«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


дәріс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту



бет53/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95
18 дәріс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.
Сабақ жоспары:
1.Оқушыны өзіндік ойлауға баулу, технологияның оқушы білімін шыңдаудағы ролі.
2.Деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімін толықтыру.
Соңғы он жылда білім беру сапасын демократияландыру, ізгілендіру, технологиялау ісі мен инновациялық қозғалыстар қарқынды дамуда.Қазіргі таңда үздіксіз білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізді білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажетттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпенойлайтын, интеллектуальдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып- тәрбмелеу қажеттілігін дамыту мәселесі тұр..
Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько)
Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі- Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі». Бұл технология оқушылардың ізденушілік,өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.Сабақта осы жобаны енгізбей тұрып-ақ келесі дайындықтар жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет