Бұл қай сәт? “Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”
Бұл қай сәт?
“Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”
Бұл қай сәт? “Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”
Бұл кім?
“ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”
Бұл кім?
“Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын.Менің мойнымда оның тиыны емес,бақандай бір қарасы жүр.”
Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр.”
Бұл кім?
“Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
Бұл кім?
“ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:...”
Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”
Менің атым Қожа Жанр: комедия, семейный
Менің атым Қожа Жанр: комедия, семейный
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы : 1963 Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев
Сценарий: Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский
Сазгер : Нұрғиса Тілендиев Кейіпкерлерді сомдаған
Қожа - Н. Сегізбаев
Сұлтан - М. Көкенов
Жанар - Г. Қурабаева
Жантас - Е. Құрмашев
Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова
Рахманов - Қ. Қожабеков
Майқанова - Р. Мухамедьярова
Қожаның әжесі - З. Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала.