«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


- Дәріс Сабақтың тақырыбы: Жаңа технология үлгілері



бет49/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
16- Дәріс
Сабақтың тақырыбы: Жаңа технология үлгілері.
Сабақтың жоспары:

  1. Жаңа технология түрлері мен құрылымы

  2. Сабақ үрдісінде жаңа технология түрлерін қолдану.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгертуіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.


Бүгінгі таңда республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас ғылым саласында пайда болуда.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген сөзі әр маманның жадында болуы керек. Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетің қалыптасуына игі әсерін тигізеді., өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше іске асыруы мүмкін. Бұұл жерде технологияны жүзеге асырушының – тұлғаның компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті- оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу- оқушының оқу- танымдық іс- әрекетін басқаруда негізгі бір буыны.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту- өте күрделі құбылыс. Кейде ол мұғалілнен үйреншікті әдіс- тәсілдерінен арылуды талап етеді.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәхірибеге еніп нәтижелер беруде. Технология инновациялық іс- ірекет арқылы оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта нақты, тұжырымды ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс- ірекеттерінен ізденуді, яғни білім мен тәрбие берудегі ғылыми нәтижеге қол жеткізуді, жаңа әзденістерін дұрыс пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз.
Мемлекетіміздің 2030 – шы жылға дейінгі стратегиясы халұымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге жежеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді.
Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгертуі- маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан- жақты дамыған басты шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары сөз болып жүр. Мәселен академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяшенконың ұжымдық оөыту әдісі принциптері, Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы» т.б.оқ
Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжіпбиеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оқуышы санасына сәуле беріп түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып білімді жүйелі түрде меңгертуіне жіне оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» мен М.Жанпейісованың «Модулдік технологиясының» маңызы ерекше.
Молулдік оқыту технологиясы әдебиет пәніне лайық технология. Себебі – модуль дегеніміз үлкен бір жүйе. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушы бір үлкен тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады.
Өзін- өзі дамытады, бірін- бірі оқытады, білімді сапалы меңгереді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау, байланыстыру, сөйлеу, салыстыру, т.б. дағдыларды қалыптастырады.
Әсіресе кітаппен жұмыс, негізгі ойды ажырата білу, барлық оқушының бірдей жұмыс істеуі көзделеді.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі, дарынды балалармен тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі.
Мектептерде «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы кең ауқымда дамуда.
Сын тұрғысынан ойлау деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет