Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінен 1-практикалық тапсырма 1.Тіл құдіретін танытатын 5 қанатты сөз жазыңыз,ойыңызды 5 сөйлеммен түйіндеңіз. Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік...Ақан Сері
2.Абайдың төмендегі өлеңін жалғастырыңыз, толық жаттап алыңыз. ...Осыны оқып, ойлай бер,болсаң зерек,
Еңбекті сат,ар сатып неге керек
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
3.Асты сызылған сөздерге тілдік талдау жасаңыз.
Барлық халықпен барлық ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.Бауыржан М.
2,3-семинар сабағының тапсырмалары 1.Әдеби тілдің анықтамасын жан - жақты түсіндіріңіз.Ол үшін мына сұрақтарды түсініп орындаңыз.
а)Әдеби тілдің өмір сүру формалары қандай ,практикалық жаттығумен дәлелдеңіз.
ә)Әдеби тілдің нормаларын жан- жақты ашып түсіндіріңіз.
б)Әдеби тілдегі стильдер жүйесі және әдебиет жанрларын жаттығулармен түсіндіріңіз.
в)Әдеби тілдің қызметін сипаттаңыз.
г)Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен ара қатынасын зерделеңіз. Ескерту Берілген сұрақтар практикалық жаттығулармен бекітілуі керек! 4-практикалық сабақ тапсырмалары 1.Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын дәуірлеу туралы көзқарастарды сараптаңыз, әдеби тілдің қалыптасу жолдарын атаңыз.
2.Көне түркі(Орхон-Енисей)жазба мұраларының, ортағасырлық түркі ескерткіштерінің қазақ әдеби тіліне қатысын лексикалық және структуралық құрылымы тұрғысынан дәлелдеңіз.
3.Қазақтың ауыз әдебиеті (фольклор) тілінің қазақ әдеби тілінің басты арналары екенін дәлелдеңіз.
4.Халықтың ауызекі сөйлеу тілінің қазақ әдеби тіліне қатысын көрсетіңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. А., 1949, 4,9,14,28 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966, 266-269 б.
3. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы - Әдебиет және искусство, 1961, №4, 60-61 б.
5. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. А., 1976, 51 б.
6. Қазақ ауыз әдебиеті және әдеби тіл-қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. А., 1981,145 б.
7. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы, 1993
8. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. 1996,2014
9. Сыздықова Р. ХҮІІІ – ХІХ ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы, 1984
10. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ – ХІХ ғ. қазақ әдебиеті, 1967
11. Өмірәлиев Қ. ХҮ – ХІХ ғ. Қазақ поэзиясының тілі, А., 1976
12. Хасанова С. Ы.Алтынсарин шығармаларының тілі, 1972
13. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. - Астана: «Елорда», 2000 ж.-320 б.
14. Сыздықова Р.Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХҮ-ХІҮ ғ.) - Алматы: «Ел шежіре», 2014 ж.-400 б.
15. Жахина Б.Қазақ әдеби тілінің тарихы: танымдық, практикалық тапсырмалар.- Көкшетау: «Келешек-2030», 2015 ж.-150