Сабақ Тақырыбы: «Жай және құрмалас сөйлем»



Дата21.07.2017
өлшемі0,73 Mb.
#21875
түріСабақ
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №1 орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жай және құрмалас сөйлем»

Мұғалімі: Шырдабаева Гүлжамал Нәдірқызы

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:Жай және құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығын , жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасауды және құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыруды үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану пәндері

Сабақтың әдіс- тәсілдері: СТО әдістері: Топтастыру стратегиясы,Венн диаграммасы,Семантикалық карта,эссе жазу, сұрақ-жауап,талдау әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,электронды оқулық, слайд-суреттер мен сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық:) 1-слайд( Релаксация. Музыка ырғағының астында дем алу. Өзімізге ыңғайлы етіп, дұрыс отырып, көзімізді жұмып, денені бос ұстау. (елестету)

Көктемнің жайма шуақ бір күні, сен табиғат аясына дем алуға шықтың. Айнала қандай әсем! Құлпыра өскен қызғалдақ, түрлі – түсті көбелектер айнала ұшып жүр. Сенің бір ағаштың басында отырған бармақтай құсқа көзің түсті. Оны шошытып алмайын деп ағаштың түбіне жақындап келіп, әлгі құстың даусын тыңдадың. (Құстың даусын қосу) Ол – бұлбұл екен. Сен бұлбұлдың әуенін жадыңда сақтап қалдың. (Шапалақ соғу, көзді ашу)




ІІ. Өткенді қайталап, үй жұмысын тексеру: (2-слайд)

I-топ –Жай сөйлем III-топ-Жалаң сөйлем



II-топ-Құрмалас сөйлем IV-топ-Жайылма сөйлем

III «Топтастыру стратегиясы» арқылы төмендегі сөйлемдерді сұрақ қоя отырып,мына екі киіз үйге орналастырыңдар:)3-слайд)

Сөйлемдер:

Айжан кітапты көп оқиды.Бұлбұл сайрады.Қанат шахтада жұмыс істейді,оны жұрт құрметтейді.Бір топ бала іске жұмыла кірісіп,коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты.Дәу қара құс көрінді.Лезде аспанды бұлт торлап,жаңбыр құйып кетті.



Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (4,5-слайд)



ІV.Жаңа сабақ: (6-слайд)

«Ыстық орындық»

-Сөйлем айтылуына қарай неше түрге бөлінеді?

-Сөйлем айтылуына қарай үшке бөлінеді:хабарлы сөйлем,сұраулы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мысал келтір.

-Жалаң және жайылма сөйлем.

-Мысал келтір.

-Жай және құрмалас сөйлем.

-Мысал келтір.

-Құрмалас сөйлемді тілімізде не үшін қолданамыз?

-Күрделі ойды білдіру үшін көбіне құрмалас сөйлем қолданылады.Ал жай сөйлем қанша жайылма болғанымен,күрделі ойды жеткізе айтып,ұғымды етіп беруге жарай бермейді.

-Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?

- Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына жазуда көбінесе үтір қойылады.


Енді оқушылар,электронды оқулыққа қарайық.Жаңа тақырып туралы мағлұмат беріледі.

Ережемен жұмыс

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.Оның құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып,үтірмен ажыратылған.

Жай сөйлем Құрмалас сөйлем Құрмаласу тәсілі

Жаңбыр жауды.Жер көгерді.Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.Баяндауыштың тиянақты формасы.

Күн шықты.Мал өріске кетті.Күн шыққан соң, мал өріске кетті.Шылау арқылы.

Бет қаратпайтын боран болды.Қапан қалаға бармады.Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан қалаға бармады.Қосымшалар арқылы.

Көркем жазу сәтін өткізу: (7-слайд)

Оқулықпен жұмыс: (8-слайд)
37-жаттығу: Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.

Біздің сынып шәкірттері тәртіпті,білімді болса ұстаз қуанады туған жерге туың тік туған жердей жер болмас туған елдей ел болмас мен өз елімді сүйемін бірлік болмай тірлік болмайды.
(9-слайд)

38-жаттығу: I- топ

39-жаттығу: II-топ

40-жаттығу: III-топ

41-жаттығу: IV-топ

Әр топ жаттығуды орындап,бір-біріне толық талдап түсіндіреді.



Сергіту сәті: (10-слайд)

«Ортадағы адам»

Топтық жұмыс. (11-слайд)

I-топ –Семантикалық картамен жұмыс

Сөйлемдер ---------- Жай сөйлем -------- Құрмалас сөйлем

II-топ-Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыру.

III-топ-Эссе жазу

IV-топ-Венн диаграммасы



Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Сабақты бекіту: (12-слайд)

Оқушылар « Бағдаршамның түстері» арқылы мұғаліммен кері байланыс жасайды.


Үйге тапсырма беру: (13-слайд)

43-жаттығу 71 бет

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық. Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.



Оқушыларды мадақтау,смайликтер арқылы бағалау. (14-слайд)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет