Ормамбет елінде Қарабай және Сарыбай дейтін екі бай болады. Қарабайдың тегі – түрікпен, Сарыбайдың тегі – ноғайлы. Қарабай мен Сарыбай Балталы, Бағаналы еліне көшіп келеді. Балталының елі, оның биі Тайлақ бұларға ерулік беріп, жақсы құрметтейді. Бірақ дүниеқор Қарабай Балталыға көмек беруге жарамайды. Жомарт Сарыбай қойшының сыбағасын тоғыз қылып, сый-сыйпатпен қайтарады. Балталы, Бағаналы елі Сарыбайға риза болып, оны өз елінің қадірлі азаматы етіп таниды. Сарыбай мен Қарабай аңда жүріп дос болады. Екеуі де перзентсіз екен. Достық белгісі үшін екі бай іштегі жатқан екі баласын бір-біріне қосып, белқұда болады. Сарыбай өзінің ұлын көрместен буаз маралды Қарабай тілегі бойынша атқаны үшін қарғыс қаза табады. Қарабай «Жетім ұлға қызымды бермеймін » депбұзыла көшеді. Антын жұтады. Жолай шөлдлен жылқысын өткізе алмай, сандалған жерінде Қодар ұшырасып, құдық қазып, Қарабайдың 90 мың жылқысын қырғыннан құтқарып, Аягөзге жеткізеді. Осының есесіне Қарабай Баянды Қодарға қоспақ болып серт береді. Бірақ Баян оны сүймейді.
Қозы ер жете бастаған соң, Тайлақ бидің інісі Айбас Қарабайдың қыз бермей кеткеніне арланып, Баянды іздеп шығады. Қыздың сәлемдемесін алып, Қозыға Баянның ғашықтығын мәлім етеді. Қозы ел – жұрты Балталымен қоштасып, мал-жанын Тайлақ биге тапсырып, Аягөзге барады. Елеусіз Тазша болып, қой бағып жүріп, Баянмен қосылады. Аңдушы кемпір осы сырды біліп, Қодарға айтады. Қодар мен Қарабай сол елдің жауыз биі Сасанмен ақылдасып, Қозыны тойға шақырып, оған у береді. Бірақ Баянның апалары – Ай мен Таңсық Қозының қашып құтылуына жәрдем істейді. Баянға ғашық болған тоқсан жігіттің бірі Көсемсары еді. Ол Қодарға сиыса алмаған соң, Шоқтеректе жатқан Қозыға келіп, екеуі дос болады. Баян күнде қыз апасын жұмсап, Қозыдан хабар алып тұрады. Қодар Шоқтерекке ұрланып келіп, ұйықтап жатқан Көсемсарыны Қозы деп өлтіреді. Бұл кезде Қозы түлкі қуып кеткендіктен ажалдан аман қалады. Көқсемсарының өлгенін біліп, Қозы Қодар мен Қарабайды өлтіреді. Ел қорыққаннан Баянды Қозыға қосады. Бұлардан Күлеп дейтін батыр туады.
|
Кастанье жазып алған жырдың нұсқасы.
1910 жылы орысша бастырып шығарған.
|
Аңда жүргенде екі бай дос болып, әйелдері қыз туса, екеуі бір туғандай сіңді болсын, бірімізден ұл, бірімізден қыз туса екеуі ерлі-зайыпты болсын деп анттасады. Сол кезде Сарыбайдың басына Бір қара торғай қонады, одан Қарабайға қонады. Қарабай мұны жақсылыққа жорыса, Сарыбай жамандыққа жориды. Айтқанындай Сарыбайдың әйеліқыз туды, Қарабайдың әйелі ұл туды деген хабар келіп, ауылға қайтып бара жатқан кезінде Сарыбай аттан құлап өледі. Қарабай балгерлерге бал аштырса: «Бұл екі жас қосылса, бақытсыздыққа ұшырайды» деген соң: «Тумай жатып әкесін жалмаған қызды балама әпермеймін», деп Қарабай Алатаудан Аягөзге қарай көше жөнеледі. Сарыбайдың Әпесбай деген інісі болады. Қалмақтың асырап алған баласы Қодар Сарыбай өлген соң Әпесбайды шеттетіп, Баянды өзі алмақ болады. Әпесбай Баянның хабарын беруге Аягөздегі Қозыға аттанады. Бұл кезде шешесінен Баянның хабарын естіген Қозы да Баянды іздеп шыққан еді. Қозының алдынан бір мыстан сиқыр шығып, оны адастырмақ болады. Бірде мыстан адам жегіш, күркіреуік түйе, бірде ит өтпес тоғай болып бөгет жасайды. Тоғайды қылышпен шабады. Одан соң алдынан түлкі болып шығып, жолдан адастыруға тырысады. Түлкі қашып бір інге тығылады. Оған найзасын сұқса, найзасы алтын жалатқандай жылтырап шығады. Осы ретпен Қозы өзінің барлық ер-тұрманын және айдарын да алтындап алады. Қозы Баянның жұртына келсе ауылы көшіп кеткен. Алдынан тек Қозыны іздеп шыққан Әпесбай ғана кездеседі. Қартайған Әпесбай Баянның басындағы ауыр ахуалды, оның ғашықтығын айтып, сол жерде өледі. Қозы қотыр тазша болып, Сарыбайдың жылқысын бағады. Бір күні Қодар қалмақтардың тойына кеткенде, Баян бастаңғы жасап, қотыр тазшаға домбыра тартқызады. Алтын айдарын көріп танысады, сүйіседі. Қозыны Баян өз қолына құл қылып алады. Қодар Қозының бұл мінезін біліп, сынамақ үшін жұртта қалған ауыр балғасын әкелуге жұмсайды. Қозы балғаны қақпақыл ойнатқандай алып келе жатқанда, Алакөлге түсіріп алады. Екеуі сайысып, Қозы Қодарды аттан аударып алады. Қодар таудан қалмақтарын ертіп әкеліп, соғысады. Мұнда да жеңіліп қалады. Екі жас дос болып, жаулық істемеске ант ішеді. Бірақ Қодар антын бұзып, қыздың ата-анасын, жеңгесін, ноғайлы елін өзіне қаратып алады. Қозыны өлтірмек болған соң, ол Шоқтерекке қашып құтылады. Қодар Шоқтеректе жатқан Қозыны іздеп тауып, тағы да құшақтасып дос болады да, абайсызда атып өлтіреді. Басын найзаға іліп Баянға әкеледі. Баян Шоқтерекке барып, өзінің ғашығын үш күнге тірілтіп алады. Қырық ту бие, қырық ту сиыр сойып,Қозының асын беріп, ақ жауып, арулап көмеді. Құдыққа су алуға түскен Қодарды бұрынғы нұсқаларда айтылған түрде Баян өз бұрымын қиып жіберіп, құлатып өлтіреді. Құба түзде Қозы басында зарланып отырған Баянға бір топ керуен жолығып, олар Арғанаты тауынан Аягөзге қолымен тас жеткізіп, бейіт салады. Бейіт біткен соң Баян өзіне-өзі қанжар салып өледі.
|
5. Абрамов нұсқасының мазмұны
1958 жылы жазып алынған
|
Мұнда ұл Қарабайдікі, Қыз Сарыбайдікі. Абрамов жырды ХҮІІ ғасырда шыққан дейді. Мұнда Айбас баянды іздеп барса, Сарыбай қызын Қодарға бермек болғаны анықталады. Баянның қарқарасын, алтын бақанын да алып, Айбас Қозыға қыздың сәлемін жеткізеді. Қозы Баянды той үстінде алып қашып, тауға жасырынады. Содан ол тау «Баян жүрек» атанған. Ай және Аягөз (кейбірінде Айғыз) деген қыздарын ертіп, Сарыбай Баянды іздейді. Бірақ, екі қызы Баянды іздеспей, тас болып қатып қалады. Ай және Аягөз өзендері содан қалған дейді. Қашып жүрген Қозы мен баянды Қодар тауып, тауда Қозыны өлтіреді. Қодарды Баян құдыққа түсіріп өлтіреді. Сол жерде Қодардың тас суреті қалған. (Қызыл қиядан тоғыз шақырым, Кіші Аягөз жолында). Баян Қозыны азалап отырғанда, қырық шілтен оған үш күндік өмір береді. Баян да сол жерде өлген. Бейітті қыздың ат-анасы салдырады деп әңгімеленеді.
|
6. 1909 жылы Қазанда бастырылған «Қисса Қозы Көрпеш» жырының
нұсқасы.
Жырды айтушы Гурьев (Үйшік) Орал жағынан шыққан ақын болу керек.
|
Бұл жырда да қыз әкесі Сарыбай. Жырдың бұл нұсқасында ата-ананың теріс батасына көп мән берілген. Батыр мінезді Қозы бір кемпірдің өрмегін үзіп, шешесінің қолын бидайға қақтап, Баянның хабарын білгеннен кейін Бозшұбарға мініп, Баянға кетпек болады. Шешесі әкелген қызға Қозы қарамайды. Қозыға шешесі: «Төрт түлік малың қалды, оны қайтесің» дегенде, Қозы: «Жылқымды қалмақ алсын, түйем сарысудан қырылсын, қойыңа топалаң келсін» деп жауап береді.
«Оюлының он бөрісінен айқай салып өтемін, Қиюлының қырық бөрісінен қиқу салып өтемін, ну шеңгелге өрт қоямын, ен дария емшек сүтің көрің тұтса, одан да кеме мініп өтермін» дейді.
Шешесі: «Бұл жолың оңғарылмас, балам» деп қала береді.
Ата тілін тыңдамай кеткен бала,
Жолынан аман қайтып үйін көрмес,- деп жырлайды. Бақытсыздыққа осы себеп болды деп ұйғарады.
Қозы әкесіне: «Батаңды бермесең де, жол сілте» дейді.
Әкесі: «Қырық бір күнде Аягөзге барасың, сонда бір кемпір кез келер» деп жауап береді. Кемпірге келсе ол: «Атың арық, жүзің сарық, жол болсын, балам!» дейді.
Ерні сетік сары атан көрдің бе? – дейді Қозы.
Ерні сетік сары атан қайын атаң Сарыбай болмасын?
Сылаң аяқ құба інген көрдің бе?
Сылаң аяқ құба інген қайын енең Құба кемпір болмасын?
Жез бұйдалы нар тайлақ көрдің бе?
Ол сүйген жарың Баян шығар?
Қозы кемпірден су сұраса: «Саумал ішкен бала едің, су сұраған не еткенің?- деп тәлкек қылады, су бермейді.
Шоқтерекке келген Қозының хабарын қыздың торғайы біліп, оны отауға әкеледі. Қыз жеңгесі сүйіншіге көк етігін алады. Бұдан арғы жері Шөже вариантына ұқсас.
Жалғыз-ақ Қозымен отыз бір жыл өмір сүру оқиғасы жоқ. Тек Баян Қозының үш күндік өмірін сұрап алып, екеуі бір жерде өледі. Мұнда да Қарабайдың аты Сарыбайға таңылған. Айбас, Тайлақ жоқ. Жырға Қозыдан басқа Әлжаппар, мыстан кемпір енген.Шөже нұсқасындағы отыз бір жыл тіріліп қосылу, бейіт соғу оқиғалары жоқ.
Бұл үш нұсқаның үшеуінде де жырдың аяғы қайғылы, трагедиямен бітеді.
|
7. С. Барановтың нұсқасы
|
Аягөз, Тарбағатай, Алакөл, Алатау, Балқаш төңірегінде туысқан екі кісі мекен етіп жүреді. Оларды Қарабай мен Сарыбай деп атаушы еді. Екеуі ұлы мен қызын бала күнінен атастырып қойса керек. Бірақ әлдекім ел ішінде «бұл екі бала қосылса бақытсыз болады» дейтін сөз таратып жібереді. Қарабай осыған сеніп, жайлаудан Аягөзге көшіп кетеді. Сарыбайдың ағасы Ажыбайдың «серттескен антымызды берік ұстайық, адал көңілді айнытпайық » дегеніне Қарабай көнбейді. Көп уақыт Баянауыл тауын жайлап отырады. Сол арада Баян сұлуды көруге жан-жақтан серілер жиналады. Қодарқұл олардан баянды қызғанып, өзінің құдық қазған еңбегін айтып, қызға қолқа салады. Еріксіз алмақ болған Қодарға Баян үш түрлі қиын жұмыс тапсырады: 1. Малдың есебін ал;
2. сусыз жерден көп терең құдық қаз;
3. Таңсықтың күмбезінің қасына Аягөздің суын келтіріп, үлкен көл
жаса, - дейді.
Қодар бұның бәрін істейді. Бұл кезде Баян сұлуды іздеп Қозы Көрпеш елінен шығады. Жол-жөнекей талай қиындықтар көреді. Баянауылға келсе Қарабай көшіп кетіпті. Ессіз жұртта киіктің етін қақтап жеп отырған бір қарияға жолығады. Ол Қозының жолын тосып отырған Ажыбай қария екен. Қозыға жөн сілтеді.
Қозы Қарабайдың ауылына келіп, малын бағып жүре береді. Ендігі ойы өзінің кім екенін Баян сұлуға айтып жеткізу. Бір күні Қодар жоқта киіз үйдің есігінің алдындаотырып, күй тартып, ән салады. Өлеңіне Баян сұлу мен Қозыкені жас күнінен атастырып қойған тарихын арқау етеді. Сөз арасында анда-санда «Жақында досы келеді, қабылдар ма екен қалыңдық» деп қайталап отырады. Баян турасынан «қабылдаймын» дейді. Бір күні Қозының жарқыраған алтын шашын Баян көріп қалып, оның Қозы екенін таниды. Содан кейін күймеде бірге жатып жүреді. Соңғы сарындары өзгелерде айтылып жүрген мотивтермен бірдей.
|
№
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» бейітіне байланысты
шыққан аңыз, әңгімелер
|
1.
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кешенін тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 мың кісі) жіберіп, ас беріп, ат шаптырып, той жасайды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күмбезін берік етіп тұрғызып, екеуінің кескін-келбетін тасқа түсіреді. Әсіресе Баян сұлудың бет ажарын әдемілеп келтіреді.
(Радлов варианты б\ша)
|
2.
|
50 мың кісі бастап келген Айбас. Олар үш көш жерден (90 км.) тас тасып, Аягөздің биік белесіне күмбез орнатады. Ол күмбез әлі тозған жоқ.
(Жанақ варианты б\ша)
|
3.
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күмбезіне қалаған тасты басқа бір таудан әкелген. Тау мен Аягөз өзенінің екі арасына көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле шеп құрып тасты бір қолдан бір қолға беріп, жеткізіп тұрған.
(Халық аңызы б\ша)
|
4.
|
Қодар Қозыны өлтіріп, Баянға: «Маған ти» дейді. Қыз: «Тиейін, бірақ Қозыны бір көрсет» деп жауап береді. Шоқтерекке барған соң, Баянның өтініші бойынша, Қодар оның бұрымынан ұстап құдыққа түсіреді. Ол бұрымын қиып, Қозының жанына келіп, зар илеп жылайды.Көзі ілінген Баянға қырық шілтен аян беріп, Қозыны үш күнге тірілтіп береді. Екі ғашық үш күн, үш түн бас қосып дәурен сүреді. Үш күннен кейін Қозы қайта өледі. Бірақ қырық бір қызыр жолығып, екі ғашыққа отыз бір жыл жұбайылық өмір береді. Екеуін түсінде көрген Қаракөз Бақа айғырды ерттеп жібереді.
( Шөже варианты б\ша)
|
5.
|
Қозы мен Баян екеуінің бейітінің үстінен екі гүл шығады да, бір-біріне созылып, ұмтыла өседі. Сол екі гүлдің ортасына бір тікен бітіпті. Гүлдер – Қозы – Баян, тікен – Қодар екен деседі. Бұлай болатын себебі: Қодарды Баян қырық құлаш құдыққа түсіріп жіберіп, өзі кесекпен атып өлтірерде Қодар айтқан сөз бар: «Тірлікте екеуіңді қоспап ем, өлсем де екі араңа көк тікен болып шығармын»
(Халық аңызы б\ша)
|
Достарыңызбен бөлісу: |