1) Онтология (грекше ontos – болмыс) – жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім.
Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.
2) Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай сияқты мәселелреді зертейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.