Қазақ Әдебиеті нұсқау



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі105,61 Kb.
#34356
  1   2   3

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ



Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. А. Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз.
A) Даналық кітабы.
B) Құтты білік
C) Ақиқат сыйы.
D) Сөздік кітабы.
E) Ақырзаман кітабы.

2. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес - деген нақыл сөздің қайдан алынғанын белгілеңіз.
A) «Оғыз қаған» жырнан.
B) «Қорқыт ата» кітабынан.
C) «Тоныкөк» жырынан.
D) «Күлтегін» жырынан.
E) «Алып-Ер Тұңға» жырынан.

3. Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам...өлеңнің түрін табыңыз.
A) Беташар.
B) Бесік жыры.
C) Бата-тілек.
D) Тұсаукесер.
E) Тойбастар.

4. «Ер Төстік» ертегісіне жатпайтын кейіпкерді белгілеңіз.
A) Саққұлақ.
B) Самұрық құс.
C) Желаяқ.
D) Жалғыз көзді дәу.
E) Таусоғар.

5. Төрт түлікке жатпайтын жануарды атаңыз.
A) Сиыр.
B) Қой
C) Доңыз.
D) Жылқы.
E) Түйе.

6. Асан қайғы қай ғасырда өмір сүргенін көрсетіңіз.
A) XV ғасырда.
B) XIV ғасырда.
C) XIII ғасырда.
D) XVI ғасырда.
E) XVII ғасырда.

7. Арғымақ атқа міндім деп,
Артқы топтан адаспа!
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа!
-деген өлең жолдарының авторын көрсетіңіз.
A) Асан қайғы.
B) Қазтуған.
C) Шалкиіз.
D) Бұқар.
E) Доспанбет.

8. Ы.Алтынсарин өлеңін көрсетіңіз.
A) «Әке мен бала».
B) «Өнер – білім бар жұрттар».
C) «Қыпшақ Сейітқұл».
D) «Ғылым таппай мақтанба».
E) «Өлең – сөздің патшасы».

9. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды көрсетіңіз.
A) Қарауылқожа.
B) Арыстан Жантөрин.
C) Баймағамбет.
D) Жәңгір хан.
E) Ықылас.

10. «Қорқыт», «Жүсіпхан» поэмаларының авторын табыңыз.
A) Мағжан Жұмабаев.
B) Ілияс Жансүгіров.
C) Абай Құнанбаев
D) Сәкен Сейфуллин.
E) Шәкәрім Құдайбердиев.

11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) «Ақбілек».
B) «Батыр Баян».
C) «Абай жолы».
D) «Қалқаман-Мамыр».
E) «Оянған өлке».

12. Д.Исабековтің пьесасын көрсетіңіз.
A) «Неке қияр».
B) «Құдағи келіпті».
C) «Көктөбедегі кездесу».
D) «Мансапқорлар».
E) «Әпке».

13. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Үзіндідегі ұйқас түрін анықтаңыз.
A) Кезектес ұйқас.
B) Қара өлең ұйқасы.
C) Шұбыртпалы ұйқас.
D) Ақ өлең ұйқасы.
E) Егіз ұйқас.

14. Жинағында Маңғыстау, Ақтерек, Іле, Сайрам, т.б. жер-су аттары мен Алып-Ер Тұңға мен Афрасияптың бір адам екенін көрсеткен әдебиет өкілін көрсетіңіз.
A) Жүсіп Баласағұни.
B) Әбу Насыр Әл-Фараби.
C) Қожа Ахмет Яссауи.
D) Махмұт Қашқари.
E) Рабғузи.

15. «Біржан - Сара» айтысында не себептен жеңіліп қалғанын көрсетіңіз.
A) Сара сөзден жеңіліп қалды.
B) Күйеуі Жиенқұлдың кемшілігінен.
C) Біржан жақсы айтысты.
D) Жауап бере алмады.
E) Белгісіз себеппен.

16. Шалкиіздің «Алаштан байтақ озбаса» толғауы қай жинаққа енгенін көрсетіңіз.
A) «Алдаспан».
B) «Асау тұлпар».
C) «Көктем».
D) «Шолпан».
E) «Серке».

17. Дулат Бабатайұлының өлеңдері қандай лирикаға жататынын көрсетіңіз.
A) Көңіл күй лирикасы.
B) Өнер – білім лирикасы.
C) Махаббат лирикасы.
D) Саяси-әлеуметтік лирикасы.
E) Табиғат лирикасы.

18. ...Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет