Банктік менеджмент, оның мазмұны мен ерекшеліктері. Адам капиталын басқару
Менеджмент – басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі туралы ғылым, бірақ оның ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады. Қысқа мағынада менеджментті – адамдар ұжымын басқару және ұйымдастыру, кең мағынада – банк қызметін және оның персоналдарын басқару және ұйымдастыру деп түсінеміз.
Банк менеджменті деп – осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді.
Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды:
Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол жоспарлау, осы процесс барысында – перспективаға іс әрекетті анықтайтын, банк саясаты құрылады. Жоспарлау, жиынтық көрсеткіштер негізінде банк қызметінің барлық жақтарының өзара байланыстыруға және оның орындалуын еңбекке ынталандыру жүйесі арқылы ұжымның мүддесімен байланы- стыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлауды, банктің ішкі мүмкіндіктерін және ақша, валюта нарықтарының коньюнктурасын талдау негізінде, жалпы банк қызме- тінің бағыттарын, жаңа сфера мен өнім түрлерінің тиімділігін баға- лайтын процесс деп тануға болады. Жоспарлаудың негізгі бағыты, нарық жағдайында банк қызметінің технико-экономикалық негізделуі ретінде бизнес-жоспарды жасау. Бизнес-жоспарды дұрыс пайдалана білу – қаржы ұйымдарын тиімді басқарудың негізін құрайды.
Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән ерекшеліктері бар.
Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты тән белгілер болып саналады.
Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:
Ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
Несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен банк сенімділігінің кепілі ретінде банк балансының өтімдігін қамтамасыз ету;
Іскерлік байланыстардың ұзақтығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылымына және сапасына деген клиенттердің қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру;
Аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі;
Олардың әлеуметтік мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың және орналастырудың тиімді жүйесін жасау.
Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарға сәйкес бірсыпыра сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.
Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары, депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтердің көлемі – міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады.
Бірінші топты банктік кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін рентабельдігін басқару соның көмегімен жүзеге асырылады.
Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларды жасауға жұмсалынатын еңбек шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштерін қамтиды.
Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талаптілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфиденциалдығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етудегі банктің қабілетін жатқызуға болады.
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды. Банктік менеджменттің тағы бір ерекшелігі, салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |