2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. Экспо-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата22.11.2023
өлшемі29,03 Kb.
#192877
Байланысты:
9кл қаз т 2-тоқсан 1-бжб
9кл бжб2,2-тоқсан қаз т, ІІ тоқсан 9-сынып Қазақ әдебиеті БЖБ 29.11.2022, 9кл бжб 2,2-тоқсан әдеб

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.


Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігі
Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап, туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі.
Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі
– «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.
10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты.
Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі – Ұлы Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты, екіншісі – өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт – тәуелсіздігіміз баянды болсын!


1.Мәтіндегі жай сөйлемдерді біріктіріп, салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер құраңыздар.


2.«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – тәуелсіз Қазақстанның мақтанарлық жетістіктерінің бірі. Өз тарапыңыздан мәтін тақырбына орай Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігін ойластырыңыз.



Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелермен байланыстырады
.

1

Мәтіндегі жай сөйлемдерді біріктіріп, салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер құрайды

2







2

Жеті жетістікті көрсетеді:
1-жетістік
2-жетістік 3-жетістік 4-жетістік 5-жетістік 6-жетістік 7-жетістік

1
1
1


1
1
1
1

Барлығы

9









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет