106
тырысу керек. Сонымен қатар негізгі бөлімнің әр азат жолының түйінін
топтап
жазып барып, жалпы қорытынды сөйлеммен аяқтаған дұрыс.
Эссені топпен жазу.
Топқа бөлінгеннен кейін, 1-бала тақырып бойынша
тақырыптық сөйлем жазады, 2-бала не талқылайтынын жазады, 3-бала дәлел
келтіреді, 4-бала қорытып, барлығын байланыстырады немесе мұғалім ұсынған
қиылған эссені дұрыс ретпен құрастыру керек. Сондай-ақ топқа бөлініп, 1-топ
кіріспе бөлімін, 2-топ негізгі бөлімін, 3-топ қо ры тынды бөлімін жазып, сынып
алдында қорғап, талқылауға болады.
Эссе жазу кезеңдері:
Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тек серу.
Эссе жазу барысында сақталуы тиіс талаптар:
•
жеке көзқарастың көрінісі;
• фактілі дәлелдер (аргументтер);
• теориялық негіздеме;
• терминдерді қолдану;
•
дәйексөздерді келтіру;
• әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• логикалық заңдылықтың сақталуы;
• салыстыру және
қорытындылау әдістерін қолдану;
• сауаттылық (пункт., орфогр.);
• юмор, сарказм;
• қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктер:
• тақырыптың ашылмауы;
• автордың жеке позициясының көрінбеуі;
• теориялық негіздемесінің болмауы;
•
терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
• тым қарапайым өмір мысалдарының көптігі;
•
ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздердің орын алуы;
• келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы келуі;
•
қорытындылау, түйін шығарудың жоқтығы;
• логиканың болмауы.