Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, кино («Қыз Жібек» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
«Ислам дəуіріндегі əдебиет (Х-ХІІ ғ.)» (1 сағат): 1) «Əбунасыр əл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі».
Əбунасыр əл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектері. «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның туған жерге деген сағынышы. Əдебиет теориясы: лирика туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Əл-Фараби. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі.
«ХІХ ғасыр əдебиеті» (5 сағат): 1) «Абай Құнанбайұлы. «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңдері, он жетінші қарасөзі» (4 сағат). Абай– қазақ халқының ұлы ақыны. Ақынның туған жері, өскен ортасы, алған білім-тəрбиесі. «Сегіз аяқ» өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Он жетінші қарасөзі. Шағын сюжетке құрылған қарасөздің философиялық, тағылымдық мəні. Абай қарасөздерінің мазмұны мен тəрбиелік мəні. Əдебиет теориясы: өлең құрылысы, қарасөз туралы түсінік.