«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
«ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÓдебиеÑÑ» пÓнÑнен (оÒÑÑÑ ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÑÑлÑнде) ÑоÒÑандÑÒ Ð¶Ð¸ÑнÑÑ
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Пайым мен парасат» бөлімі Шығармалар: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, С. Елубай «Жалған дүние» романы 1-БӨЛІМ 1. «Жалған дүние» романында көтерілген мәселені белгілеңіз. A. ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарының басталуы B. екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын кешкен қазақ тарихы C. қазақтың киіз үйінің тарихы мен колхоздастыру кезеңі туралы D. «тоқырау заманы» мен «ұлтсыздану» дәуірінің басталуы [1] 2. «... Бүкіл жұрт ақымақ па, сонда? Сенен де ақылды, сенен де атақты жұрт бар емес пе?...» деген сөзді Маусымжан қашан айтты? А. Қайын атасы жоғары партия мектебіне түс дегенде В. Едіге қызын қазақ балабақшасына берем дегенде С. Едіге ұлын қазақ мектебіне берем дегенде D. Қайын атасы мамандығыңды өзгерт дегенде [1] 3. «Жалған дүние» шығармасында тоқырау кезеңі қалай көрініс табады? А. Тоқтасынның араққа салынуы арқылы В. Түгелханның ажырасуы арқылы С. Аиданың жүріске салынуы арқылы D. Жауаптардың барлығы дұрыс [1] 4. ...Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.... Үзіндіде қандай ғаламдық мәселе көтерілген? А. жаһандық азаматтық В. ұлтжандылық С. рухани құндылық D. адамгершілік [1] 5. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін, - деген өлең жолдарында қолданылған троптың түрін көрсетіңіз. А. метафора В. эпитет С. теңеу D. синекдоха [1] 2-БӨЛІМ 6. Неліктен автор «Жалған дүние» романында Хансұлу тағдырымен қатар қазақ халқының тоқырау тұсындағы мінез-құлық өзгерісін қоса суреттеген? [5] 7. ...Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім. Жүзім – жаз , көңілім — көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім... Үзіндіде кейіпкер бейнесін сипаттаудағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз. [5] 8. Әлем әдебиетіндегі Хансұлу сияқты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, бейнесіне құндылықтар тұрғысынан талдау жасаңыз. [5]
3-БӨЛІМ 9. Екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз. «Жалған дүние» шығармасын идеясы жағынан мазмұндас шығармамен салыстырып, әдеби сын жазыңыз. «Жалған дүние» шығармасындағы қазақ халқының тоқырау кезеңін суреттеудегі автор шеберлігіне талдау жасап, әдеби сын жазыңыз. [10]
жүктеу/скачать 70,25 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |