Қазақ әдебиетінің



бет4/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Орхон жазбалары Әрине, Орхон өзені бойынан табылған

және бұл ескерткіштер текстінде түрік қаға"

тарихи шындық. натының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер бар. Сол үшін тарихшылар руна жазуындағы мәліметтерді өз еңбектерінде кеңінен пайдаланып келеді. Алайда тасқа қашап жазылған бұл жәдігерліктер жылнама-шежіре емес. Автор сол кездің аса маңызды тарихи оқиғаларын шетінен тізіп жазуды өзіне мақсат етіп қойған емес. Мұны сол дәуірдің тарихи шындығы мен ескерткіштер текстін өзара салыстыра отырып аңғаруға болады.

Міне, сондықтан да “Қазақ ССР тарихының” жаңа басылымында Орхон ескерткіштерін “тарихи дегеннен гөрі эпикалық дәстүр деп атауға болар еді. Одан әрі сол ырғақта екінші Түрік қағанатының құрылуына байланысты оқиғалар баяндалып, Білге қаған мен Күлте-гін ерлігі айтылады... Көркемдік тәсілдердің алуан түрінің, тұрақты сөз тіркестері мен тұжырымды нақыл сөздердің қолданылуы ресми баяндауды эмоциялық жағынан әрлендіріп, оның стилін құлпырта түседі” деп көрсетіледі1.

Демек, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк құрметіне қойылған тастардағы жазу VI—VIII ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы әдебиет үлгілері, “шешендік өнердің және батырдың ерлігі жайындағы талай ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын сақтаған” көркем туынды болып табылады.

Дегенмен руна жазуындағы бұл жәдігерліктер жылнама-шежіре емес, өз дәуірінің әдебиет үлгілері екеніне тереңірек көз жеткізу үшін Күлтегін жазуынан бір хикаяны мысалға келтірейік



1 Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1980, 1-том, 455—456-беттер. Бұл да сонда.

39

үлтегін ескерткішінің үлкен жазуы осындай алты хикаядан құралған):

Биікте Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне (билік жүргізу үшін) ата-тегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен,

Сарбаздарымен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен,

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген,

Ілгері Қадырқан қойнауына

дейін,


Кері-Темір қақпаға дейін жайлаған.

Екі аралықта жүрген иесіз

көк

Түрктерді осылай қоныстан-



дырған екен.

Білге қағандар екен.

Алып қағандар екен.

Әміршілері де білге болған екен,

Алып болған екен.

Бектері де, халқы да

сенімді екен.

Сол үшін де елін сонша (ұзақ)

билеген екен,

Ел ұстап, төрелік еткен,

Өздері қаза болған.

Жылаған-сықтаған.

Міне, Күлтегін ескерткішінен алынған осы үзіндіде нақты тарихи деректер онша көп емес. Автор Бумынқаған мен Істемі-қағанның қашан билік жүргізуіне байланысты бірде-бір датаны көрсетпейді. Бұл қағандардық әскери жорықтары жайында нақты деректер бермейді. Тек қай жерге дейін жаулап алғанын көрсету-

мен ғана шектеледі. Біз келтіріп отырған үзіндідегі ең басты мәселе -— бұл аталған екі қаған билік жүргізген заманда бүкіл “көк түрік” елінің атақ-даңқы артып, елдің іші де, сырты да бейбіт, тыныш болуы еді. Халықтың мұндай жақсы өмір сүруінің себебін автор: қағандар мен олардың жарлығын орындаушылар ақылды әрі

ержүрек болды, бектер мен халық әміршілеріне адал қызмет етті — деп түсіндіргісі келеді. Әрине, автордың мұнысы тарихи шындыққа онша жанаса бермейді.

40

Ал, жылнама-шежірелерде бұл кездегі оқиғалар егжей-

тегжейлі сақталған. Түріктер бұрын жужан қағанатына бағынышты, вассал болатын. Түрік тайпаларының көсемдерінің бірі Бумын (оны Тумынь деп те атаған) жужан қағанатына вассалдықтан құтылу үшін оған қарсы соғыс ашпақ болды. Түріктер соғысқа сылтау іздеді. Бумын сонда жужан ханы Анахуанға “қызыңды маған әйелдікке бер” деп талап қойды. Бұл жужан (яғни авар) ханының намысына тиді. Өйткені дала дәстүрі бойынша, ханның қызын алу — ханмен теңесу, терезесі тең болу деген сөз еді. Сонда авар ханы: “Менің қайдағы бір темір құюшым (түріктер ол кезде аварларға темір балқытып беретін) мұндай ұсыныс жасауға қалай ғана дәтің барды” деп бұрқан-талқан болды.1 Бумынға керегі де сол еді. Түріктер 552 жылы қыс кезінде соғысқа аттанып, аварларды тасталқан етіп жеңді. Содан кейін Бумын ел-ханы, қаған титулын алды, бірақ 552 жылдың соңғы айында ол кайтыс болды.

Бумын елген соң інісі Қара-Еске таққа отырады. Ол да Орхон өзені бойында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері де інісі болады. Ол қаған тағына Мұқан-қаған деген атпен отырады. Мұқан-қаған билік жүргізген кезде (553—572 жылдар) Түрік қаға-натының күш-қуатының барынша артып, атақ-даңқы жер жарған кезеңі болатын. Түрік қағанатының территориясы шығысында Қорея бұғазынан бастап, батысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатады. Бұл кезде түрік елі Иран, Қытай, Византия, тағы басқалар-мен саяси карым-қатынаста болды2.

Міне, егер Күлтегін жазуының авторы — Иоллығ-тегін Түрік қағанатының шежіресін тарихшы ретінде мақтап жазғысы келсе, қағанаттың атақ-даңқы мейлінше өрлеп тұрған кезеңіне тоқталмай өтпес еді. Автордың мақсаты—“кек түркілердің” тарихын жазу емес, түрік халқының бұрынғы дәстүрін өз замандастарына идеал етіп көрсету болып табылады. Ол түрік қағанатының гүлденген дәуірін Бумын қағанның есімімен байланыстырады. Автор үшін Бумын қаған түркілердің қуатты болған заманын оқушысына елестететін символ ғана. Одан кейін билік жүргізген аса даңқты қағандардың

1 Н. Я. Бичурин. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.—Л., 1950, том 1, с. 288.

2 С. Г. Кляшторный. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М., 1964, с. 18-21.

41

бірде-бірін (Қара-Ескені, Мұқан қағанды, т. б.) автор ауызға алмайды. Бірден Күлтегіннің әке-шешесі Елтеріс қаған мен шешесі Елбілгені әңгімелеп кетеді. Мұнысы түсінікті де. Өйткені Иоллығ-тегіннің мақсаты түрік қағандарының есімдерің жасаған ерліктерін, тарихи деректерді шетінен жіпке тізіп, жылнама-шежіре жазу смес, түрік елін бір кездегідей ауыз бірлікке, ата-баба дәстүріне берік болуға шақыру.

Орхон жазба ескерткіштерінің жылнама-шежіре емес, өз дәуірінің әдебиет үлгісі екенін дәлелдейтін тағы бір мысал келтірейік. Қапаған қаған туралы хикаядан кейінгі жолдарда Білге қаған өзі туралы:

Түркі халқының атақ-данқы

Өшпесін деп,

Әкем қағанды,

Шешем қатынды

Көтерген тәңірі,

Ел (билігін) берген тәңірі

Түркі халқының атақ-дацқы

Өшпесін деп,

(Мені) қаған отырғызған еді.

Міне, Күлтегін жазуы бойынша, Қапаған каған өлген соң Елтеріс қағанның үлкен ұлы Могилян (Білге) бірден қаған болып шыға келеді.

Ал, тарихи шындық мүлдем басқаша еді. Қапаған соғыста қаза тапқан соң түрік елінің тағына кім отырады деген мәселе тұрды. Ежелгі түрік заңы бойынша, таққа Елтерістің үлкен ұлы Могилян (Білге) отыруы керек еді. Бірақ Қапаған қаған бұл тәртіпті өзгертіп көзінің тірісінде мұрагері етіп өзінің үлкен ұлы Бегюды тағайындады да, оған “Кіші қаған” титулын берді. Елтеріс қағанның балалары — Могилян мен Күлтегін мемлекет басқару ісінен аластатылып жіберілді.

Қапаған каған қаза тапты деген хабарды естіген бойда-ақ Күлтегін әскери төңкеріс жасады: өзі күзетіп тұрған ставкаға шабуыл жасап, Қапаған қағанның баласын, яғни тақ мүрагерін, басқа да семья мүшелерін, сондай-ақ қағанның ең жақын адамдарың кеңесшілерін қан жоса етіп, қырып салды.

Күлтегін ежелгі дәстүрді бұзған жок. Қаған тағына ағасы Могилянды (Білгені) отырғызды да, өзі “түрік елінің” іс жүзіндегі көсемі — әскери қолбасшы болды.1



Л. Н. Гумилов. Древние тюрки. М., 1967, с. 315.

42

Сөйтіп, Күлтегін ескерткіштерінің авторын қатты қызықтыратын нәрсе — түркі елініц ішкі және сыртқы Жағдайы емес, “іші — ассыз, сырты — тонсыз, бейшара, мүсәпір халықты” Білге қаған қалайша дәулетті, бақытты еткенін оқушысына көркем сөз арқылы жеткізу болып табылады, Білге қаған өзі туралы:

Әлімші халықты тірілттім,

Жалаңаш халықты тонды,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейбіт қылдым,

Тату қылдым,—

дейді. Сондай-ақ тарихшы-ғалымдар Орхон ескерткіштерінің авторы өзі өмір сүрген дәуірдегі бірқатар тарихи оқиғаларды әдейі бұрмалап жазғанын дәлелдеп отыр. Мәселен, түріктердің 701—702 жылдардағы жорықтарын Қапаған қаған басқарғаны жылнама-шежірелерден жақсы мәлім. Алайда Күлтегін ескерткішінде бұл шайқастың басты қаһарманы етіп Қүлтегінді көрсеткен. Ал, Білге қаған ескерткішінде бұл жорықты Білге қаған басқарған болып шығады. Мәселен, Күлтегін жазуында:

Жиырма бір жасқа (келгенде),

Чача Сеңумен айқастық,—

дейді. Ал, шындығында 706 жылы Чача Сеңумен болған соғысты Қапаған қаған басқарған.

Тарихи оқиғаларды осылайша бұрмалап көрсету Орхон жазбаларында жиі кездеседі. Мұның себебі, автордың басты мақсаты тарихи шындықты шежіреші ретінде көрсету емес, сол дәуірге тән қас батырдың көркем бейнесін жасау болып табыладм:

Сонымен, көне түркілердің ежелгі шынайы тарихын оның Орхон текстіндегі бейнелі көрінісімен салыстыра отырып, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері жылнама шежіре емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.,

Күлтегін және Тоныкөк жырлары

Күлтегін (684—731 жылдары өмір сүрген)—ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол



43

дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанныі кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннаң кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген сон, Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды (кейінірек Білге қаған атанған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады.

Міне, осы Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгей қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш-жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И. В. Стеблева болды.1

Бұл аталған руналық жазба ескерткіштер әдебиеттану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдебиет үлгілері, поэзиялық туындылары ретінде танылады,



Керкемдік Орхон ескерткіштерінің жанрлық ерекшеліктері ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі — Күлтегін, Білге каған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде

поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме- дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі — руна жазуындағы бұл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тон барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.

Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар, т. б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі — академик-жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: “Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкек немесе Суджа жазуларында канша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кесклескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің,

1 И. В. Стеблева. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннеклассический период. М., 1976;—Біз осы ең-бектің жалпы желісін өз талдауымызға негіз етіп алдық.— Н. К.

44

жорықтардың шежіресі бар.

Тіпті сол жазулардың бір талайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар. Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсас-тык бар.1

Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмүны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге — үннің жүйе-лі, мерзімді, мелшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И. В. Стеблева дәлелдеп шықты.2 Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екенін, ырғақ пен шумак, тармақ пен бунақ — сол буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдін, теориялық және практикалық мәні зор еді.

Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-білу үшін осы Орхон ескерткіштерінің біріне, айталық, Күлтегіннің үлкен және кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік.

Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардын, қайталанып қиысуы, яғни аллитерация жырдағы үндестікті, мәнерлілікті күшейте түсетінін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы түсініп, бұл әдісті шебер меңгергені анық. Мәселен, Күлтегін жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжеп-теуір ажар беруге болатынын сезген секілді:

Қырқыз, құрықан, отуз татар,

Қытай, татабу қоп йағы ерміс.

Қаңым қаған бунча...

Қырық артуқ иіті йолы сүлеміс

Аудармасы:

Қырғыз, құрықан, отыз татар,

Қытай татабы — бәрі жау еді.

Әкем қаған осынша (жауға)

Қырық жеті рет аттанды.

Мұндай жыр жолдары қазақ жырауларында жиі кездеседі. Доспамбет жырау (ХУІ-ғасыр):



1 М. Әуезов. Шығармалар. Алматы, 1969, 11-том, 136-бет. И. В. Стеблева. Поэзия тюрков VI—VIII веков. М., 1965.

45

Тоғай, тоғай, тоғай су,



Тоғай қондым, өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып

Топ бастадым өкінбен.

Тобыршығы биік жай салып

Дұшпан аттым өкінбен

Күлтегін жырында бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар тұрып қайталанатын екі сөз өлең жолының басында да, ортасында да, соңында да тұрып қиыса береді. Мысалы: Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынадай жыр жолдары жиі кездеседі:

Сучіг сабын, йумшақ ағын арып...

(Шырын сөз, асыл қазынасын беріп...)

Немесе Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуында бұлай делінген:

Қаңум қаған сусі бөрі тег ерміс.

(Әкем қағанның әскері бөрідей бопты)

Дауыссыз дыбыстары қайталанып, қиысатын екі сөз өлең жолының ортасында тұруы да мүмкін:

Ол өдке кул куллығ болмыс ерті.

(Ол кезде құл —құлды болған еді.)

Немесе

Чығай будунығ бай қылтым.



(Кедей халықты бай қылдым.)

Аллитерация жасалатын сөздер өлең жолының соңында да болуы ықтимал:

Түрк амты будун беглар...

(Бүгінгі түрік халқы мен бектері...)

Немесе

Менің сабымын сымады.



(Менің сөзімді бұзбады.)

Сондай-ақ өлең жолының бас жағында және соңында тұрған сөздер аллитерация жасалатын кездері де көп болады:

Түпутке кічіг тегмедім.

(Тибетке сәл жетпедім.)

Бөдке көрігме беглер...

(Таққа кіріптар бектер...)

Кейбір өлең жолдарында бірнеше сөз немесе барлық

46

өз аллитерация арқылы өзара қиысып тұрады:

Теңрі төпесінде түтүп.

(Тәңірі төбесіне көтеріп...)

Көрур көзім көрмез тег

Білір білігім білмез тег болту.

(Көрер көзім Көрместей,

Білгір ақылым білместей болды).

Осыған ұқсас жыр дәстүрін ХУІІІ-ғасырда өмір сүрген жауынгер-жырау Ақтамберді де кезінде кеңінен қолдаған:

Балпаң, балпаң, кім баспас,

Басарға балтыр шыдамас.

Батырмын деп кім айтпас,

Барарға жүрек шыдамас.

Орхон ескерткіштеріндегі ұйқастықтың өзіндік ерекшедіктері бар. Қалай болған күнде де өлеңге қойыла-тын негізгі шарттардың бірі — тармақтағы сөз соңыныа үндестігі, дыбыстас естілуі болып табылады. Ежелгі түркі жырындағы үйқас — екпінді және екпінсіз буындар үйлесімінің біркелкі қайталануы. Мысалы, Қүлтегін; жырында мынадай өлең жолдары бар.

Едгу білге кісіг

Едгу алп кісіг йорытмаз ерміс.

Бір кісі йақылсар оғушы будыны

Бірсүкіңе тегі қыдмаз ерміш.

Осы бір шумақ өлеңнің аудармасы:

Ақылды кісілерді

Батыл кісілерді (табғаштар) қозғай

алған жоқ.

(Егер) бір кісі алданса да, (онда)

руы, халқы

Тұқымына дейін қалмас еді.

Күлтегін жырында ұшырайтын “ұйқас” сөздер, түптеп келгенде, соңғы бунақтағы дыбыстардың өзара үндестігі, яғни аллитерация жасалуы болып табыладьк

Мысалы:

Бегіліг уры оғлың күл болты,



Сілік қыз оғлың кұң болты.

(Бек ұлдарың кұл болды,

Пәк қыздарың күң болды).

Осында үндестік, ұйқас туғызып тұрған элемент “болты” (болды) деген сез ғана емес, сонымен бірге “құл” және “күң” деген сөздердегі “қ” және “к” дыбыстары да екенін аңғару қиын болмаса керек.



47

Жырдың мазмұнына нәр беріп, сыртқы түрін ажарландыра түсу үшін “Күлтегін”, “Білге қаған” және “Тоныкөк” жыларында теңеу, метафора, аллегорий, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жиі қолданылады.

Күлтегін жырында шындықты пернелеп айту яғни оқиғаны аллегориялық әдіспен жеткізетін тұстары аз емес:

Балықдақы тағықмыс,

Тағдақы інміс.

Аудармасы:

Қаладағылар таулапты, өрлепті (тауға шығыпты)

Таудағылар індепті төмен (түсіпті)

Осы екі жол жыр арқылы автор ел іші астан-кестен, аласапыран болып кеткенін оқырманға пернелеп жеткізіп отыр.

Ал, енді Қүлтегін жырыньщ авторы—Иоллығ-тегін: Түрік қағанатының күш-қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді дегенді төмендегідей етіп суреттейді:

Ол кезде кұл — құлды болған еді,

Кұқ — күңді болған еді.

Інісі ағасын білмес еді,

Ұлы әкесін білмес еді.

Сондай-ақ Орхон жазуларында суреттеліп отырған нәрсені тағы да ажарландыра, құбылта түсу үшін оны соған ұқсас өзге затқа балау әдісін, яғни метафораны шебер қолданады. Бұл сөзімізге Күлтегін жырынан мысал келтірейік:

Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,

Жаулары қойдай бопты.

Түргеш қағанның әскері Болшыда

Отша, бөріше келді,

Соғыстық.

Мұндай метафораларға Тоныкөк жыры да бай:

Жауымыз түгел жыртқыш құстай еді,

Біз (оларға) жемтік едік.

Немесс:


Екінші күні (тағы) келді,

Өртше жанып келді.

Соғыстық.

48

Тоныкөк — қағанның кеңесшісі, ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Сондықтан онын монологында пернелеп, астарлап айтылатын нақыл-өсиет сөздер жиі-жиі қайталанып отырады:



Жұқаны бүктеу — оңай.

Жіңішкені үзу — оңай.

Жұқа қалындаса,

(Оны тек) алып бүктейді.

Жіңішке жуандаса,

(Оны тек) алып үзеді.

Ал енді Білге қааған мен Күлтегін батырдың кеңесшісі болған Тоныкөктің уағыз-өсиет сөздерінің сарыны одан мың жылдай кейін, яғни ХУІІІ-ғасырда өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы Бұқардық жырларынан айқын сезіледі:

Ай не болар күннен соң

Күн не болар айдан соң,

Кұлпырып тұрғаи бәйшешек

Қурай болар солған соң...

Немесе


Қара арғымақ арыса,

Қарға адым жер мұң болар,

Есіл көзден нұр тайса,

Бір керуге зар болар.

“Тоныкөк” жырының авторы құбылтудың гипербола яки ұлғайту әдісін шебер қолдану арқылы сөздегі суретті түрлендірігіп жібереді:

Табғаш оғыз, құтан —

Бұл ушеуі біріге қалса, біз

Өз іші-тысымызды ұқтап қала алмаспыз.

Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифраз секілді болып келеді. Мәселен, “Күлтегін” жырында автор “адамдар” деп айтудың орнына “ел-жұрт”, “адамзат ұлдары” деген сөз тіркестерін қолданады. Осы жырдың өзінен төмендегідей нақышты сөздерді оқуға болады:

Жоғарыдан тәңірі баспаса,

Төменде жер айрылмаса...

Енді Білге қаған жырынан бір мысал келтірейік:

Тоғыз оғыз халқы —

Өз халқым еді.

Көк пен Жердің ашуынан

Ол (халық) бізге жау болды.

49

Ежелгі түркі поэзиясының біз әңгіме етіп отырған үлгілерінде метономия да, антитеза да, эпитет те кеңінен қолданылғанын көреміз. Әсіресе, суреттеп отырған заттың немесе құбылыстың айрықша сипатын айқындар түсетін тұрақты және әдеттегі эпитеттер бұл жырларда сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен қолданылған. Мәселен, мынадай тұрақты эпитет сөздер жиі ұшырайды: “мәңгі жас”, “пәк қыздар”, “көрер көзім”, “қасиетті жер-су” (Отан деген мағынада), “көк тәңірі”, “қара жер”, “шырын сөз”, “қызыл қан”, т. б. Енді әдеттегі, харапайым эпитетке мысал келтірейік: “боз ат”, “торы ат”, “жалтақ кісі”, “білгір қаған”, т. б.



Бұл жырларда айтар ойды нақты, қысқа түрде, әрі бейнелі етіп жеткізу үшін қолданылған кейбір ұтымды сөз тіркестері мақал-мәтел сияқты есітіледі:

Бұл сөзімді мұқият тыңда,

Терең ұқ.

Жырақ болса, жаман сыйлық берер,

Жақын болса, жақсы сыйлық берер...

Іші — ассыз,

Сырты — тонсыз...

Өлімнен ұят күшті.

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды.

“Күлтегін” мен “Тоныкөк” жырларына тән тағы бір жәйт — бұл жырлардың кіріспесінде және қорытынды бөлімдерінде лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастап, асқақтап сөйлеу сияқты эмфатнкалық дауыс ырғағы басым болады. Мұның өзі оқырманның сезімін жандандырып, оны тез әсерлендіру үшін жасалғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қарт данышпан Тоныкөктің бүкіл түркі еліне қарата айтқан мына бір монологы бұған толық дәлел болса керек:

Мен былай дедім:

— Мен білге Тоныкөкпін.

Алтын қойнауын асып келдік

Ертіс өзенін кешіп келдік

(Кім) Келсе де “батыр!”—дедім.

(Олар біздің ойымызды) білмейді.

Тәңірі Ұмай, қасиетті жер-су

Жеңіс берген екен

(Жау) көп деп неге қашамыз?!

Азбыз деп неге қорқамыз?!

Неге (оларды) басындырамыз?!

Шабамыз!— дедім,

Шаптық. Қудық.



50

Әсіресе, Күлтегін жырының қорытынды бөлімі менілінше әсерлі, оқырманның жан-жүрегін тебірентетіндей етіп жазылған:

Шешем — қатын, (онан) соңғы аналар3,

Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,

Тірілерің түгел күндікте болар едіңдер,

Өлгендерің жұртта, жолда жатар едіңдер.

Күлтегін жоқ болса,

Бәрін, (де) өлімші едіңдер,

Інім Күлтегін қаза болды.

Өзім қайғырдым.

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды,

Өзім қайғырдым.

Тағдырды тәңірі жасар,

Адам баласы бәрі өлгелі туған.

Қайғырғаным соншама,

Көзге (ыстық) жас келер,

Көңілге ауыр шер келер.

Шексіз қайғырдым,

Қатты қайғырдым;

Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері — мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан да, өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі поэзиясының нағыз класснкалық үлгілері болып табыпады.

Композициялық Орхон жазба ескерткіштері композициялық

құрылысы құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Идеялық мазмұны Бұл ерекшеліктер сол дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек. Біз әңгіме етіп отырған “Күлтегін”, “Білге қаған” және “Тоныкөк” жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.

Тасқа қашап түсірілген бұл жазулардың әрбір руналық жолында, яғни құлпытастағы әрбір қатар жазуда бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек айтсақ ұзыннан-ұзақ етіп құлпытасқа бедерлеп жазылған руналык бір жол жазудыд өзі — бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен (яғни бір циклға қамтылған сөйлемдерден) тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір циклдан екінші циклға беріліп жатады.

Бір цикл көлемі жағынан — руналық жазудың бір жолына шамалас болып келеді.

51

“Күлтегін” (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. Әрбір цикл — мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші циклы — қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі, екінші цикл — Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді, үшінші цикл — түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді, төртінші цикл — көршілес табғач халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме, бесінші цикл — табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайында хикая, алтыншы цикл — түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған, жетінші цикл — түркі



халқының данқын көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған жыр, сегізінші цикл — осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған._

Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдың өзі міндетті түрде мынадай үш элементтен тұратын болған: 1. Оқиғаның басталуы;

2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;

3. Осы циклда айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні. Мәселен, “Күлтегін” (кіші жазу) жырының екінші циклын мысал етіп келтірейік. Екінші цикл — Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған:

Тоғыз оғыз бектері, халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда,

Терең ұқ.

Ілгері — күн шығысында,

Оң жақта — күн ортасында1,

Кейін — күн батысында,

Сол жақта — түн ортасында2,

Осының ішіндегі халықтың бәрі

Маған қарайды!

Халықты осыншама көбейттім!

Міне, осы циклдің алғашқы үш жолы -басталуы — қол астындағы халыққа қарата үндеу сөз; одан кейінгі төрт жол өлең -өрістеуі — Түрік қағанаты жерінің кеңдігін арналған; циклдың соңындағы екі жол циклдың түйіні — түрік елінің жері кең, ал екені айтылады.

Сөйтіп, Күлтегін (кіші жазу) жырында сегіз цикл



1 Оқтүстік.

2 Солтүстік.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет