Мемлекеттік борыш және оны басқару



бет1/9
Дата10.06.2020
өлшемі0,58 Mb.
#72880
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саида 13 билет


  1. Мемлекеттік борыш және оны басқару


Мемлекеттік борыш — бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша ессптелген пайыздарды қоса).

Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.

Орналастыру нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.

Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмегсн борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш — бұл мемлекеттің барлық борырышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

ҚР-да мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер, борышты несиегерлердің түрлері (типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспорт қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноттары мен сурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Орналастырылған сурооблигацияларды өтеу мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардын негізі баптарының бірі болып отыр.

Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Мемлекеттік борышты басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте - борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік борыш мониторингі жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет