Қазақ филологиясы кафедрасы



бет40/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Он үшінші апта

25- дәріс


Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов өмірі мен шығармашылығы
Дәріс мазмұны:

  1. Жүсіпбек Аймауытов өмірі

  2. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығы

Дәріс мақсаты: Поэмалық шығармаларының ерекшеліктері мен өзге әдебиет өкілдерінің шығармаларымен салыстыру.


Жүсіпбек 1889 жылы Семей губерниясының павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші аулында туған. Әкесі шағын шаруалы адам болған, қолынан іс келетін қолөнерші болған, ал шешесі бүкіл бір ауылдың киімін тігетін ісмер болған және өз жанынан өлең шығарып, ауыл арасындағы айтыстарға түсе беретін өнерлі адам болған. Міне, осындай өнерлі отбасынан шыққан Жүсіпбек те жастайынан зерек болып өседі. Әуелгі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Сол сияқты тиіп-қашып әр қилы молдалардан, атап айтқанда Жүсіп қожа, Шаймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан молдалардан ескіше біраз білім алады. Содан кейін өзі де молдалық құрып, бала оқытады («Қартқожа» романында Ж.Аймауытов бала молда ретінде өз өмірінің осы тұсын суреттеген). Ж.Аймауытовтан қалған мұра мол. Оның ішінде «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әңгімелері, «Рабиға», «Шернияз» атты пьесалар, өлеңдер мен «Нұр күні» атты поэмасы, балаларға арналған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» сияқты ертегі суретті кітапшалары, сын мақалалар мен көптеген аудармалар мен оқулық кітаптар бар. Жүсіпбек әдеби шығармашылығын ақындықтан бастаған адам. Бірақ өлеңдері жиналып басылмай, кезінде жарық көрген күнделікті баспасөз беттерінде қалған. Бізге жеткен поэзиялық туындыларының ішінде «Сарыарқаның сәлемі», «Ах-ха-хау», «Көшу», «Ұршығым, Жәмила», «Әскер Марсельезасы», «Тұңғиық, түпсіз астында», «Ленинге» және т.б. өлеңдер мен «Нұр күні» атты поэма бар. Жүсіпбектің ақындық шығармашылығында «Интернационал» мен азамат соғысы кезінде туған «Молодая гвардия» («Жас әскер») өлеңінің аудармасы айрықша маңызды. Интернационалдың осы Жүсіпбек аударған нұсқасы кейінгі аудармалардан әлдеқайда жоғары тұрғанын жұрттың бәрі де мойындайды. Ж.Аймауытовтың бірталай әңгімелері бар. Олар – «Бетім-ау, құдағи ғой»(1918), «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Оралдан поезд өткенде», «Қойшы Тастамақ», «Жаңа өмірге аяқ басты», «Жедебайдың баяндамасы»(1924), «Жеті азбан», «Көшпелі Көжебай», «Жол үстінде», «Әнші»(1925), «Боранды болжағыш әулие»(1926), «Ханалар тарихы»(1927) т.б. Бұлар да сол кездегі газет-журнал беттерінде жарияланған(Атап айтқанда «Ақжол», «Сарыарқа», «Жас қазақ», «Лениншіл жас», «Еңбекші қазақ», «Қосшы», «Терме», «ӘІйел теңдігі»).Жүсіпбектің шығармашылығының тағы бір алуан саласы роман жанрынан тұрады. «Қартқожа» романы 1926 жылы Қызылорда қаласында (Қазалы мемлекеттік баспасында) жеке кітап болып басылып шықты. Бұл – қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы көлемді шығармасы. Мұнда қазақ ауылының төңкеріс алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысты шыншылдықпен бейнеленеді. әсіресе, жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. «Ақбілек» - жазушының көзі тірісінде жеке кітап болып үлгермеген шығарма. Ол 1927-1928 жылы «Әйел теңдігі» журналының бірнеше санында жарияланған. Романда феодалдық-рушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең праволы азамат болуы бейнеледі. Романда автор тым оқиға қуалап кетпейді. Сол үшін ішкі монологтарға, қаһарманның ішкі сезім дүниесін ашуға оңтайлы жағдайлар жасап отырады. Сол сияқты ол пейзажды қаһарманның ішкі дүниесімен қапталдастыра суреттеуде де шеберлігін көрсетеді. Бұдан туатын қорытынды – Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетінде көркем характер жасау құралдары жүйесінше психологизмді барынша кең енгізген жазушы екендігі.

26 – дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет