«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


Дамыта оқыту технологиясының басты принципі



бет51/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
Дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс – әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.
Оқушылардың оқудағы танымдық іс – әрекетін, олардың іздену, дербес жұмыс жасау, ойлау дағдыларын жеілдіре отырып, дамыту теънологиясының жүйесін былай көрсетуге болады: «Ғылым тілінде үйрену өзгені қайталау емес, басқаның теориясын оқып үйренуге болады.
Дамыта оқыту технологиясының танымдық қызметі: шығармашылық, тапқырлық, алгоритмдік, деңгейлік.
Оқыту- үйрету кезінде оқушылардың оқу ынтасына, іс – әрететіне әсер етумен қатар, әр ұстаздың интеллектуалдық, шығармашылық қызметі де айқын аңғарылады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәхірибеге еніп нәтижелер беруде. Технология инновациялық іс- ірекет арқылы оқытудың жаңа формалары, амалдарынан іздене отырып, белгілі бір уақытта нақты, тұжырымды ғана мақсат қоя отырып, жоғарғы нәтижеге жетуді талап етеді.
Модульдік оқыту технологиясы
Қай технология болмасын жеке тұлғаның өзін- өзі дамытуына, шығармашылық қабілетін арттыруына, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологиялардың қай- қайсысы болмасын бірін- бірі толықтырып, сабақтасып келеді. Жоспарланған нәтижеге жетуге, қойылған мақсаттың орындалу мүмкіндігіне кепілдік береді. Демек, педагогикалық технология мен әдістемелері ретіне қарай мұғалім өз қалауымен таңдап қолдана алады. Бүгінде оқу үрдісін ұйымдастыруға инновациялық оқытуға көбірек назар аударылуда. Инновация- педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация- жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмұндағы түрі.
Инновациялық әдістеме- инновациялық әдіс- тәсілдер мен дидактикалық құралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимазациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында екңінен қолданыла бастады. XX ғ. 60- шы жылдары АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш реғт осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материлдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген.
Модуль (лат.) – «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г. С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р, Жанпейісова, З.Бейсембаев, Н. Г. Нуртаева тю бю өз зерттеулерінде атап көрсетті.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Модульдік оқу- білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы әдісі. Сондай- ақ теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етулің құрылымдық жүйесі.
Модульдік – оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқу ұдайы дамып отыратын жүйе болғандықтан, ол белгілі бір принциптер мен заңдылықтарға сүйенеді.
Демек, әр модульдің мазмұны толықтыруға, өзгертуге ыңғайлы болып, келуі, оқу мәтіндерінің жеке модульмен берілуі,иәр блок мазмұны жағынан аяқталған болуы, оқу материалы мазмұнына қарай әр түрлі әдісө тәсілдермен түсіндіруге бағыттайтынын көрсетеді. Модульдік принциптің барлығы модульдің құрылы сының ерекшелігін ашады, оның дидактикалық принциптермен ұштасып жататынын айқындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшілігі –жлпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен , оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып , өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын , ауызша және жазбаша тілін дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады: кіріспе –қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше , мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері көрсетілуікерек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше ,біріншіден , алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына , берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі.
С.И.Ожегов: Интерактивті процесс дегеніміз — педагогикалық процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.
«Интерактивтік» деген сөз энциклопе-дияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамта-масыз етеді.
Мақсаты:

  • оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу.

Оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған мектеп іс-әрекетінің құрылымдық жүйесi
Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деп тұжырымдауға болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс–әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту процесінің даму кезеңдері:
I. Даярлық кезеңi.

  • а) пәнге деген тiкелей қызығушылық;

  • ә) оқушының қандай да бiр оқу пәнiнiң әлеуметтiк және практикалық мәнiн бағалауы;

  • б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы және болашақтағы рөлiн бағалауы.

II. Практикалық кезең.

  • а) жайлы көңiл-күй;

  • ә) танымдық қызметтегi өз тәжiрибесiн қолдану және жағымды өзгерту қажеттiлiгi.

III. Шығармашылық кезең.

  • Берiлген оқу пәнi материалдары бойынша бiлiмiн топтау және бағалау қажеттiлiгi.

IV. Қорытынды
V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну).
Міндеті:

  • жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • таным процестерін дамыту;

  • танымдық қабілеттерін дамыту;

  • сөздік қорын дамыту;

  • оқу себептілігінің өзгеруі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет