Мемлекеттік борыш және оны басқару


Қарыз капиталы: құрамы мен құрылымы. Қаржылық тетік әсері



бет7/9
Дата10.06.2020
өлшемі0,58 Mb.
#72880
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саида 13 билет

Қарыз капиталы: құрамы мен құрылымы. Қаржылық тетік әсері.


Қарыз капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар

кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.



Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды. Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы - ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.

Қарыз капиталы келесідей артықшылықтармен сипатталады:

- Кәсіпорынның несиелік рейтингі жоғары болғанда, оның кепіл қалдыру немесе гарант беру негізінде қарыз тарту мүмкіншілігінің кеңдігі;

- Кәсіпорынның активтерін кеңейту және оның шаруашылық қызмет көлемінің қарқынды өсуін жоғарлату және кәсіпорынның қаржылық потенциалын өсіру қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі;

- Салық салу есебінде меншікті капиаталмен салыстырғанда қарыз капиталы құнының төмендігі;

- Қаржылық тиімділіктің өсуін генерациялау қабілеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет