Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-
біріне айналады. Демек диалектикалық әдіс жалпы байланыс, даму қағидаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.
Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.
Диалектика мен метафизика әдістері ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғ. ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақтыкөрініс тапты.