Қазақ әдебиетінен 8-сыныпқа арналған тест сұрақтары
1. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
2. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
3. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет. B) Жиренше. C) Жиембет.
D) Қазтуған. E) ) Қорқыт.
4. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
5. Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырдан басталады:
A) б.з.VIIIғ.
B) б.з.д. VIII-VIғ.
C) б.з.д. Хғ.
D) б.з.д. VII-Vғ.
E) б.з. VIІІ-ІХғ.
6. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
A) Естіген хикаясы себеп болған.
B) Жазушы қиялынан туған.
C) Өз басынан өткен.
D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.
7. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу.
8. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір шындығы.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.
9. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.
B) Ел үмітін ер ақтар.
C) Айласыз батыр алдырар.
D) Ел – ырыстың кілті.
E) Батыр елдің сәулеті.
10. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналғандығын табыңыз.
A) Ақындарға. B) Балаларға.
C) Билерге. D) Тіл мамандарына.
E) Ұстаздарына.
11. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене».
B) «Күн астындағы Күнікей қыз».
C) «Қырық өтірік». D)«Аяз би». E)«Толағай».
12. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
A) Жай қоя салған.
B) Мұңды адам.
C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
D) Айналасына наразылықтан.
E) Өз басында қайғысы бар адам.
13. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:
A) “Қалың елім, қазағым”.
B) “Өнер-білім бар жұрттар”.
C) “Өзен”.
D) “Ғылым таппай мақтанба”.
E) “Жазғытұрым”.
14. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.
A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау.
B) Оқиғаның болған жерін көрсету.
C) Табиғат көркін суреттеу.
D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.
E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.
15. Жоқтау дегеніміз не?
А) Бала туғанда айтылатын жыр.
В) Кісі өлгенде шығарылатын қайғылы өлең.
С) Тарихта болған адам туралы аңыз.
D) Тойда айтылатын өлең-жыр.
Е) Төрт түлік туралы өлең.
16. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.
A) «Кездеспей кеткен бір бейне».
B) «Боранда». C) «Ананың анасы».
D) «Этнографиялық әңгіме.»
E) «Боранды түнде».
17. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Эпилог. B) Шешім. C) Экспозиция.
D) Кульминация. E) Пролог.
18. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып, Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.
A) «Толағай» B) «Арқалық аясында»
C) «Тарланым» D) «Жетісу суреттері»
E) «Аягөз , қайда барасың?!»
19. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
A) Еңбек тақырыбы.
B) Батырлық, ерлік тақырыбы.
C) Өнер - білім тақырыбы.
D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.
E) Достық тақырыбы.
20. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан B) Тәуке хан C) Жәңгір хан
D) Әбілқайыр хан E) Жолбарыс хан
21. Сақтардың жазуы неше әріптен тұрған:
А) 28. В)26. С)24. D)22. Е)30
22. VІІІ-ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
A) А.Яссауи. B) М.Қашқари. C) Қорқыт.
D) С.Сараи. E) Ж.Баласағұн.
23. Сақ жазуы қай жерден табылған:
А) Отырар қаласы. В) Жанкент қаласы.
С) Есік қаласы. D) Талғар қаласы.
Е) Тараз қаласы.
24. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.
A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.
B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.
C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.
D) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін образдар.
E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.
25. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.
A) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.
B) Ашаршылықтан құтылу үшін.
C) Жаулардан құтылу үшін.
D) Туған жерге жетіп өлу үшін.
E) Туысқандарына жолығу үшін.
26. Бапы хан қай ертегінің кейіпкері?
A) «Ұшқыш кілем». B) «Керқұла атты Кендебай». C) «Толағай». D) «Алтын сақа».
E) «Ер Төстік».
27. ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.
A)Танаш. B)Көтібар. C)Тайлақ.
D)Тазша. E) Айбас.
28. Литота ойды қалай бейнелейтінін табыңыз.
A) Мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу.
B) Әсірелеу, ұлғайту.
C) Сөздердің мағынасын бұрып айту.
D) Салыстыра суреттеу.
E) Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту.
29. ’’Аяз би’’ ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
A) Жаман. B) Ерназар. C) Кендебай.
D) Шойынқұлақ.
E) Бапы.
30. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, -
деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.
A) «Фантазия». B) «Мен таулықпын».
C) «Анау – аспан, мынау – бақ».
D) «Поэзия». E) «Қара өлең».
31. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.
A) Бунақ. B) Ұйқас. C) Тармақ.
D) Шумақ. E) Буын.
32. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.
A) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған. B) Балалары туған жерге кетіп қалған. C) Балалары жоқ адам.
D) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.
E) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.
33. Жәнібектің:
- Інісі өлген қандай екен? - деген сұрағына Жиреншенің қайтарған жауабын белгілеңіз.
A) Оң қанатың қайырылғаны.
B) Асқар тауың құлағаны.
C) Ағар бұлағың суалғаны.
D) Бауыр еті күйгені.
E) Сол қанатың қайырылғаны.
34. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.
A) Өлеңдерін тарату.
B) Шұрайлы жер іздеу.
C) Игі жақсыларды жинау.
D) Өзінің кәсібі.
E) Саяхат жасау.
35. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.
A) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.
B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.
C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.
D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.
E) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.
36. М.Қашқаридің’’Диуани лұғат-ат түрік’’ («Түркі сөздерінің жинағы») атты кітабы қай ғасырда жарық көргенін белгілеңіз.
A) XVІ ғ. B) XX ғ. C) XVІІІ ғ.
D) XІ ғ. E) XІV ғ.
37. Алып Ер Тоңа кім?
A) Сақтардың данагөйі.
B) Түркілердің жырауы.
C) Түркілердің көсемі.
D) Ханның ақылшысы.
E) Қытай патшасы.
38. Ер Тоңа қайтыс болғанда елі не шығарған?
A) Жоқтау. B) Аңыз. C) Жыр.
D) Кітап. E) Әңгіме.
39. Бумын қаған қай жылы қайтыс болды?
A) 554ж. B) 552ж. C) 562ж.
D) 654ж. E) 652ж.
40. Орхон-Енисей ескерткіштері қай жерден табылған.
A) Қазақстаннан. B) Қырғызстаннан
C) Қытайдан. D) Монғолиядан.
E) Ауғанстаннан.
41. Елтеріс ханның балаларының аты кім?
A) Қапаған. B) Тоңұқұқ. C) Білге.
D) Күлтегін. E) Білге, Күлтегін.
42. Күлтегін кім болған.
A) Хан. B) Қаған. C) Көсем.
D) Әскербасы. E) Хан кеңесшісі.
43. Тоңұқұқ кім болған.
A) Хан. B) Қаған. C) Көсем.
D) Әскербасы. E) Хан кеңесшісі.
44. Жазба ескерткіштер дегеніміз не?
A) Өлген кісінің басына қойылған тас.
B) Тарихи тұлғаларға арнап, тасқа қашап жазылған жырлар.
C) Түркі жазулары. D) Ұрпаққа арналған хат.
E) Тарихи жырлар.
45. Орхон-Енисей ескерткіштерінің тақырыбы ауыз әдебиетіндегі қандай шығармалармен үндес.
A) Ғашықтық жырлармен.
B) Төрт түлік туралы жырлармен.
C) Тұрмыс-салт жырларымен.
D) Батырлар жырларымен.
E) Ертегілермен.
46. «Опасыз дүние» тіркесінің мағынасы:
A) Біреуге жамандық жасау.
B) Адамдар әділетсіз.
C) Өмірде қызық жоқ.
D) Адамдар қайырымсыз.
E) Өмірде мәңгілік ешнәрсе жоқ.
47. Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген:
A) X-ХІ ғ. B) X ғ. C) VІІІ-ІХ ғ.
D) XVІІІ ғ. E) XІV-ХVғ.
48. Қорқыт нені іздеген?
A) Өлмес өмірді.
B) Бақытты өмірді.
C) Қайғысыз өмірді.
D) Алаңсыз өмірді.
E) Қызықты өмірді.
49. Қорқыт ойлап тапқан аспап:
A) Домбыра.
B) Сыбызғы.
C) Қобыз.
D) Сырнай.
E) Барабан.
50. Оғыздар қандай түсті қасиет тұтқан?
A) Қызыл.
B) Сары.
C) Жасыл.
D) Көк.
E) Қара.