Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі51,5 Kb.
#55272
түріСабақ
1   2   3   4
Өткен тақырыпты пысықтау



Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы.
№1. «Ұлылар мекені» - туған жылы, жері туралы және сол жерде туған атақты Абай, Шәкәрім туралы айтып кету
№2. «Ұлылар сабақтастығы» - Мұхтар және Абай
№3. «Зерделі зергер» - Мұхтардың оқу жылдары, зеректілігі - 20 жылдық білім алу жолы
№4. «Рухани қазына» - шығармалары жайында
№5. «Мұхтар – ғалым» - Абайтану курсы туралы мағлұмат
№6. «Мұхтар - ұстаз» - ұстаздығы, шәкірттері туралы.
№7. «Сапар соңы» - жазушының кенеттен қайтыс болуы туралы
№8. Мәңгі ғұмыр – артынан қалған аса бай әдеби мұрасы туралы ой пікірлер

Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.



карточкарлар



Негізгі бөлім

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) – 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер.
Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радловтан кейін Қазан қаласында оның өлеңдер жинағы басылып жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда басылып келді. Мұның бәрі ақынның өлең, жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады. Шортанбай ақын әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы «Келер заман сипаты» атты шығармасы. Онда халықтың болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Ескіше сауатты, шығыс әдебиетінен хабардар ақын өлеңдерін жазып шығарумен қатар, қаумалаған көп алдында жұрт өтінішімен түйдек-түйдек ағытып, төпеп те жырлаған. Өзіне дейінгі Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты ақынмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен.

Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық байқауға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан мәрте жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісіне М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді. Ақын шығармаларының қолжазбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ұлттық ғылыми кітапханасында сақтаулы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет