Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін салыстырып, жаңашылдығына баға береді
|
Халықтың тұрмыс-
тіршілігінің көрінісін сипаттап, қазіргі жағдайымен салыстыруда, ұрпақтар арасындағы заман көріністерін анықтап, ойын тиімді жеткізуде қиналады.
|
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің көрінісін сипаттап, қазіргі жағдайымен салыстыруда, ұрпақтар арасындағы заман көріністерін анықтап, ойын тиімді жеткізуде қателеседі.
|
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің көрінісін сипаттап, қазіргі жағдайымен салыстырады, ұрпақтар арасындағы заман көріністерін анықтап, ойын тиімді жеткізеді.
|
Шығарманың 3 ерекшелігін атап, автордың өзге шығармаларымен салыстыруда, өзіндік жаңашылдығын анықтап, оған пікір білдіруде қиналады.
|
Шығарманың 3 ерекшелігін атап, автордың өзге шығармаларымен салыстыруда, өзіндік жаңашылдығын анықтап, оған пікір білдіруде қателеседі.
|
Шығарманың 3 ерекшелігін атап, автордың өзге шығармаларымен салыстырады, өзіндік жаңашылдығын анықтап, оған пікір білдіреді.
| ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма
|
І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы,
Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
|
Оқу мақсаты
|
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады
Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
Тапсырма
«Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... иә...». «Шұғаның белгісі» шығармасынан алынған үзіндідегі асты сызылған тіркестерді қолданып, қазіргі қазақ қыздарының бейнесі туралы ойыңызды жазыңыз. (7-8 сөйлем)
Автор стиліне сүйене отырып, Ақанның Құлагерді емірене жоқтауын әрі қарай өз шығармашылығыңызбен жалғастырыңыз. (Өлең немесе қарасөз түрінде)
Не болды-ай, бай – бай, саған Құлагерім?! Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...
Тірегі көңілімнің, бәйтерегім,
Бұл жерге қалайынша құлап едің?!
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады
|
1
|
қазіргі қазақ қыздарының бейнесі
туралы өз ойын жазады;
|
1
|
үзіндідегі ұсынылған тіркестерді
қолданады;
|
1
|
шығармашылығын көрсетеді;
|
1
|
Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады
|
2
|
шумақты жалғастырады;
|
1
|
үзіндідегі ойды сақтайды;
|
1
|
автор стиліне сай жазады;
|
1
|
шығармашылық танытады.
|
1
|
Барлығы
|
8
|
«Адам жанының құпиясы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
Достарыңызбен бөлісу: |