Қазақ филологиясы кафедрасы


Баспаға жетпей тәркіленген құндылық



бет39/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Баспаға жетпей тәркіленген құндылық
Жазушы көз жұмар алдында әйелі Әлфияға қаламынан туған туындыларын Алматыдағы жолдастарына жеткізуді, кітап қылып басып шығаруды аманат етіп кетеді. Бұл туралы жазушының балдызы Айман Атантаеваның мынадай естелігі бар:
«Жиенғалидың өсиеттерін орындау үшін апам екеуміз ақылдасып, жездемнің бүкіл жинақтарын, үй-құрал заттарымызды багажға беріп, өзіміз Алматыға көшіп кеттік. Барғасын Жиенғалидың жолдастары апамды жақсы қарсы алып, үй беріп, өзін Қазиздатқа секретарь-машинистка етіп алды.Жездемнің қолжазбаларын кешікпей баспаға беріп, кітап етіп шығаратын болды. Оған біздер қуандық. Бірақ та бұл қуанышымыз ұзаққа бармады. Апам ажарлы әрі жас (28 жаста) еді. Жиенғалидың бір жолдасы апама көз қырын салған. Оған апам көнбей, қатты сөздер айтқан. Ол кісі көнбегесін, ерегесіп, станция бастығына айтып, багажымызды бергізбей қойды. Алматыда 6 айға дейін багаж иесіне тимесе, торгке салып сатқызатын. Бір күні Жиенғалидың бір жолдасының үйіне барса, өзінің заттарын көреді. Жарыққа шығарам деп, көзінің қарашығындай сақтап жүрген Жиенғалидың қолжазбаларынан айырылып, әрі жұбайының қайғысын көтере алмай апам ауруға шалдықты. Кейін өзіне қастық істеген кісіні ұстап алып кеткенін естіп: «Мені жылатып еді, өзінің де бала-шағасы жылап қалыпты», — деді. (Ол кісінің атын ұмыттым). Апам 1936 жылы науқастан айыға алмай қайтыс болды».
Осылайша қайратты қаламгердің дүниелері қолдан-қолға кетіп қор болады. Алайда, араға ғасыр уақыт салып оның шығармашылығы оқырманымен қайта қауышады.
24- дәріс
Тақырыбы: Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы
Дәріс мазмұны:

  1. Нарманбет Орманбетұлы өмір жолы

  2. Нарманбет Орманбетұлының «Сахараға қарасақ», «Мектеп бастығына», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Тілекті хақ берген күн», «Дауысың қалай ашылды», "Ұран" шығармалары.

Дәріс мақсаты: Нарманбет Орманбетұлының шығармашылық жолындағы «Сахараға қарасақ», «Мектеп бастығына», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Тілекті хақ берген күн», «Дауысың қалай ашылды», "Ұран" өлеңдерінің негізгі тақырыбын салыстыра отырып, құрылсына талдау.


Нарманбет Орманбетұлы 1860 жылы Қарқаралы уезінде дүниеге келген. Жастайынан оқу білімге зеректік танытқан Нарманбет алғашқы сауатын ауыл молдасынан ескіше хат танып ашады, кейін ол білімін азсынып, 14 жасында Қарқаралы қаласына келіп, ноғай көпестің үйінде жатып, екі жылдық орыс мектепбінде оқиды. Осыдан соң, әрі қарай өз бетінше ізденіп, түрлі мұсылманша және орысша әдебиеттерді аударыстыра жүріп өздігінен білім жинақтайды. Табиғатынан зерек жаратылған бала жігіт, ғұламал еңбегімен сусындап, оны халыққа тарата жүріп, ел арасында шешен деген атауға ие болады. Ол өзінің алғашқы өлеңдерін 14 жасында жаза бастаған. Оның ақындық бағыттағы өз жолын табуына 20 жасында Абай поэзиясымен танысуы ықпал етеді. Абай шығармалары Нарманбет үшін поэзия әлеміндегі негізгі бағыт-бағдар болды.
Кейіннен, кеңес үкіметі орнап, аққұлақтар мен олардың жандайшаптары қазақты оның мәдениетін түп тамырымен құртуды қолға ала бастаған шақта, Н.Орманбетұлы «зар-заман» ақындарының қатарына жатқызылып, өлеңдері қоғам санасы кері әсер етеді деген желеумен, оқуға, таратуға тыйым салынып, архивтерде шаң басып қалады.
Нарманбет поэзия әлемінде Абай дәстүрімен сабақтаса отырып өз өлеңдерінде бірінші кезекті өмір шындығын, қоғамда орын алып жатқан әділетсіздіктер мен патшалық Ресейдің жүргізіп отырға отаршылдық саясатының мәнін ашып көрсетеді. Жастарды оқу-білім жинауға, сол арқылы ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан бодандықтың қамытынан құтылып, іргелі ел болуға үндейді. Өзара жауласып, бас біріктіре алмай жүрген ағайынды татулыққа, бірлікке шақырады.
Ақын, 1905 және 1917 жылғы болшевиктік партияның көтерілістеріне жақтасып, комунисттер езілген елге азаттық алып береді, Қазақты патшаның тепірішінен құтқарып, уәде еткен азат та бақытты өмірге жетелейді деген сенімде болған. Осы кезеңдерде жазған өлеңдерінің басым көпшілігі, әлеуметтік бағытта болады.
Шығармалары: «Сахараға қарасақ», «Мектеп бастығына», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Тілекті хақ берген күн», «Дауысың қалай ашылды», "Ұран", "Әлемді жұтқан айдаһар, мерт болып бүгін өлген күн, «Тілекті хақ берген күн», "Ұран", "Қариялар қайдасың?", «Азаматтар, қайдасың?», «Ақындарым қайдасың?» т/б.
Ақын 1918 жылы Қарқаралы уездік соттың төрағасы болып жүрген кезінде қайтыс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет