Бәйшев университеті
«МӘНЖАЗБА»
Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
Тексерген: Алманов Ж.Т
Дайындаған: Акмурзина М.Р
2021- 2022
Кіріспе:
1)Астық сақтаудың кезіндегі бақылауды ұйымдастыру
Негізгі бөлім:
1)Сақтау кезінде астықта болатын шығындар
Қорытынды бөлім:
1)Табиғи шығынды есептеу
Кіріспе:
1)Астық сақтаудың кезіндегі бақылауды ұйымдастыру
Астықты өлшеп, сапасын тексеріп, қабылдаған соң оны қадағалап тұру, қажет кезінде шаралар қолданып отыру жауапты жұмыс. Әсіресе, жаңа жиналған астықта физиологиялық процесс толық аяқталмағандықтан оны жиі бақылап тұрады. Дегенмен бақылаудың астық сапасы бұзылмайтын, құрамындағы өзгерістерді толығымен қадағалап тұруға мүмкіндік болатын экономикалық тиімді жоспары жасалады.
Астық сапасын бақылау жоспары бойынша белгіленген мерзімде оның температурасы, ылғалдылығы, ластығы, зиянкестермен зақымдануы, түсі және иісі тексеріледі. Тұқымдық мақсаттағы астықта бұл белгілерге қосымша өнгіштігі мен өну энергиясы анықталады.
Ылғалдылығы. Астықты орнынан қозғаған кезде, белсенді желдеткеннен кейін әрбір партиядан алынған орташа үлгіден ылғалдылығын анықтайды. Анықтау жиілігі қоймада жатқан астықтың сол кездегі жағдайына байланысты:
құрғақ, орташа құрғақ және салқындатылған астықтарда- айына 1 рет;
ылғалды және сулы топтағы астықтарда – 10-15 күнде 1 рет;
тұқымдық мақсаттағы дәндердің ылғалдылығын айына 2 рет анықтайды.
Зиянкестермен зақымдануы. Бұл көрсеткіш қойманың әр секциясынан үйіндінің биіктігіне байланысты жеке үлгі алу арқылы анықталады. Үйінді биіктігі:
1,5 м дейін болса, екі тереңдіктен;
1,5 м-ден жоғары болса, үш тереңдіктен ұя алады.
Сонымен қатар, қойманың зиянкес шоғарылатын жерлері, әсіресе, астық үйіндісінің ең жоғарғы бөлігі, ылғалдылығы, ластығы жоғары жерлері, қабырға мен бағананың маңайы толық тексерілуі тиіс. Бақылау мерзімі ауа температурасына сай келесі жиілікте жүргізіледі:
температура 150С-тан жоғары болғанда 10 күнде 1 рет;
температура 5-100С аралығында -15 күнде 1 рет;
температура 50С-тан төмен болғанда айына 1 рет.
Сақтау кезінде астық массасының күйі онда жүретін физиологиялық процестердің қарқындылығы мен қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгереді. Астық массасында орынсыз процестердің дамуын болдырмау үшін сақтау кезіндегі өндірістік шығындар мен астық шығынын азайтуды қамтамасыз ету үшін бүкіл сақтау кезеңінде оған жүйелі түрде бақылау жүргізген жөн.
Сақтау кезеңіндегі астық массасының күйін сипаттайтын көрсеткіштерге оның температурасын, дымқылдығын, қоспалар мөлшерін, залалдану күйін, жаңалық көрсеткіштерін /иісі, түсі/ өнгіштігі мен өну энергиясын /тұқымдық астық топтарында/ жатқызады.
Температура. Астық күйіне сипаттама беретін белгінің бірі оның температурасы. Бұл көрсеткішті астық массасының барлық қабатынан анықтап отыру қажет.
Ірі астық сақтайтын қоймаларда, астық қабылдау мекемелерінде, элеваторларда астық температурасы қашықтықтан анықтайтын қондырғылармен бақыланады. Мұндай мүмкіндік жоқ шаруашылықтарда қажетті тереңдіктегі температураны ұзын тұтқасы бар термометрлермен анықтайды. 1,5 м-дейінгі астық үйіндісінің беткі қабатынан 30-50 см тереңдікте, одан жоғары биіктіктегі астықтан екі тереңдікте (үстіңгі және астыңғы қабатынан) өлшеу жүргізеді. Термометрді астық секцияларына арақашықтығы 2 м шамасында алшақ етіп, үйінді деңгейі диоганалының бойымен сұғады. Жаңа жиналған астықтың ылғалдылық деңгейі әр түрлі болған кездегі бақылау ерекшеліктері келесі кестеде келтірілген.
Астық температурасын бақылауда қойманың күн сәулесі мол түсетін оңтүстік беткейіне көп көңіл бөледі. Өйткені, қойманың осы жағында зиянкестер мен микроорганизмдердің өміріне қолайлыжағдай туып, дәннің өнуіне мүмкіндік болады.
Сонымен қатар, қойма ауасының температурасы да жиі анықталуы тиіс. Термометрлер күн сәулесі тура түспейтін орындарға ілінеді.
Астық массасындағы қоршаған орта мен физиологиялық процестердің әсерінен өзгеретін маңызды және барынша сезімтал көрсеткіш. Астық температурасының көтерілуі физиологиялық процестердің белсенділігін және өздігінен қызудың басталғанын көрсетеді. стық массасының температурасына бақылау жасағанда сыртқы ауаның және қоймадағы ауаның да температурасын есепке алған дұрыс. /кесте/
Дымқылдық – сақтаудың негізгі факторы. Ол жоғарылағанда астық массасының барлық компоненттерінің тіршілік әрекеті күшейеді де, астықтың бүлінуіне әкеліп соғады. Астық массасы дымқылдығы тыныс алу және басқа процестердің нәтижесінде бөлінетін ылғалға байланысты жоғарылайды: бұл құбылыс астық пен атмосфералық ауаның бірімен бірінің әрекеттесуінің әсерінен болатын, астық массасындағы сорбция және десорбцияға байланысты өзгереді.
Жалпы астық массасы дымқылдығының жоғарлауы ғана емес, үйінді қабаттарында да дымқылдың әркелкі болуы зиянды, өйткені мұндай жағдайда жекелеген жоғары дымқылдықты учаскелер пайда болады, әрі астықтың қабат –қабат болып өздігінен қызуына әкеліп ұрындырады. Астық дымқылдығының күйін оны сақтауға құйғанда, сақтау кезінде, сыртқа жөнелткенде және кез-келген өңдеу түрінен кейін /тазарту, кептіру т.б/ тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |