«Балабақшада ұйымдастырылатын дене тәрбиесі» Гусманова Манера Мұратқызы



Дата22.08.2017
өлшемі46,07 Kb.
Ата – аналарға кеңес:

Тақырыбы : «Балабақшада ұйымдастырылатын

дене тәрбиесі»

Гусманова Манера Мұратқызы

Ақтөбе қаласы, №44 МДҰ МКҚК

 Ойын арқылы балалардың тілін дамыту.

Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар аты.

Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын.

Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын- баланың өмір тынымының алғашқы қадамы.

Ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамиды. Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады.

Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Баланы нәресте шағынан бастап адалдыққы, мейірімділікке, еңбек етіге тәрбиелеудің негізгі құралы- ойын. Ойын- тәрбиенің бастауы. Ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдің бірі. Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.



Дидактикалық ойын.

Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар, т.б. олардың білуін қалыптастыруда

«Қандай пішін жетіспейді?», «Бірдей өрнекті тап», «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», «Өз үйіңді тап», «Апта күндері», «Ұлттық киімді ажырат», «Құстар», т.б. ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндермен оның түр-түсімен танысады. Бұл ойындарды оқыту процесінде қолдануға болады. Мысалы: Дайын: Орнын тап. Бұл дидактикалық ойында әр топ заттардың кеңістікте өз орнын тауып орналастыру жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын ажырата білуге үйрену.

Дидактикалық ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар: есте сақтау ойындар. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы щеңбер», «Не артық», «Егіздер» және «Төртбұрышты жина» ойындарын, сонымен қатар саусақ ойындарын ойнатуға болады. «Бес саусақ», «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын ойната отырып, саусақпен қоянның, иттің, құстың, аңның бейнелерін көрсетуге болады.



Сахналық ойындар.

Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, өз ойымен басқа адамның ойымен салыстыра білуге және сыйластыққа, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға. Не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық ойындарды пайдалануға болады.

Мысалы: «Жалқау қуыршақтар». Мұндай ойындар баланың өзіне берілген образды көрсете, жеткізе білу деген шығармашылық дербестігін дамытады.

Ойын кезінде балалардың барлық жетістіктерін айтып өту, кемшіліктеріне ұрыспау және табыстарын мадақтап баланың жігерін қолдап өз күшіне сенімін арттыру қажет.



Қимыл-қозғалысты ойын

Барлық ойындар балалардың қимыл-қозғалыс әрекетін жетілдіруге бағытталған. Егер бала ертеңгілік жаттығуды жасауға ерінсе, онда тәрбиеші оны ойын ойнауға жібере алады. Ал, бала бұл ойын жаттығуды қуана қабылдайды. баланың денсаулығын нығайтуға үлкен жәрдем беретін музыкалық-ритмикалық ойындар.

Қимыл-қозғалысты ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Қимылдық ойындар кезінде жүру, жүгіру, секіру сияқты әрекеттер баланың қозғалысын дамытады, жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады. Қимыл-қозғалысты ойын өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, денесі шыңдалып зеректілігі тапқырлығы, ынтасы дамиды.

 

Ұлттық ойындар.

Ұлттық ойындар арқылы, қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық ойындар арқылы балалардың белсенділігін арттыру, қозғалыстарын жетілдіру.

Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшіліг «Ойлауды қажет ететін ойындарға» жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Ханталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс», т.с.с. ойындар балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.

Ұлттық қимыл ойындарынан мысалы:

«Айгөлек»- бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен топталып ойнату, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын, тілін дамыту.

«Омпы»- асықты бір сызық бойына тізу арқылы дәл көздеп ата білуге ептілікке баулу, мергендікті бала бойына дарыту.

«Тақия тастамақ»- шеңбер жасап отырып бала сезімін ояту, аңғара білуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

«Көтермек»- баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге үйрету.

Ұлттық ойын жаттығулардың баланың қалыптасуына атқарар рөлі өте зор.

Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқынаң қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Сюжетті рөлдік ойындар.

Сюжетті рөлдік ойындар арқылы баланың тілін, ой-қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Сюжетті рөлді ойынның бір жағымды жағы, оны балалардың өзі жасайды және баланың өз құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қтынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен яғни көпшілікпен санаса білуге дағдыландырады. Ойыннаң дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.

Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұлалып баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетте түрткі болады.

Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне,

Ал, «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

Мен тәрбиеші ретінде балаларға көбінесе сюжетті-рөлді ойындарды ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Себебі, балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды.



Сондықтан сабақта болсын, серуенде болсын балалардың іс-әрекеттерін, ойын іс-әрекетімен ұштастырып отыру керек.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу