Қиял-ғажайып ертегiлерiндегi ойлардың бүгiнгi ғылыми-техникалық прогреспен байланысына талдау



Дата08.02.2022
өлшемі17,76 Kb.
#124635
Байланысты:
этн


Қиял-ғажайып ертегiлерiндегi ойлардың бүгiнгi ғылыми-техникалық прогреспен байланысына талдау

Ертегілер – ауыз әдебиетінің ең көне жанры болып табылады.  Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. 


Ертегілер көбінесе қарасөз түрінде айтылады.
Қазақ ертегілері үш жікке бөлінеді:
1) қиял-ғажайып ертегі;
2) хайуанаттар жайлы ертегілер;
3) тұрмыс-салт ертегісі.
Қиял-ғажайып ертегілер халықтың сана-сезімінің балаң кезінде пайда болған. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсы өмір, адамдардың ауыр еңбегін жеңілдету арманы көрсетілген. Ертегілердің кейіпкерлері – өмірде болмаған, адамның қиялынан туған кейіпкерлер. Мысалы: жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, т.б. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, жауыздық пен ізгілік тартысқа түсіп, әр уақытта жақсылық, ізгілік, достық жеңіп шығады. Қиял-ғажайып ертегілер: «Үш өнерпаз», «Ер Төстік», «Ұшқыш кілем», «Ыста тас», «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз», т.б.
Ертегілердің тағы бір түрі хайуанаттар туралы ертегілер де өте ерте кезде пайда болған. Хайуанаттар туралы ертегілер: «Алтын сақа», «Бозінген», «Маймыл мен түлкі», «Түлкі аю, қойшы», т.б. Ертегідегі хайуанаттардың іс-әрекеті, жағымсыз қылықтары арқылы адамдардың мінез-құлқы сыналады. Хайуанаттар туралы ертегілерде түлкі – қу, айлакер, қасқыр – қорқау, аю – аңғал, қой – қарапайым адамдар бейнесінде алынады.
Тұрмыс-салт ертегілерінде өмірде болған, болуға тиіс оқиғалар туралы айтылады. Кейіпкерлері де – өмірде болған қарапайым еңбек адамдары.
Ертегілер ауызша айтуға лайықты, тілге жеңіл болып келеді. Ертегілер тек жақсылықпен аяқталып отырады.
Ауыз әдебиетінің бір түрі – аңыз әңгімелер. Аңыз оқиғалары шындық өмірден алынады, кейіпкерлері де – өмірде болған тарихта аты белгілі адамдар.
Аңыз оқиғалары да күнделікті өмірдегі сюжетке құрылады. Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелердің кейіпкерлері: Қорқыт, Жиренше, Қарашаш сұлу, Алдаркөсе, Қожанасыр. Аңыз кейіпкерлері әсіресе, Алдаркөсе, Жиренше халық атынан сөйлеп, ханға қарсы өз ойын ашық айтып отырған. Халық арасына көп тараған аңыз әңгімелер: «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай», «Жиренше мен Қарашаш сұлу», «Жиреншенің хан сынағына түскені», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?», «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі», «Ақсақ құлан, Жошы хан», «Алдаркөсе мен Алаша хан», т.б.
Қиял - ғажайып ертегілерінің оқиғасы қиялға, фантазияға құралған, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б. Кейіпкерлері: жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір.
Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілер халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқа мінерлердің іс - әрекеттерін әшкерелейді. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман - тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет