Қазақ әдебиеті. Тест. 11-сынып



бет3/4
Дата30.11.2023
өлшемі48,17 Kb.
#194333
1   2   3   4
Байланысты:
аза дебиеті. Тест. 11-сынып

Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұни 85 тараудан тұратын «Құтадғу біліг» дастанын 54 жасында 18 айда жазып бітіріп, Қарахан мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегіне тарту еткен. Осы кітабы үшін ханнан «Хас Хажиб» – «сарай министрі» деген атақ алған. «Хас Хажиб» – араб сөзі, ханның ең сенімді кеңесшісі деген мағына береді. Кітапта төрт кейіпкер бар: 1) Күнтуды бек; 2) Айтолды уәзір; 3) Өгдүлміш – уәзірдің баласы; 4) Одғұрмыш – уәзірдің бауыры. Аталмыш кейіпкерлер Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат бейнесінде алынған. Күнтуды бек – Әділет бейнесі, Айтолды уәзір – Бақыт бейнесі, Өгдүлміш – Ақыл-сана бейнесі, Одғұрмыш – Қанағат бейнесі. Кітаптағы әңгіме желісі осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауабы арқылы дамиды.
«Құтадғу біліг» түркі тілінен аударғанда «Құт әкелетін білім» деген мағынаны білдіреді.
Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілі, білімпаз тілші-ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы Махмұт Қашқари ХІ ғасырдаөмір сүрген. Қашқари араб тілін, грамматикасын жетік білген. Махмұт Қашқари 1070 жылы «Диуани лұғати-т-түрк» атты үш кітаптан тұратын еңбегін жазған. «Диуани лұғати-т-түрк» араб тілінен аударғанда «Түркі сөздерінің жинағы» деген мағынаны білдіреді. Сөздікте 29 түркі тайпасының аты аталып, алты жарым мыңға жуық түркі сөзіне арабша түсінік берген. Кітаптаәдебиетке, түркі тіліне, тарихына, географиясына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көптеген мәліметтер келтірілген. Махмұт Қашқари қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Махмұт Қашқари түркі қалалары мен даласын аралап жинаған 260-тан астам мақалдың алпыстан астамы қазіргі күнде тілімізде өзгеріссіз қолданылып жүр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет