Еліміздің сыртқы қарызын бақылау және басқару



Дата19.01.2023
өлшемі30,32 Kb.
#165878
Байланысты:
Еліміздің сыртқы қарызын бақылау және басқару
Документ (12), док, порт рио, Салам, 10 А класс, Реле-2 зерт, №2 Қан ОМ и ПФ ПР^MБОӨЖ - 2022-23 (копия)нн, Hepatopotectors(1)


Еліміздің сыртқы қарызын бақылау және басқару

Жалпы сыртқы қарыз - белгiлi бiр күнде игерiлген және өтелмеген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар сомасы;


Сыртқы қарыз - шетелдiк несие берушi - қарыз берушi, ал Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынасы;


Сыртқы қарыз алу - қарыз қаражатын тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауды, шетелдiк несие берушiлермен келiссөздер жүргiзудi, қарыз бойынша тиiстi құжаттарға қол қоюды, қарыз шартын бекiтудi (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу жағдайында), қарыз қаражатын алуды, есептеудi және пайдалануды, сондай-ақ алынған қаражатқа қызмет көрсетудi және оларды өтеудi қамтитын процесс;


Ішкi қарыз алушы (түпкi қарыз алушы) - Қазақстан Республикасының Үкiметiнен және Ұлттық Банкiнен қарыз ресурстарын алушы Қазақстан Республикасының резидентi;


Мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш - белгiлi бiр күнде игерiлген және өтелмеген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар сомасы.

Қазақстанның сыртқы қарызы 2021 жылдың 11 қазан күні 166700000000$-ды құрады.-


Қазақстанда қазіргі таңда 19 млн халық бар. Сырттан алған қарызын тұрғындардың бәріне бөлсек, еліміздің әрбір адамы, мейлі қария, мейлі дүние есігін ашқан сәби болсын шет елге 8773$ қарыз.


Статистикаға сүйенсек, 2021 жылы Қазақстанның Бермуд аралдарынан алған қарызы 7,3%- ға,Ұлыбританиядан алған қарызы 6,9%-ға өскен.

Ұлттық банктің деректері бойынша, елдің берешегі 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша $166,7 млрд құрады, бұл $6,9 млрд-қа немесе 4,3%-ға, 2020 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен артық.


Қарыздың ең көп көлемі Нидерландыға тиесілі – $ 44,7 млрд. Бір жыл ішінде ол 0,2%-ға қысқарды. Сондай-ақ, Қазақстан Қытай алдындағы берешекті – 4,7%-ға, $9,7 млрд-қа, Жапония алдындағы берешекті – 3,5%-ға, $5,5 млрд-қа дейін азайта алды.


Өз кезегінде, бір жыл ішінде халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер күрт өсті – 15%-дан астам, $11,4 млрд-қа дейін, Ресей – 8,5%-ға, $9,7 млрд-қа, Бермуд аралдары – 7,3%-ға, $10,2 млрд-қа, Ұлыбритания – 6,9%-ға, $23,3 млрд-қа дейін.


Сонымен қатар, Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 млрд, БАӘ – $2,4 млрд, Германияға $2,3 млрд қарыз болды, ал Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдында сыртқы міндеттемелер әрқайсысы $100 мың.


Бұған дейін хабарланғандай, ЕАЭО елдерінің жиынтық мемлекеттік борышы $342,8 млрд құрады, Қазақстанның үлесі $52 млрд жуық.

Қазақстан сыртқы қарыздан қалай құтылады?


Ақиқат үшін айту керек, Қазақстан қарызға белшесінен батып, қол қусырып, қарап отырған жоқ. Қарыздан құтылудың тиімді жолдарын қарастырып жатыр. Мысалы 2016 жылдан бері 2017-2019 жылдарға арналған сыртқы қарыз алу қоржынын оңтайландыру қолға алынып,


«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында Euroclear жүйесі арқылы теңгемен еврооблигация шығару жоспарланды. Бұған қоса қарыз алу көздерін әртараптандыру мақсатында ислам облигацияларын, яғни сукук шығаруға назар аударылды.

Экономист Сапарбай Жұбаев мемлекеттік қарызға қатысты үрей туғызудың қажеті жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, алынған ақшаның 3/1 бөлігі ғана сыртқы қарыз, қалғаны бюджет тапшылығын жабу үшін алынған ішкі қарыз. Ал «Pro Gente» экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі Мақсат Халық мемлекеттік қарыздың еселенуі ұлттық экономика үшін тиімді емес екенін алға тартады.


Қазақстан басына күн туса аман алып қалатын


1-2 тетік бар еді…
Осы жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанның алтын қоры 35 600 000 000$ құраған. Айдың басымен
салыстырғанда, 1 200 000 000$-ға кем.
Елімізді алай-дүлейден алып шығатын екінші құрал- Ұлттық қор. Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2 000 000 000$-ға кеміген.
Ұлттық банктің төрағасы мұны әлемдегі алтын бағасының төмендеуімен байланыстырады.

Сыртқы қарызды бақылау


Қазақстан Республикасы жалпы және мемлекеттiк сыртқы борыштарының ағымдағы жай-күйi туралы, сыртқы қарыз бойынша алынған қаражаттың сомасы және олардың пайдаланылуы туралы, сыртқы борышты өтеу есебiне, төленген қаражат сомасы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының берiлген мемлекеттiк кепiлдiктерi және осындай кепiлдiктер бойынша төленген қаражат сомалары туралы мәлiметтер ашық мәлiметтер болып табылады және оларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанында жыл сайын жариялап отыруға тиiс.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстанның мемлекеттік секторы әлемнің қалған бөлігіне қатысты таза кредит беруші болып табылады (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сыртқы активтер ішкі міндеттемелерден 47,5 млрд. АҚШ доллары немесе 4,9 есе асты), яғни қалған әлем оларға қарағанда, бізге көп қарыздар.


Қорытынды:


Үкіметтің ішкі қарызының өсуі қобалжуға түрткі болатын мәселе.
Біз шикізатқа тәуелді мемлекетпіз. Сондықтан әлемдік мұнай бағасына байлаулымыз.
Мұның дәлелі мұнай баррелінің бағасы шарықтап тұрғанда біздің елде бюджет тапшылығы болған жоқ.
Мұнай бағасы құлдырағаны сол еді, бюджет тапшылығынан көз ашпай қалдық.
2022 жылы сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімге шаққандағы көрсеткіші небәрі 0,3 пайызға төмендеп, 31,3 пайызды құрайды.
Ал 2026 жылы 37 триллион теңге болады. Үкімет мұны қауіп ретінде қарастырып отырған жоқ. Өйткені ұлттық жоспарда оның ішкі жалпы өнімге шаққандағы көлемін 50 пайызға дейін көтерген. Бірақ экономикамыз әлі күнге дейін шикізатқа тәуелді. Сыртқы нарықтардың құбылмалы болуы тағы бар. Әлемдік экономика тұрақты емес. Бұның барлығы кері әсерін тигізуі мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер: https://youtu.be/0ZOcWWbcA_Q https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000090_ https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B1%D0%BE%D1%80%D1%8B%D1%88 https://www.nationalbank.kz/kz


https://inbusiness.kz/kz/amp/news.
Орындаған: А.Қызбалаева
Д. Нусипов
Жетекші: Н. Гумар




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет