«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
7-сынып
Білім алушы____________________________________________________
1. Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны қандай? [1]
А) ескілікті көксеу
В) саясатты сынға алу
С) жаңашылдыққа ұмтылыс
Д) заман ағымына ілесуге шақыру
2. Берілген өлең шумағы кімге тиесілі? [1]
Боз жапалақ сен едің,
Қияқты сұңқар мен едім,
Тырнағыма ілінсең,
Қалмайды желкең қиылмай!
А) Жамбыл
В) Қатаған
С) Сүйінбай
Д) Шортанбай
3. Сүйінбай мен Қатаған қай жылы, қай жерде айтысқан? [1]
А) 1831 жылы, ақын Сүйінбай елінде
В) 1844 жылы, паң Нұрмағанбеттің асында
С) 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында
Д) 1847 жылы, қырғыз манабы Қатағанның аулында
4. Қатағанмен болған айтыс барысында Сүйінбайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз(3-4 сөйлем).
[2]
елін бірлікке шақырған нағыз патриот болғанғой. Айтыс саласында Сүйінбай халық атынан сөйлеген, ел-жұрттың қамын жеп, оның бірлігін, елдігін, ел қорғаған ерлерін елжірей толғаған ақын, сондықтан да ол жеңіске жеткен.
5.Мына заман, қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман...деген жолдардың мәнін ашыңыз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4
сөйлем). [2]
Бұл жерде автор заманның жаман жаққа айналып жатқанын түсінді. "Азулыға бар заман" дегеніміз, адамдар ақша туралы ғана ойлап, бəрін ұмытқанын білдіреді. Ал "азусызға тар заман"-жақсы адамдар аз қалды дегеніміз. Бұрында қазақтар өзінің малын беріп, тамақ, киім сатып алатын. Қазақ халқы өте бауырлы болған. Бірақ басқа елдерден келген адамдар ақшаны ойлап тапты. Енді, қазақтар сол туралы ғана ойлай бастаған. Өзінің тату-тәтті өмірін ұмытып, ақшаны ғана ойлады.
6.Көппін деп айттың Қатаған,
Көптігің сенің қайда бар,
Үш атаның ұлысың,
Қазағымды қаптатсам,
Жұртта қалған күшіктей,
Айдалада ұлырсың!..
[2] Бұл өлең жолдарынан Сүйінбайдың елін сүйетінін көреміз. Ол Қатағанға "көптігің сенің қайда бар" дей отыра, көп емес екенін бетке басады. Қатаған елінің көптігіне көзі жете алмай жүргенін айтады. Ал егер өз туған елінің көптігін, бірлігін "қазағымды қаптатсам, жұртта қалған күшіктей, айдалада ұлырсың" деп жеткізеді.
7.Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды... деген өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). [2]
Бұл өлең жолдары Шортанбай Қанайұлының зар заман өлеңі .XIX ғасырда орыстардың отаршылдық саясатына қарсы шыққан өлең. Орыстар бұл өлеңде бізді жаулап жатыр, дінін , салтын кіргізіп жатыр, қымызды судай сапыратын қазақтар енді арақты сапырып ішуге үйретті. қыз жігіттен әдеп кетті деп ХІХ ғасырдың проблемарын сипаттап айтылған өлен.
8. Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңде даналық болса, сөзде сиқыр болады деген» қанатты сөздің мәнін қалай ұғындырар едіңіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, 100-120 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз. [5]
Өлеңде даналық болса,сөзде сиқырлық болады.
Сөз...Үш-ақ әріп.Бірақ ұлылығы қаншама?"Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ.Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.Сөзден ауыр нәрсе де жоқ" деп Бөлтірік шешен бекер айтпаған еді.Бір сөздің күшімен дауды шешіп,соғыста жеңуге болады ғой.
Сөзде сиқырлық болатынын қанда тулап жатқан төре өнердің төбесінде тұрған Сүйінбай мен Қатаған айтысынан көре аламыз.Бір ретте Қырғыз жерінде ас беріліп,қырғыз бен қазақ халқының басы қосылады.Қазақ ақыны Сүйінбай Қырғыз ақыны Қатаған да осы жиында кездеседі.Сүйінбай халыққа амандасып,бауырлас еліне келгендігін айтып болған соң,оған Қатаған:
Керегің жоқ Қырғызға,
Керегің Қазақ жиынға-ай!
Келіп қапсың ордама,
Қатағанды тұйынбай!-деп тиіседі.Сонда Сүйінбай қазақ халқының жүздері мен руларын,батырлары мен хандарына тоқталып:
Шығарма Қатаған үніңді!
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді!
Қырғыз, Қазақ қосылып,
Жалтылдатпа мұныңды!-деп жеңіпті.Сүйінбай айтысының басты мақсаты - елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру.Ол осы мақсаты сөздің сиқырлығымен жеткен еді.
Достарыңызбен бөлісу: |