Қазақ әдебиеті 8-сынып ІІІ тоқсан Бөлім «Махаббат және абырой» Оқылатын шығарма



Дата28.02.2022
өлшемі18,28 Kb.
#133662
Байланысты:
БЖБ 8-сынып әдебиет №5


Қазақ әдебиеті 8-сынып ІІІ тоқсан
Бөлім «Махаббат және абырой»
Оқылатын шығарма :
М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы, Б. Момышұлының«Ұшқан ұя» повесі
Оқу мақсаты:
8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура жəне жанама
мінездеулерді жіктеу;
8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап,
әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийі

  • Білім алушы шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда қолданған тура жəне жанама мінездеулерді жіктейді;

  • шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут

1. Берілген үзіндіден кейіпкерлер мінезін сомдауда қолданған тура және жанама мінездеулерді талдап жазыңыз [5]
1-мәтін
Әлі есімде, бір рет әкемнің Момынқұл дейтін інісі әжеме:
– Қойшы, апа! – деп дауыс көтеріп қалып еді, әжем тарс кете жаздап:
– Сен тұрмақ, Момыш маған осы күнге дейін бетіме тік қарап сөйлеген емес. Сен қайдан шықтың, иттің күшігі! Жоғал, көзіме көрінбе! – деп үйден қуып шықты.
– Не болып қалды? – деп әкем кіріп келді. Әжем оны аймалап,арқасынан қағып:
– Анау інің көргенсіздеу болып бара жатыр. Жөнге сал туысқаныңды, – деді.
2-мәтін
Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты.Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Ереш деген кісіге берген екен.Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кішігірім әкімі болса да, бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты.Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық,бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді.Дүние, мал жиюды жек көретін...
2. «Жамал – ескіліктің құрбаны» тақырыбына 120 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз. [5]



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Ұпайы

Білім алушы шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда қолданған тура жəне жанама мінездеулерді жіктейді;
шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

1

тура мінездеулерді табады

1

тура мінездеу екенін дәлелдейді

1

жанама мінездеулерді табады

1

Жанама мінездеу екенін дәлелдейді

1

2

Кіріспе бөлімін жазады

1

Тезисін жазады

1

  1. аргументті дәлелдейді

1

  1. аргументті дәлелдейді

1

  1. гумманистік тұрғыдан талдайды

1

Қорытынды бөлімін жазады

1

Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет