Қазақ филологиясы кафедрасы


Тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Дәріс мазмұны



бет19/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы
Дәріс мазмұны:

  1. Тұрмағанбет Ізтілеуұлы өмір жолы

  2. Тұрмағанбет Ізтілеуұлы шығармалары

  3. «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдері

Дәріс мақсаты: Тұрмағанбет Ізтілеуұлы өмірбаянымен таныстыра отырып, шығармаларындағы негізгі идеяны табу.

Ізтілеуов Тұрмағамбет (1882-1939) - халық ақыны, аудармашы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан.


Бұқара қаласында әуелі «Мир араб» (1896-1899), кейін « Көкелташ» медресесінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. «Көкелташ» медресесінде тәжіктің классик жазушысы Садриддин Айнимен достасып, студенттер арасында қабырға газетін шығарып тұрған. Өзі медреседе оқып жүріп, Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.
1905-1925 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, 1936-1937 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. 14 жасында «Қара қоңыз» тұңғыш мысал өлеңін, 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғаш дастанын шығарған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану»,тағы басқа да оннан астам дастан жазған.
Т.Ізтілеуовтің шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды.
Ақынның сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», тағы басқалары жатады. Сондай-ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты. Т.Ізтілеуов табиғат тақырыбында «Жыл келді», «Сыр бойы», тағы басқа өлеңдер жазды.
Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Ізтілеуовтің жазба айтыстарын діни айтыс («Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы»), хат айтыс («Тұрмағамбет пен Жүрсеннің айтысы», «Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы»), жұмбақ айтыс («Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы»), мысал айтыс («Көк құтан мен шымшық») деп жіктеуге болады. Т.Ізтілеуов бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі - топтық өнер жарысын қалыптастырды. «Алты ақынның өмірі туралы айтысында» поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың түрлі қасиеттеріне теңестіріліп жасырылады.
Т.Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. «Тұрмағамбеттің өзіне тән бір жаңа жанрды атауымыз керек. Ол - Тұрекеңнің өзге ақындардың айтыстарына айтқан аралық сөздері» дейді бұл туралы академик М.Қаратаев. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді.
Ақын 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т. б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем - Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем - Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті Қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Т.Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, «Назым» деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Ізтілеуовтің «Рүстем - Дастанын» жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. Ұ.Жаңбыршиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады. Ақын қолжазбалары Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
1980 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовке туған жерінде ескерткіш орнатылды. Қармақшы ауданындағы Ленин кеңшарына, бір көшеге ақынның есімі берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет