Тапсырма
А.Құнанбаевтың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңінде көтерілген 2 ұлттық мәселені анықтап, дәлелдер келтіріңіз.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өлең жолдарындағы автордың образ жасауда қолданған көркемдегіш құралдарын анықтаңыз, қолданысын түсіндіріп, өз ойыңызды білдіріңіз.
Естілер де ісіне қуанбай жүр,
«Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер
Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.
|