Қазақ филологиясы кафедрасы


Сәкен (Сәдуақас ) Сейфуллин



бет43/70
Дата04.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#171021
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Байланысты:
?àçà? ôèëîëîãèÿñû êàôåäðàñû

Сәкен (Сәдуақас ) Сейфуллин қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болды, Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды
Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымен бедерлі айғақтайтын туындылары - "Кел, жігіттер", "Жас қазақ марсельезасы", "Жұмыскерлерге", "Жолдастар" сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ "Советстан", "Көкшетау", "Альбатрос", "Социалистан", "Қызыл ат" поэмалары. Проза саласында "Жер қазғандар", "Айша", "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда", "Жемістер" повестері мен "Тар жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық роман жазған. "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драмалары - өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар

Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек сіңірген С. Сейфуллин әдебиеттің басқа жанрларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның әдеби-сын мақалалары, баяндамалары мен сөйлеген сөздері ұлттың мәдени-рухани өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігін танытады. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін құнын жоймаған. "Қазақ әдебиеті" атты зерттеу еңбегінің мәні зор
Сәкен - қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені оның идеялық дем берушісі, коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне пайдаланбақшы болып, жан-тәніменқимылдады

Алайда, мемлекеттік төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың тағдырын парықтағанда олар қандай жолды таңдағаны бойынша бағаланбау керек, халқына қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі татитын мұра қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс. Тарихи әділдіктің де, ғылыми-әдіснамалық объективті ұстанымның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен - халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлған. 
28 - дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет